Құралдар мен материалдар: гимнастикалық орындық (орындықтың биіктігі – 35 см, ені – 20 см) – 4 дана, құм толтырылған қапшықтар (бала санына қарай), доптар (бала санына қарай).
Билингвалды компонент: спортшы – спортсмен, епті – ловкий, батыл – смелый, жылдам – быстрый, сәлеметсіз бе – здравствуйте, сау болыңыз – до свидания
ҰОҚ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Ерекше жаттығуға қатысуға шақырады.
Балалар, біз бүгін спортшы боламыз. Спортшылар қандай қасиеттерге ие?
II. Негізгі кезең.
Ойын түріндегі жаттығу: «Жинақылыққа үйренейік».
Бір-бірден сапта жүру, баяу қарқынмен жүгіру – бір минут; мұрын арқылы тыныс алу, жүгіргенде адымдардың қарқыны мен ырғағын сақтау. Демді қалпына келтіру.
Доппен жалпы дамытатын жаттығулар орындау.
Жаттығулардың ырғақпен орындалуына назар аударады.
Негізгі қимыл-қозғалыстарды орындау:
Ойын түріндегі жаттығу: «Епті боламыз».
Тәрбиеленушілер залдың бір жағына екі қатарға тұрады. Қатар бойынша допты қарсы әдіспен лақтырады.
Бір орында түрегеп тұрып допты бастан асыра лақтыру. Нұсқау: бүгілген қолдарын екпінмен түзетеді, доптың соңынан тек белгі берілгеннен кейін ғана жүгіреді, залды сол және оң жақтан айналып өту.
Ойын түріндегі жаттығу: «Әдемі болайық».
Қолын белге таянып, төбесіне қапшық қойып, гимнастикалық орындық үстімен жүру. Қапшықты құлатып алмас үшін дене мен басты тік ұстауға назар аудару.
Қимыл-қозғалыс ойыны: «Орманға аюға қонаққа бардым».
Ойын тәртібін түсіндіру, санау әдісі арқылы «аюды» таңдап алу, «аю» балаларды киімінен тартпай, оларға тек қолының ұшын тигізуге тырысады.
Ұйымдастырылған оқу қызметі барысында педагог балалармен жеке-жеке жұмыс істейді. III. Қорытынды кезең (Рефлексия).
«Мен ... » жаттығуы.
Шеңберде тұрады. Еркін дем алады, демін мұрын арқылы асықпай шығарады. Өздерін әртүрлі бір жануардың немесе адамның орнында сезінеді: Мен арыстандай айбаттымын.
Педагог қорытындылайды, балаларды мадақтайды. Тәрбиеленушілердің назарын денешынықтыру сабақтарында балалардың өсетініне, күш қосатынына аударады.
Достарыңызбен бөлісу: |