Денешынықтыру


Ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары № 58



бет227/390
Дата07.02.2022
өлшемі353,16 Kb.
#88022
түріБағдарламасы
1   ...   223   224   225   226   227   228   229   230   ...   390
Байланысты:
2 5404868312226072454

Ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары № 58


Білім беру саласы: Денсаулық. Таным Бөлімі: Денешынықтыру.
Тақырыбы: Сиқырлы гүл
Мақсаты: Дене шынықтыру жаттығуларының денсаулықпен байланысы туралы түсініктерін қалыптастыру.
Міндеттері: қолдарын шынтақтың тұсынан бүгіп, екпінді тездетпей және баяулатпай қысқа-қысқа адымдармен бірқалыпты жүгіруге үйретуді жалғастыру. Қос аяқпен екпінмен итеріліп, 5 жіптен кезекпен секіру және жерге аяқтың ұшымен жеңіл түсу, бойды тіктеп, табанды тіреп тұру қабілетін нығайту. Төрт аяқтап еңбектеу және заттар арқылы еңбектеп өту (жұмсақ модульдер) қабілетін жетілдіруді жалғастырамыз. Үйлесімділік қабілетін, организмнің жалпы төзімділігін дамыту, дұрыс тыныстауға дағдыландыру.
Денешынықтыру мен денсаулық арасындағы байланыс туралы түсінік қалыптастыру; спортпен шұғылдануға тәрбиелеу, салауатты өмір сүруге дағдыландыру. Өз денсаулығын күте білуге тәрбиелеу. Күтілетін нәтиже:
жасайды: баяу қарқынмен жүру және жүгіру, саусақтарға арналған гимнастика, жіп арқылы қос аяқпен секіру, модульдерден өрмелеп өту, ойындағы рөлдік қимылдарды. түсінеді: адымдардың қарқыны мен ырғағын өзге балалармен үйлесімді етіп орындау, кедергіден өрмелеп өткен кезде (жұмсақ модульдер) аяқ пен қолды кезектестіріп қимылдату әдісін. қолданады: алақаны мен тізесін тіреп төрт аяқтап еңбектеу; баяу қарқынмен жүгіру, жіптен (сызықтан) аттап өткенде жерге табанын толық басып, бойын тіктеу қабілетін. Құралдар мен материалдар: 5 жіп, гимнастикалық орындық (орындықтың биіктігі – 35 см, ені – 20 см) – 4 дана, жұмсақ модульдер – 2 дана, гүл (жапырақтарында тапсырмалар жазылған), ойнауға арналған шеңберлер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   223   224   225   226   227   228   229   230   ...   390




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет