Билингвалды компонент: гүл – цветок, тізбекте бір-бірден жүру – ходьба в колонне по одному, баяу жүгіру – бег медленный, сәлеметсіз бе – здравствуйте, сау болыңыз – до свидания
ҰОҚ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Саусақтарға арналған гимнастика: «Гүл».
Гүлдер, гүлдер, көп гүлдер, Қызыл гүлдер, көк гүлдер. Өсе берші нұрланып, Өсе берші ырғалып.
Гүлдер нәзік болады Қаулап өсіп толады. Қарамасаң аялап, Солып, қурап қалады.
Ерекше гүлмен мұқият танысуға шақырады (оның жапырақтарында тапсырмалар жазылған).
II. Негізгі кезең.
Тізбекте бір-бірден жүру; баяу ырғақпен жүгіру – бір минут; мұрын арқылы дем алу, қарқын мен адымдардың ырғағын сақтау. «Гүлдер» – ойын түріндегі гимнастика.
Негізгі қимыл-қозғалыстарды орындау:
5 сызық арқылы (бір-бірінен 0,5 метр қашықтықта орналасқан 5 жіп) қос аяқпен секіру.
Жерге түскеннен кейін табанын толық басып, бойын тіктеу қабілетіне назар аударады. Тәрбиеленушілер қозғалысты бастауға арналған сызықтардың жанында сапқа тұрады. Екі аяқпен 5 арқан арқылы ретімен секіреді және өз тізбегіне барады. Тынысты тоқтатпай жеңіл секіруге тырысады. Екі аяқпен екпінді түрде итеріледі. Аяғының ұшымен түседі, жерге түскеннен кейін түзеледі, бүкіл табанымен тұрады.
Модульдер арқылы өрмелеп өту.
Ойын түріндегі жаттығу: «Ең жылдам».
Модуль арқылы өрмелеп өткенде аяқ пен қолды ізбе-із қимылдату қажеттігін балалардың есіне салады.
Тәрбиеленушілер залдың бір жағына қатарға тұрады.
Педагог есімдерін атаған балалар сызыққа жақындайды, төрттағандап тұрады және педагогке қарай еңбектейді, модульдерден еңбектеп өтеді.
Жаттығуды орындағаннан кейін залдың қарама-қарсы жағына педагогтің қасындағы қатарға тұрады.
Қимыл-қозғалыс ойыны: «Қарлығаш».
Айналдыратын шеңберлерді залдың әр жеріне тастайды. Жүргізуші рөлін орындау. Ойынды тренинг: «Тыныштықты тыңдаймыз». Тәрбиеленушілер денелерін еркін қалыпта ұстап кілемде отырады, тыныштықта не естігендерін қиялдайды.
Ұйымдастырылған оқу қызметі барысында педагог балалармен жеке-жеке жұмыс істейді.
III. Қорытынды кезең (Рефлексия).
ҰОҚ-ны қорытындылайды, балаларды ынталандырады. «Тыныштыққа құлақ түр» – ойын түріндегі тренинг өткізеді. Тапсырманы орындағаннан кейін гүлге жақындап, иіскейді, одан қуат алады.
Достарыңызбен бөлісу: |