Денешынықтыру



бет279/390
Дата07.02.2022
өлшемі353,16 Kb.
#88022
түріБағдарламасы
1   ...   275   276   277   278   279   280   281   282   ...   390
Байланысты:
2 5404868312226072454

ІІ. Негізгі кезең.
Жүру. Қолға арналған тапсырма – қолды екі жаққа, жоғары, алға созу.
Бағытты өзгерте отырып, алаңмен баяу жүгіру (1 мин), тыныс алуды қалпына келтіру. Жүру. 2 тізбекке қайта тұру.
Бір-бірден тізбекке тұру.
«Биік және аласа» жаттығуы.
«Алыптар мен ергежейлілер» жаттығуы.
Суық тиіп сырқаттануың алдын алуға арналған массаж: «Сақал».
Иә, иә, иә – атамда бар сақал.
Ын, ын, ын – сақалы оның ұзын.
Ра, ра, ра – тарақпен тара.
Ан-ан-ан – сақал қандай жаман.
Қи-қи-қи – сақалды қи. Оқ-оқ-оқ – сақал енді жоқ.
Негізгі қимылдарды орындау:
1. Жүру. Қолға арналған тапсырма – қолды екі жаққа, жоғары, алға созу. Бағытты өзгерте отырып, алаңмен баяу жүгіру (1 мин), тыныс алуды қалпына келтіру. Жүру. 2 тізбекке қайта тұру.
«Гол соқ». Спорттық ойын элементтері – футбол.
2 метр қашықтықтан қақпаға допты соғу.
Педагог допты аяқпен екпінді түрде ителіруіне және доптың қақпаның ортасына бағытталуына назар аударады. Жаттығуды орындау: тәрбиеленушілер қозғалыс басталатын сызыққа жақындайды, допты белгіге дейін алып барады, педагогтің белгісі бойынша оның артынан жүгіреді және допты аяғымен келесі ойыншыға домалатады, тізбектің соңына барып тұрады.
«Шеңберге тұр»
Алаңның әр жағында педагог әр түсті бір-бір кегельден қойып шығады, балалардың бір тізбегі қызыл түсті кегельді айнала, екіншісі – жасыл түсті кегельді айнала тұрады. Педагогтің «Серуенге?» деген бегісі бойынша барлығы түрлі бағытта жүгіреді. «Өз түсіңді тап!» деген келесі белгі бойынша балалар өз орындарына барып, шеңбер жасайды.
2. Қолға арналған тапсырмалармен жүру: қолдарды жан-жаққа, жоғары, белге, алға соз.
Ұйымдастырылған оқу қызметі барысында педагог балалармен жеке-жеке жұмыс істейді.
III. Қорытынды кезең (Рефлексия).
ҰОҚ-ны қорытындылайды. Балаларды ынталандырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   275   276   277   278   279   280   281   282   ...   390




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет