Білім беру саласы: Денсаулық. Таным Бөлімі: Денешынықтыру.
Тақырыбы:Тиін бізге қонаққа келді
Мақсаты: Лақтыру және секіру дағдыларын қалыптастыру.
Міндеттері: көлбеу тақтаймен жоғары өрмелегенде аяқ пен қолдың қимылдарын үйлестіруге үйрету. Затты алысқа лақтырған кезде қолды иықтан алға-жоғары көтеру және күшпен лақтыру қабілетін жетілдіру. Құрсаудан-құрсауға кезекпен, қос аяқпен бір уақытта секіру және жерге түскенде аяқты жартылай бүгіп түсуге үйрету. Дене тәрбиесімен айналысуға, епті әрі шапшаң болуға деген қызығушылығын ояту.