Білім беру саласы: Денсаулық. Таным Бөлімі: Денешынықтыру.
Тақырыбы: Ғарышқа саяхат
Мақсаты: Допты екі қолмен қайта ұру және 3 зат арқылы аттап өту дағдыларын қалыптастыру.
Міндеттері:допты қос қолдап еденге ұру, допты саусақтарын жазып ұру және допты үстіңгі жағынан аздап басуды үйрету. 3 зат арқылы кезекпен секіру қабілетін нығайту, жерден күшпен итеріліп, жерге жартылай бүгілген аяқпен жеңіл түсу қабілетін жетілдіру. Балалардың ой-қиялы мен зейінін; үйлестіру қабілетін, организмнің жалпы төзімділігін, икемділігін дамыту. Қоршаған ортаны аялай білуге тәрбиелеу. Күтілетін нәтиже: жасайды:допты екі қолмен еденге ұру, заттардың үстінен қос аяқтап секіру жаттығуларын, ойындағы рөлдерді. түсінеді: «ғарышкер, зымыран, жұлдыздар» сөздерінің мағынасын, өз қимылдарын командамен үйлестіріп жасау қажеттігін, саптағы өз орнын тез табу, допты еденге қос қолмен ұрғанда бастапқы қалып сақтау қажеттігін.
қолданады: ырғақты гимнастиканы орындау, жерден екі аяқпен бір уақытта итеріле секіру қабілетін, жерге тізені сәл бүгіп түсу, педагогтің белгісі бойынша жылдам тоқтау, тиісті тапсырмаларды орындау қабілетін, адымын кең ашып және кішкентай адымдармен жүру, кеңістікте көзін жұмып бағдар табу қабілетін.