Құралдар мен материалдар: ғарыш музыкасы, гимнастикалық қабырға, биіктігі – 10 см поролон текшелер – 4 дана, модульдер, артына қоңырау ілінген бұлт модульдері, түрлі түсті беторамалдар – 4 дана.
Билингвалды компонент: ғарышкерлер – космонавты, аяқтың ұшымен жүгіру – бег на носках, өкшемен жүру – ходьба на пятках, сәлеметсіз бе – здравствуйте, сау болыңыз – до свидания
ҰОҚ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
Ғарышкер болып ойнау туралы ұсыныс жасайды. «Байқоңыр» ғарыш айлағына саяхаттауға шақырады.
II. Негізгі кезең.
Бір-бірден сап түзеп жүру. Аяқтың ұшымен жүру және өкшемен жүру жаттығуларын кезекпен орындау – жүгіргенде аяқтың ұшын басады, жүргенде тізесін бүкпей, өкшемен жүреді.
Ойын түріндегі жаттығу: «Тоқта!». Жүру, «шашырап» жүгіру. «Тоқта!» деген бұйрық берілгенде – бір орында қозғалмай тұра қалады.
Негізгі қимылдарды командалық жарыстар түрінде орындау.
Заттардың үстінен қос аяқтап секіру (биіктігі – 10 см). Секіру жаттығуларының қалай орындалатынын түсіндіру: қолды алға шығарып, екі аяқпен екпінмен итеріле секіру. Оңға қарай қосалқы адым жасап (3 кермеден) гимнастикалық қабырғаның бір аралығынан екіншісіне өте отырып өрмелейді – «бұлтқа қолын тигізеді». Балалардың гимнастикалық қабырғамен өрмелеген кезде аяқ пен қолды үйлесімді қимылдатуына назар аударады (аралықтан-аралыққа өту, тепкішектерді ұстау).
Балалардың зейінін жаттықтыру.
Қимыл-қозғалыс ойыны: «Кім шапшаң?». Төрт жетекшіні таңдап алады. Түрлі түсті жұлдызшаларды таратып береді.
Ұйымдастырылған оқу қызметі барысында педагог балалармен жеке-жеке жұмыс істейді.
III. Қорытынды кезең (Рефлексия).
ҰОҚ-ны қорытындылайды, балаларды ынталандырады.
Релаксация (музыканың ырғағымен): «Ғарыштағы түс». Етпетінен жатып, «жұлдыз» позасында демалуды ұсынады, ғарышта қандай түс көргенін айтып берулерін сұрайды
Достарыңызбен бөлісу: |