71 Тақырыбы: Жас өрт сөндірушілер
|
Мақсаты: заттардан аттап өту, тізелерін жоғары көтере отырып жүру дағдыларын бекіту.
Міндеттері: аздап жоғары көтерілген баспалдақтың тақтайшалары арқылы аттап өтуге, тізені жоғары көтеріп, аяқты ұшымен қоюға, денені тік ұстап, тепе-теңдікті сақтауға үйретуді әрі қарай жалғастыру. Оңға қарай қосалқы адымды тізені көп бүкпей, арқа мен басты тік ұстап орындау қабілетін дамыту. Еденде бүйірімен тұрған баспалдақ тепкішектерінің арасымен еңбектеп өтуге жаттығу, дененің күшін арттыру, ептілікке баулу. Өзгелерге көмектесуге, тапқырлыққа тәрбиелеу.
|