Денешынықтыру


Ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары № 51



бет214/390
Дата07.02.2022
өлшемі353,16 Kb.
#88022
түріБағдарламасы
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   390
Байланысты:
2 5404868312226072454

Ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары № 51


Білім беру саласы: Денсаулық. Әлеумет Бөлімі: Денешынықтыру.
Тақырыбы: Біз өсіп келеміз. (Таза ауада өткізу)
Мақсаты: Шаңғымен жүру дағдысын қалыптастыру.
Міндеттері: шаңғыны киюге және шешуге, дайындық жаттығуларын орындауға үйрету. Бір орында түрегеліп тұрып қар лақтыру, бүгілген қолдарды екпінмен түзету арқылы қардың лақтыру күшін арттыру. Дұрыс жүру рефлексін қалыптастыру, дамыту. Күтілетін нәтиже:
жасайды: дайындық жаттығулары, шаңғымен жүру.
түсінеді: шаңғыны алып жүргенде қауіпсіздік техникасын сақтау. қолданады: кеңістікті бағдарлау, қар үйінділерімен жүрген кезде тепе-теңдікті сақтау білігі.
Құралдар мен материалдар: гимнастикалық тақтай (ені – 15 см) – 2 дана, құм толтырылған қапшық (бала санына қарай), балалар санына қарай доп, өрмелеп өтетін доғалдар.
Денсаулық сақтау технологиялары: Саусақтың ұсақ моторикасы мен зейін қою қабілетін дамытуға арналған жаттығулар, тыныс алу гимнастикасы.
Билингвалды компонент: епті – ловкий, батыл – смелый, сәлеметсіз бе – здравствуйте, сау болыңыз – до свидания
ҰОҚ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
Жаңа жабдыққа назарларын аударады – шаңғылар. Тәрбиеленушілерге олардың неге арналғаны туралы айтып беруді ұсынады.
II. Негізгі кезең.
Шаңғымен жүру.
Тәрбиеленушілерге алдымен шаңғыны тексеріп шығуды, содан кейін ғана киюді ұсынады.
Мына ұғымдармен таныстырады: шаңғы, шаңғышы, бекітпе. Оларды қалай қарға қою керек екенін көрсетеді – алдымен оң жаққа бір шаңғыны, сол жаққа екіншісін.
Шаңғыларды қарға қою, аяқты шаңғы бекітпесімен бекіту.
Шаңғыда тұрып, біресе оң аяқты, біресе сол аяқты кезекпен көтеру.
Бір шаңғыны алға және артқа қозғау.
Шаңғыда тұрып аздап отырып-тұру.
Шаңғымен бірнеше адым жасау.
Шаңғымен жүру кезіндегі қауіпсіздік техникасына баса назар аудару.
Ойын жаттығуы: «Аттар».
Тәрбиеленушілер шаңғымен қарды жиі-жиі баса отырып жүгіреді. Педагогтің белгісі бойынша жүгіреді. Педагогтің белгісі бойынша барлығы тоқтайды және ойларындағы тізгінді тартады. Қауіпсіздік техникасы ережелерін естеріне салып отыру қажет. III. Ойын жаттығуы: «Үлкен және кішкентай». Тәрбиеленушілер қармен жүреді. Педагогтің «Қандай үлкен болдыңдар!» сөздеріне – барлығы шаңғымен тұрып түзеледі және қолдарын жоғары созады.
«Мынадай кішкентай болғанбыз» сөздеріне тәрбиеленушілер тоқтайды және сәл отырады.
III. Қорытынды кезең (Рефлексия).
Педагог қорытындылайды, балаларды мадақтайды.
Ойын жаттығуы: «Мен өсемін». Балалардың қалай өскенін көрсетуді ұсынады. Шаңғымен жүрудің биік, батыр болуға көмектесетініне назар аударады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   390




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет