Ойын: «Қасқыр мен лақтар».
Мақсаты: Алаңның бір жағынан екіншісіне қарай жүгіру қабілетін нығайтуды, ептілікке баулуды жалғастыру. Күтілетін нәтиже: жасайды:реттеу жаттығулары, бөрененің үстімен еңбектеп жүру, допты 2 метр қашықтықтан лақтыру, ойындағы рөлдік қимыл-қозғалыстар. түсінеді: жануарлардың қимылдары, орманда өз-өзін ұстау тәртібі, допты қарсы тұрған серіктесінің қолына лақтыру жолдарын. қолданады: қозғалыс бағытын өзгерте отырып, сапта бір-бірден «паровоз» болып қозғалу қабілетін, бөрене үстімен төрт аяқтап еңбектеу және бір-біріне доп лақтырып ойнау үшін жұпқа тұру қабілетін.