Білім беру саласы: Денсаулық. Әлеумет Бөлімі: Денешынықтыру.
Тақырыбы: Біз әскерміз сап түзеген
Мақсаты: Жаттығуларды орындау кезінде тепе-теңдікті сақтау дағдысын қалыптастыру. Міндеттері:қырлы тақтаймен жүрген кезде тепе-теңдікті сақтау (жалпақтабанның алдын алу) қабілетін жетілдіру. Еденде бүйірімен тұрған сатының тепкішектерінің арасымен жанаспай еңбектеуді, еңбектеген кезде бағытты солға және оңға қарай жылдам өзгертуді үйрету. Шектеулі алаңда қос аяқтап секіріп жаттығу. Ептілік пен үйлестіру қабілетін дамыту; отансүйгіштікке баулу. Күтілетін нәтиже: жасайды:педагогтің командасы бойынша жүру және жүгіру, қырлы тақтай үстімен жүру, еденде бүйірінен тұрған баспалдақ тепкішектерінің арасымен өрмелеп өту, тақтайдың үстінде қос аяқтап секіру жаттығуларын.
түсінеді: Жауынгерлердің – Отан қорғаушы екенін, жаттығуларды ізбе-із орындау тәртібін, аумағы шектелген жерде қалай секіру керектігін. қолданады: қырлы тақтайдың үстімен жүру және тепе-теңдік сақтау қабілетін, тақтай үстімен секірген кезде қос аяқпен бір уақытта екпінмен итерілу қабілетін, кеңістікте бағдарлау және өз орнын шапшаң табу қабілетін.