Мақсаты: футбол добымен ойнау дағдыларын қалыптастыру. Міндеттері: организмнің функционалдық мүмкіндіктерін арттыруға ықпал ету. Арқанның астымен еңбектеген кезде басын тигізбей өту кезінде топтасу қабілетін, ептілік пен икемділігін дамыту. Допты екпінмен итеріп, оның бағытын
сақтап қалу, көзбен өлшеу қабілетін нығайту. Кеңістікте бағдарлау, зейін қою қабілетін дамыту. Ұжымшылдыққа, бірге ойнауға тәрбиелеу.
4 Тақырыбы: Біз
– епті балалармыз.
Мақсаты: баланың қозғалыс қабілеті мен үйлесімділігін дамыту.
Міндеттері: бір орында қос аяқтап және бір аяқтап секіру, қол мен аяқтың қозғалысын үйлестіру қабілетін дамыту. Ырғақпен адымдау және сапта жүріп бара жатқанда педагогтің белгісі бойынша бағытын өзгерту қабілетін дамыту. Алақаны мен тізесіне сүйеніп түрлі бағытта еңбектеуге жаттықтыру, бірбірімен соқтығыспай, айналып кету қабілетін нығайту. Ептілікке баулу, қимылдарын үйлестіруге және спортзал ішінде кеңістікті бағдарлауға үйрету. Жинақылық пен дербестікке тәрбиелеу.