Денешынықтыру


Ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары № 76



бет267/390
Дата07.02.2022
өлшемі353,16 Kb.
#88022
түріБағдарламасы
1   ...   263   264   265   266   267   268   269   270   ...   390
Байланысты:
2 5404868312226072454

Ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары № 76


Білім беру саласы: Денсаулық. Әлеумет Бөлімі: Денешынықтыру.
Тақырыбы: Бір, екі, үш – қайтала!
Мақсаты: Доп лақтырысу және өрмелеу дағдыларын бекіту.
Міндеттері: допты көтерілген қолдың деңгейінде тартылған жіп арқылы лақтыру, допты алға-жоғары бағыттау қабілетін жетілдіруді жалғастырамыз. Гимнастикалық қабырғамен өрмелеуге жаттықтыру, оңға қосалқы адым жасап, бір кермеден (пролет) екіншісіне көшу және көлденең бағытта кермелерден ізбе-із ұстау қабілетін дамытуды жалғастыру. Педагогтің айтқандарын тыңдау, оның көрсеткендерін мұқият ден қоюға үйрету, өз қимылдарын өзге балалармен үйлестіріп жасауға, қозғалыстың ізбе-ізділігін сақтауға үйрету. Ептілік пен үйлестіру қабілетін дамыту. Батыл болуға, өзі мен өзге балаларға құрметпен қарауға тәрбиелеу. Күтілетін нәтиже:
жасайды: ойын түріндегі гимнастиканы, оңға қарай қосалқы адым жасап, бір аралықтан екіншісіне өту арқылы гимнастикалық қабырғамен өрмелеу жаттығуларын, допты тор арқылы лақтыру және ойындағы рөлдерді орындайды.
түсінеді: бір-бірден тізбекке тұру және саптағы өз орнын тез табу жолдарын, «шашырап» жүру мен жүгіруді, оңға қарай қосалқы адымды қалай жасайтынын. қолданады: қосалқы адым жасау қабілетін, гимнастикалық баспалдақпен өрмелеу қабілетін, допты кеуде тұсынан лақтыру, кеңістікте бағдар табу қабілетін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   263   264   265   266   267   268   269   270   ...   390




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет