«Денсаулықты нығайту негіздері» пәні бойынша «ҚДС» факультетінің 2 курс студенттеріне арналған емтихан сұрақтары 2021-2022 оқу жылы


Қаралу деректері бойынша аурушаңдықтың түрлері



бет17/22
Дата14.12.2022
өлшемі7,82 Mb.
#162782
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Байланысты:
ДНН СЕССИЯ (копия)

40. Қаралу деректері бойынша аурушаңдықтың түрлері
41. Медициналық тексеру деректері бойынша аурушаңдық
Қазақстанда соңғы жылдары жалпы сырқаттылық 100000 адамға шаққанда шамамен 92 мың кісі құрады. 1996 жылы бұл көрсеткіш 17%-ке төмендеген, бұл әлбетте, халықтың медициналық көмекке қолының жеткізуі мен оған жүгінуінің азаюымен байланысты болса керек.
Сырқаттылық құрылымында
тыныс органдары (28%),
жүйке жүйесі мен сезім органдары (12%),
қан айналымы жүйесі (7,2%),
несеп-жыныс жүйесі (6,8),
тері мен тері асты клеткалары (6,8%) ауруларының үлес салмағы неғұрлым үлкен.
Сырқаттылықтың неғұрлым жоғары көрсеткіштері Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында және Алматы қаласында анықталуда.
Жарақаттану көрсеткіші 100 мың тұрғын халыққа 4483 адам құрап, жоғары күйінде қалып отыр. Жарақаттану, улану және жазым оқиғалар халықтың өлім- жітім себептері ішінде қан айналымы жүйесі ауруларынан кейін екінші орында тұр. Жыл сайын осы себептерден 26 мыңнан астам адам қаза табады.
Егер халықтың денсаулық күйінің өзге көрсеткіштері туу мен өлім-жітім жөнінде жоғарыда келтірілген статистикалық деректер тәрізді сондайлық кең шекте ауытқып тұрады деп пайымдайтын болсақ, бұл, демек, денсаулық сақтау саласындағы қажеттіктер тұрғысында да, ресурстарға қол жеткізу тұрғысында да Қазақстанның жекелеген аймақтары арасындағы айырмашылықтар айқын білініп тұруға тиіс деген сөз. Сырқаттанушылық құрылымында
бірінші орынды тыныс алу органдарының аурулары (39,37%),
екінші – жарақаттанушылық пен уланулар (6,88%),
үшінші – несеп-жыныс жүйелерінің аурулары (6,86%),
одан кейін асқорыту ағзаларының аурулары (6,46%),
тері және теріасты жасушаларының аурулары (6,08%),
қан және қан өндіру ағзаларының аурулары (4,24%),
қанайналым жүйесінің аурулары (3,72%),
инфекциялық және паразиттік аурулар (3,24%),
басқа да аурулар (23,14%) алады Мемлекеттіік бағдарламаны іске асыру кезеңінде сырқаттанушылықтың сәл ұлғаю (1,7%) үдерісі белгіленді. Ел өңірлерінде барлық аурулар бойынша сырқаттанушылық 100 мың адамға шаққанда :
Солтүстік Қазақстан - 9,7%-ға,
Батыс Қазақстан - 4,0%-ға,
Алматы - 3,8%-ға,
Маңғыстау – 1,1%-ға,
Ақтөбе облыстарында - 0,5%-ға
Астана қаласында– 7,9%-ға ұлғайғандығы байқалды. Тоғыз облыста және Алматы қаласында төмендеу байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет