Белоктар – әр клетканың, әр ағзаның негізі. Олар адам ағзасында көптеген қызмет атқарады. Акуыздар аминқышқылдарынан тұрады. Аминқышқылдар ағзада өздігімен пайда болу қасиетіне байланысты алмасатын және алмаспайтын акуыздар деп 2ге бөлінеді. Өсімдіктер мен кейбір микроорганизмдер белокты өзі синтездей алады, ал адамдар мен жануарлар өмір сүруі үшін қажетті 20 протейіндік аминқышқылдың 10 түрін өз бетінше синтездей алады. Қалған 10ын сырттан тамақ арқылы қабылдайды. Егер олар белгілі бір себептермен адам организміне енбей, азайып калса, дененің өсу процесі тежеліп, белок биосинтезі, азот балансы бұзылады. Ағзаларда жаңарту, өсу қызметі нашарламауы үшін әрдайым жаңа белок қажет. Ол белок адам ағзасына тек тамақ арқылы енеді. Сол себептен тәулігіне адам ағзасына әр кило салмагына орта есеппен 1,5 грамм белок өнімдері түсіп тұруы керек. Ал жүкті әйелдер мен бала емізетін аналар және өсіп келе жатқан сәбилер күн сайын салмагына байланысты әр килограмына 2 грамга дейін белокты қажет етеді. Егер адам ағзасына белок жетіспесе, әртүрлі ауытқу процестері болып, аурулар байқалады. Әсіресе, белоктың жетіспеуіне жас бала сезімтал келеді. Ондай жағдайда баланың өсуі тежеліп, кейде жетілуі тоқтап қалуы мүмкін. Содан қаны азайып, әлсіреп, денесі ісіп, іші тынымсыз өтіп, бауыр, ұйқы бездерінің қызметі бұзылады. Салмағы кеміп, теріде түрлі жаралар пайда болады.
Май дененің энергия шығынын өтеу үшін керек. 1 грамм май ыдырағанда 9,3 килокалории энергия береді. Май құрамында 200ге жуық май қышқылы бар. Май адам бойындағы ауруға қарсыласу күшін бір қалыпты ұстап тұруы мақсатында және А, Д, К, Е витаминдерінің қайнар көзі болып табылады. Егер адам ағзасында май өз мөлшерінен кем болса, онда жаңағы витаминдер нашар қорытылады. Сүттен алынған май адам тәніне тез тарайды, құрамында балауыз және пальметин тәрізді қаныққан май қышқылдары мол қой, сиыр майы аса сіңімді болмайды. Ал қанықпаған май қышқылдары бар өсімдік майлары адам бойына тез сіңеді. Егер пайдаланылған тағамда май мөлшерден артық болса тәнде улы заттар жиналу мүмкін. Бұл ас қорыту бездерінің қызметін нашарлатып, асказандағы тағамдардың ішекке түсуі баяулайды. Осылай ас қорыту процесі бұзылады. Май тоттыкқанда одан көп мөлшерде су бөлінеді. Бұл процесті семіздікпен ауыратын адамдарды емдеу кезінде пайдаланады. Семіз адамға су ішуді шектеп, арнайы диетага отырғызылады. Мөлшерден артық пайдаланған май денсаулыққа елеулі зиян әкеледі. Ол әртүрлі ауруларға ұшыратады. Мысалы, атеросклероз, холецистит, панкреатит сияқты ауруларга алып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |