«Денсаулықты нығайту негіздері» пәні бойынша «ҚДС» факультетінің 2 курс студенттеріне арналған емтихан сұрақтары 2021-2022 оқу жылы



бет16/22
Дата14.12.2022
өлшемі7,82 Mb.
#162782
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   22
Байланысты:
ДНН СЕССИЯ (копия)

39. Аурушаңдықты зерттеу әдістері
43Халық аурулығын бағалау үшін 1000. 10000, 100000 тұрғынға есептеліп шығарылған орташа жылдық халық санына қатысты аурулар саны ретінде есептелген көрсеткіштер қолданылады. Аурулықта себеп-салдарлық байланысты анықтау үшін халықтың құрамын (жасы, жынысы, жанұя жағдайы, әлеуметтік статусы және т.б.) ескеру қажет.
Басқа статистикалық зерттеулер тәрізді аурулықты зерттеу әдістері жаппай немесе таңдамалы болады. Жеке территориядағы немесе оның жеке топтарында халық аурулығын зерттеу әдісін таңдау зерттеудің мақсаты мен міндеттеріне сай анықталады. Аурулықтың деңгейі, құрылымы және динамикасы жөніндегі бағдарлық мәліметті емдік-профилактикалық мекемелердің есебінен немесе жаппай әдісті қолданатын басқару органдарының есептерінен алуға болады. Аурулық заңдылығын және себеп-салдарлық байланысты терең анықтау үшін таңдамалы әдіс кезінде алғашқы тіркеу құжатынан қажетті мәліметтерді статистикалық картаға көшіру арқылы анықтауға болады.
Халықтың және оның жеке топтарының аурулық деңгейін, құрылымы мен динамикасын бағалау кезінде көрсеткіштерді республика, облыс, район, қала көрсеткіштерімен салыстыру қажет
Аурулықты зерттеудің негізгі әдістеріне жатады:
- емдеу-профилактикалық мекемелерге өз бетімен қаралуы бойынша
- өлім себептері мәліметтері бойынша (Өлім туралы дәрігер куәлігі (106/у)
- медициналық тексеру мәліметтері бойынша (профилактикалық тексерулерді тіркеу картасы (131/у)
Осындай көздерден алынған халық аурулығы туралы мәліметтер толық болып келмейді, ол көптеген факторлар кешеніне тәуелді. Халық аурулығын зерттеу көздерінің әрқайсысының артықшылығымен қоса кемшіліктері де бар.
Сонымен, осы аталған үш әдісті жалпылау арқылы нақты (дәлелденген) аурулықты - өз бетімен қаралуы бойынша аурулық, медициналық тексеру кезінде анықталған аурулықпен толықтырылу және өлім себебі бойынша аурулықты анықтауға болады.
Денсаулық және аурулықты зерттеудің қосымша әдісіне сұрастыру (анкеталық немесе интервьюлік) әдісі жатады. Анкеталық әдісті кейбір ауруларды анықтау үшін, мысалы жүректің ишемия ауруларын және осы аурудың қатер топтарын қалыптастыру үшін халықты жалпылай тексерудің бірінші кезеңінде қолдануға кеңес береді.
Әрбір ауру сәйкесінше тіркеу мен есепке алудың қабылданған талаптарына сай міндетті түрде тіркеуге алынады. Өз бетімен қаралу бойынша аурулықты тіркеу медициналық көмекті қажет еткен пациенттің қаралу орнына сәйкес жүргізіледі:
- амбулаторлық-емханалық ұйымдарға қаралғанда – амбулаторлық науқастың медициналық картасы (025/у), қорытынды (анықталған) диагноз тіркелген статистикалық талон (025/2у), амбулаторлық пациенттің статистикалық картасы (025-05у).
- стационарда - стационарлық науқастың медициналық картасы (003/у), аурудың стационардан шыққан картасы (066/у)
- диспансерге – венерологиялық ауруы бар науқастың медициналық картасы (065/у), саңырауқұлақ ауруы бар науқастың медициналық картасы (065/1у), туберкулезбен ауыратын науқастың медициналық картасы (081/у)
- жедел жәрдемге – жедел және шұғыл медициналық көмекті шақыру картасы (110/у), медициналық көмек станциясының жолдама парағы (114/у).
Ауру жағдайларын жалпы қабылданған тіркеумен қатар, кейбір аурулар белгілі бір себептерге байланысты арнайы тіркеуді қажет етеді:
- эпидемиға қарсы шараларды қажет ететін жұқпалы аурулық. Жұқпалы аурулық, тамақтан немесе жедел кәсіби улану, екпеге ерекше реакция (058/у) кезінде жедел хабарлама санитарлық-эпидемиологиялық бақылау орталығына 12 сағат ішінде жіберіледі және Жұқпалы ауруықты тіркеу (060/у) журналында тіркеледі. Осы журналдағы жазу негізінде жұқпалы аурулардың қозғалысы есебі жасалады.
- маңызды эпидемиялық емес аурулық кейбір әлеуметтік-маңызды аурулар туралы ақпарат береді және осындай аурулардың анықталуы кезінде өмірінде бірінші рет анықталған белсенді туберкулез, жыныс жолы арқылы берілетін инфекция, трихофития, микроспория, фавус, қышыма, трахома, психикалық аурулар туралы Хабарлама (089/у); өмірінде бірінші рет анықталған рак немесе басқа қатерлі ісік ауру туралы Хабарлама (090/у); өмірінде бірінші рет анықталған нашақорлық туралы Хабарлама (091/у) толтырылады.
- уақытша еңбекке жарамсыздық аурулығы жұмысқа шықпауға себеп болған ауруларды зерттеуге және экономикалық шығындв анықтауға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет