Дербес білім беру ұйымы информатика оқу жоспары 2021-2022 оқу жылы 8-сынып



бет21/41
Дата17.12.2023
өлшемі0,93 Mb.
#197429
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   41
Байланысты:
Оқу жоспары Информатика 8 сынып
ProfMed 2016 05 041, "Сборник работ для суммативного оценивания по алгебре 11 класс" 3, Открытый урок по английскому языку на тему "Heroes" 6 класс, Орта және кіші медициналық қызметкер жұмысын бақылауға жатады-emirsaba.org, ЖМ.Экзанен сұрақтары қаз 2022-2023 ж, Тақырып 5. «Мәңгілік Ел» құндылықтарын енгізудегі балалар мен жаÑ, ГАЙД ПО СИМВОЛАМ
(Ж, Т, Қ) Айнымалылардың мәндерін жеке есептеу үшін тапсырмаларды орындауды ұсыныңыз. Содан кейін жұптар арасында бір-бірін тексеріп, қате шешімдерді топтарда талқылауға болады.


(Ұ) Тапсырманың нәтижесін қорытындылаңыз. Егер тапсырма кезінде қателер болса, әдетте жіберілетін қателіктерге тоқтаңыз. Оқушылардан қателерді түсіндіруін сұраңыз.


(Т, Қ) Оқушылармен шарттардың қалай қойылатынын қайталап, шартты операторлардың көмегімен қарапайым және құрама шарттарды қою дағдысын жаттықтырыңыз: > - үлкен, < - кіші,> = - үлкен немесе тең, <= - кіші немесе тең, ! = - тең емес, == - тең;
логикалық операциялар: AND, OR, NOT және логикалық айнымалылар.


(Т, Д, Қ) Оқушыларға сызықтық құрылымы мен тармақталатын құрылымы бар есептерді шығару үшін жұппен жұмыс жасауды ұсныңыз. Оқушылар енгізу мен шығару үшін деректерді анықтауы, есептеудің математикалық моделін құруы, блок-схема түрінде есепті шешудің алгоритмін құруы және бағдарлама жазуы керек. Есептерге дайын тесттерді ұсыныңыз (енгізу және шығару)


(Ұ) Әр түрлі есептерді шешу жолдары туралы презентация ұйымдастырыңыз. Оқушыларды шешімді немесе қолданушы интерфейсін жақсарту бойынша ұсынытарын беруды сұраңыз.

Программалаудағы циклдерді зерттеуге көшпес бұрын оқушылардың 6 және 7 сыныпта алған білімін жаңарту қажет.

Әр түрлі типті айнымалылар қолданылатын программаларды дайындаңыз. Кейбір айнымалылар программада мәліметтер типін өзгерте алады.

Сізге integer, float, string және boolean типті әр түрлі мәндері бар карталарды дайындауға болады. Сыныпта, төрт бұрышта төрт типтегі белгілерді орналастырыңыз. Оқушылардан бір картаны алып типіне сәйкес бұрышқа орналастыруын сұраңыз. Тапсырманы бірден тексеруге болады.


+, -, *, /, //,%, **, жуықтау функциясы, int (), float (), str () деректер типтерін түрлендіру функциялары сияқты алдыңғы үйренген арифметикалық амалдарды қолданыңыз. Барлық білім циклдік есептерді шешу үшін қажет болады.


Жарыс түрінде өткізу оқушыларға 6 және 7-сыныптарда оқыған және кейінгі сабақтарда қолдануға болатын функцияларды еске түсіруге мүмкіндік береді.
Егер кем дегенде бірнеше оқушы бірдей қателік жіберсе, онда оны нақтылау қажет. Тапсырманы дұрыс орындаған оқушыларға қате туралы түсініктеме беруге болады.

Тапсырмаларды дайындау кезінде бүтін санды бөлуді шартты тестілеуді қолдануды ұмытпаңыз, себебі бұл дағды оқушыларға жиі қиындық туғызады. Сондай-ақ, бұл дағды функционалдық сауаттылық шеңберінде қажет, өйткені тұтас бөлікті қарапайым бөліндіден бөліп алу кезінде, немесе қанша адамға жұмыс істеу керектігін, пәтерде тұсқағазды жабыстыру үшін қанша бүтін тұсқағаз орамасын сатып алу керектігін анықтау кезінде қажет болады.


Сызықтық алгоритммен 3-4 есеп және тармақталған алгоритммен 3-4 есеп дайындаңыз.
Проблемалық тесттер алгоритмді шешудің барлық мүмкін жолдарын тексеруі керек.
Оқушыларды саралау мақсатында бірнеше деңгейлі тапсырмалар дайындауға болады (бұл жағдайда оқушыларды деңгейлер бойынша топтарға бөлген дұрыс) немесе негізгі тапсырманы тез шешетін оқушыларға күрделі деңгейдегі қосымша тапсырмалар беруге болады.

Саралау мақсатында өткен жылдардағы материалдарды жақсы меңгерген және қарапайым тапсырмаларды тез орындайтын оқушылар үшін бүтін сандар мен күрделі шарт түрлеріне олимпиада деңгейіндегі есептерді дайындаңыз.



Python
https://code-komek.info/index.php/python/

Python программалау тілі. Деректер типі. Тестілік сұрақтар


https://quizizz.com/admin/quiz/601191d9d89eb0001f032a15/7-python-

Python-дағы математикалық амалдар


https://answer-id.com/kk/62994527

Математикалық өрнектің Python тілінде жазылуы


https://www.youtube.com/watch?v=Z6rnV7cYYEE

Python-ды орнату https://www.bzfar.org/load/informatika/umk/programmirovanie_na_python/2-1-0-14


Онлайн Python


https://www.jdoodle.com/python3-programming-online/

Онлайн компилятор


https://replit.com/

Python деректерді енгізу-шығару


http://www.informatika.kz/wiki/python-engizy-shigary.php
Шартты синтаксис және есептер
https://pythontutor.ru/lessons/ifelse/








Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет