Информатика – Негізгі мектеп, 8 сынып
3 тоқсан
Бөлім: Python тілінде алгоритмдерді программалау
Алдын ала менгеруге ұсынылған білім
|
Алгоритм және команданың орындалу реттілігі туралы түсінік. Бүтін сандар, нақты сандар, жолдар, логикалық мәндер сияқты деректер түрлерін ажырату мүмкіндігі. Python бағдарламалау тілін кіріктірілген math кітапханасының көмегімен, арифметикалық амалдарды қолдана отырып, есептерді шешу кезінде сызықтық және тармақталған алгоритмдерді енгізу үшін қолдану. Бұл бөлімді меңгері үшін 5-7 сыныптарда алған білім қажет болады.
|
Мәнмәтін
|
Негізгі бағыт бағдарламалау ортасында бағдарламаның циклдік құрылымын жазуға негізделген. Циклдың екі түрі for және while қарастырылады. Қарапайым және құрама шарттары бар бағдарламалар да циклдік құрылымда жүзеге асады, сонымен қатар мәліметтердің әр түрлі типтері бар айнымалылар қолданылады. Циклды тоқтату, итерацияны тоқтату және цикл аяқталғаннан кейін кез келген басқа команданы орындау нұсқалары қарастырылады.
|
Осы бөлімде қарастырылатын оқытудың тілдік мақсаттары
Төменде оқушыларға бағытталған академиялық тілге сәйкес тілдік міндеттер мысалы келтірілген.
|
Пән бойынша оқу мақсаттары
|
Оқытудың тілдік мақсаттары
|
Пәндік лексикалары мен терминалогиялары
|
Диалог құруға/жазылуға қажетті сөздер
|
Оқушылар:
жүйелік, қолданбалы жасақтамалары мен программалау жүйелерін ажырата алады;
кіріктірілген ортада таңдау операторын қолдана алады;
кіріктірілген ортада қайталау операторын қолдана алады;
алгоритмді трассировка арқылы тексере алады.
|
Оқушылар:
циклдік алгоритм түсінігін түсіндіреді;
циклды қолдану арқылы шешілетін тапсырмаларға мысалдар келтіреді;
есепті шешу үшін циклдік оператордың таңдауын түсіндіре алады;
шешімді сыныптастарымен талқылап, өз шешім дәлелдей алады.
|
алгоритм;
программа;
программалау ортасы;
программалау қателігі;
цикл итераторы;
итерация;
цикл шарты;
блок-схема;
цикл операторы;
параметрлі цикл операторы;
алғы шартты цикл операторы;
соңғы шартты цикл операторы;
трассировка.
|
Мен / біз есепті келесідей шештік ...
Біріншіден, мен / біз ... содан кейін, мен / біз ... ақырында, мен / біз ...
Айнымалы үшін ... типін анықтадым, себебі ...
Екі айнымалының типі бірдей / әр түрлі, егер ...
Бұл шешімді таңдауға менің / біздің себептер ...
Мен / біз … жасадық, себебі ... [байланыстырушы сөздерді қажет болған жағдайда қолданыңыз, мысалы, дегенмен, оған қарағанда]
Циклдың ……. түрлері бар
Параметрлі бар цикл .......
Алғы шартты цикл .......
Трассировка ……… үшін жүргізіледі.
|
|