29
Сурет 8. Фермент белсенділігінің субстрат концентрациясына тəуелділігі
Жоғарыда көрсетілген нұсқада катализ сатысы - фермент-субстрат кешенінің Е түзілуі,
соңғы саты - өнімнің түзілуі Р. Бұндай реакцияның жылдамдығы Михаэлис-Ментен
теңдеуімен жазылады:
V
0
= Vmax [S]/Km + [S]
мұндағы,
Vmax – реакцияның максималды жылдамдығы; S – субстрат концентрациясы; Km –
Михаэлис тұрақтылығы. Сандық жағынан Km Михаэлис тұрақтылығы реакция
жылдамдығының максимал мəнінің жартысындай болатын жағдайдағы субстрат
концентрациясы. Оның өлшем бірлігі Моль.
Михаэлис-Ментен теңдеуімен анықталатын фермент белсенділігінің субстарт
концентрациясына тəуелділігінің графигі гипербола түрінде болады. График көмегімен Km –
Михаэлис тұрақтысын жəне Vmax – реакцияның максималды жылдамдығын анықтауға
болады.
Достарыңызбен бөлісу: