Ферменттердің қасиеттері.
Ферменттердің барлық қасиеттері ақуыздікі сияқты.
Дегенмен биокатализаторлар өзіне ғана тəн бір қатар қасиеттерге ие. Осы қасиеттерімен
ферменттер ақуыздардан ерекшеленеді. Бұл ерекшеліктер: ферменттердің термолабильдігі
(термолабильность), олардың əрекеттерінің ортаның рН көрсеткішіне тəуелділігі, активатор
жəне ингибиторлардың əсеріне тəуелділігі.
1.
Ферменттердің термолабильдігі былай түсіндіріледі: температура бір жағынан ферменттің
ақуызды бөлігіне əсер етіп, денатурацияға əкеп соғады жəне каталитикалық қызметін
төмендетеді. Ал, екінші жағынан фермент-субстрат кешенінің түзілу жылдамдығына əсер
етеді, яғни осы реакцияны жылдамдатады. Ферменттің каталитикалық белсенділігінің
температураға тəуелділік графигі төмендегі суретте көрсетілгендей қисық сызық:
Сурет 9. Фермент белсенділігінің температураға тəуелділігі
Бұл қисық сызықта температура 50
0
С-дан жоғарылаған кезде фермент ақуызының
денатурациясы жоғарылайды, ферменттің белсенділігі төмендейді. Ферменттің
каталитикалық белсенділігінің максимальды температурасын температуралық оптимум деп
30
атайды. Ережеге сай жануартектес ферменттердің температуралық оптимумы 40-50
0
C
аралығында, ал өсімдіктектес ферменттердікі 50-60
0
C шамасында.
2.
Фермент максимальды белсенділігін көрсететін, яғни əрбір фермент үшін ортаның рН
көсеткішінің оптимальды мəні немесе
Достарыңызбен бөлісу: |