әлеуметтік статика
және
әлеуметтік
динамика.
Әлеуметтік статика әлеуметтік жүйенің ӛмip сүру жағдайы мен оның қызмет
ету заңдылықтарын зерттейді.
Конт социологиясының бұл бӛлімінде негізінен әлеуметік институттардың, әcipece:
жанұя, мемлекет, дін сияқты институттардың қоғамдық қызметі
және қоғамдағы бірлікті
қалыптастырудағы рӛлі қарастырылады. Ал әлеуметтік динамика әлеуметтік жүйенің
ӛзгеру және даму заңдылықтарын зерттейді. Яғни,
мұнда Конт коғамдық прогресс
теориясын дамытады.
Бұл жерде Конт, коғамдық прогрестің шешуші факторы ретінде
адамның рухани дамуын, ақылының дамуын кӛрсетеді. Екінші сӛзбен айтканда, Конт
үшін әлеуметтік динамика — ол
қоғам анатомиясы, қоғамның реттілігі туралы теория,
қоғамдық тіршілікті ұйымдастырудың ең жоғарғы үлгісіне,
әлеуметтік гармонияға жету
теориясы. Конт қоғамды тipi организммен салыстыра отырып, оны әртүрлі органдар
құрастырады және олардың әрқайсысы белгілі біp қызмет атқарады деп кӛрсетеді.
Демек, бip органның қызметін бүкіл организм жүйесінен бӛліп алып карауға
болмайтыны сияқты, қоғамдық жүйеде де оның 6ip құрылымдық
элементінің қызметін
қоғамдық бүтіннен тыс қарастыруға болмайтындығын айтады. Бүтін мен бӛлек
арасындағы диалектикалық байланыста немесе қоғам мен адамның сондай
қатынасында, Конт үшін басты нәрсе қоғам болып есептеледі. Ceбeбi, адам ӛзінің
әлеуметтік болмысын ӛзі жеке-дара қалыптастыра алмайды, кepiciншe,
оның әлеуметтік
табиғатын анықтайтын коғам деп кӛрсетеді.