Дәрі Модуль 1 Әлеуметтанудың ғылыми кеңістігі: тарихы және әдістемесі Тақыры Әлеуметтік зерттеулер Сұрақтар



Pdf көрінісі
бет4/5
Дата26.04.2023
өлшемі163,98 Kb.
#175505
1   2   3   4   5
Байланысты:
2 дәріс Нед2

басты нәрсе
, ол — қоғамдық еңбектің 
бӛлінуі және оның, қоғамдық қатынас, әpi жеке адамдар арасындағы қатынасушы 
маңызды фактор болуы. 
Екіншіден
, ол қоғамдағы таптық күрестің болу 
потенциалын кӛрсетеді, ӛйткені, ол еңбектің бӛлінуінен адамның табиғи теңсіздігінен 
мемлекеттің үлкен екі топқа: ауқаттылар мен кедейлер тобына бӛлінуін кӛреді. 
Үшіншіден
, Платон қоғамда адамдарды бірлікке шақыру үшін тәрбиенің, қоғамдық 
сананың қажеттілігін кӛрсетеді. 
Социологиялық ой дүниесінде Аристотельдің де алатын орны ерекше. 
Аристотель ежелгі Грецияның
 
саяси тәжірибесін қортындылай келе, адам - 
әлеуметтік жаратылыс деген қорытындыға келеді. Мемлекет адамдардың туа біткен 


«бipiгiп ӛмір сүруге ұмтылғыштық» қасиетінен пайда болады деп кӛрсетеді. 
Оның пікірінше, қоғам үлкен екі әлеуметтік институтқа бӛлінеді құл иеленушілер және 
құлдар. Бұл да Платонның идеясын қолдайды, яғни адамдар жаратылысынан тең емес 
деп түсінеді. Аристотель мемлекеттің мақсаты - адамдардың бақытты ӛмірін 
қамтамасыз ету деп есептейді. Мемлекет қоғамдағы жалпы мүддеге қызмет етуі керек 
деп кӛрсетеді. Бәpiне ортақ мақсат - ӛздері құpған қоғамды, мемлекеттік құрылысты 
сақтау болып табылады. Адамның ұнамды мінез-құлқы осы ортақ жетістік үшін қызметі 
арқылы ӛлшенеді деп кӛрсетеді. Аристотель жеке меншікті жақтайды. «Адамдар, - дейді 
Аристотель, - тек ӛзіне қатысты заттар жӛнінде кӛбірек қамқорлық жасайды, ал меншік 
ортақ болған жерде оған ерекше ынта білдірілмейді, енжарлық танытады. Меншіктің 
ортақ болуы ынтымақты азайтады, адамдардың ықыласын кемітеді». 
Сонымен, бұдан кейінгі дәуірлерде, орта ғасырда, қайта ӛрлеу, жаңа дәуірлерде де 
адамдардың қоғамдық ӛмірі жайлы пікірлер болды. Бірақ оларды толық социологиялық 
ілім
 
деп айтуға болмайтын еді, ӛйткені олар тек әлеуметтік ойлар философиясы немесе 
алғашқы социологиялық болжамдар бола алады. 
Социологияның дербес ғылым ретінде пайда болып қалыптасуы батыста француз 
философы О.Конттың есімімен байланысты (1798-1857). Ол ең алдымен Батыстағы 
позитивистік философияның негізін салушы болып есептеледі. Оның 1830-шы жылдары 
«Позитивті философияның курсы» деп аталатын 6 томдық еңбегі жарық кӛреді. Miнe 
осы еңбегінде негізінен оның социологиялық ойлары айтылады. Мәселен, осы еңбегінің 
3-ші томында алғаш рет Конт «социология» деген ұғымды енгізеді және қоғамды 
ғылыми негізде зерттеу мақсатын қояды. Miнe осы пікір социологияның ғылым ретінде 
пайда болып, дамуына негіз болады. 
О.Конт социологияның кажеттілігін қалай негіздеді деген сұрақ туады? Бұл 
мәселені О.Конт философия саласындағы ӛзінің адам ақылы дамуының үш сатысы 
туралы ашқан заңы арқылы дәлелдейді. Олар: теологиялық, метафизикалық жәме 
позитивтік (ғылыми) сатылар. Екінші сӛзбен айтқанда оларды адам интеллектінің 
дамуының үш тарихи қалпы деп айтуға болады. Яғни, бұл адам ақылы ӛзінің табиғи 
қасиеттеріне байланысты ойлаудың ең алдымен теологиялық діни, содан кейін 
метафизикалық, одан кейін позитивтік (ғылыми) тәсілдерімен қолданатындығын 
кӛрсетеді. Демек, адам ойлаудың алғашқы теологиялық сатысында ӛзін қоршаған 
ортаны діни нанымдарға сүйене отырып түсіндірген. Ал екінші, метафизикалық сатыда 
діни негіздерден бас тартады да, құбылыстарды белгісіз абстрактілі мәндер, себептер 
арқылы түсіндіре бастайды. Үшінші позитивтік сатыда адам алғашқы екеуінен бас 
тартып дүниені түсіндіруде нақтылы бақылаулар мен шектеліп, тұрақты байланыстарды 
анықтауға негізделеді. Конттың пікірінше ойлаудың алдыңғы сатылары кейінгілерге 
негіз болып отырады. Адам ақыл кӛзінің дамуы осы үш сатының бірінен eкiншісіне, 
одан үшіншісіне ӛту эволюциясын кӛрсетеді деп тұжырымдайды Конт. Сӛйтіп, 
позитивтік ойлау алғашында математикада, физикада, астрономияда қолданылды деп 
кӛрсетеді. Содан кейін ойлаудың ондай қорытындысы ретінде биология пайда болды 
дейді. Ал социологияны позитивтік білімнің шыңы деп есептейді. Басқаша айтқанда, 
адам ақылының бақылау арқылы біліми тұжырымдар жасау процесінің шегі ретінде 
социология пайда болуы керек немесе социология жасалынуы
 
керек деп 
қорытындылайды. Конттың ғылымды жіктеу тәсілі бойынша, социология биологиядан 
кейін пайда болған. Егер биология қозғала алатын немесе әрекет жасай алатын барлық 
тipi жануарлар дүниесін зерттейтін болса, социологияның одан айырмашылығы сол, ол 
әлеуметтік құбылыс peтiнде адамның әрекеттерін қарастырады деп кӛрсетеді. Яғни 
социология адамды ӛзі сияқты адамдардың ортасындағы қарым-қатынасы тұрғысынан 
қарастырады. Екіншіден, социология ӛзінің зерттеулерінде позитивтік (ғылыми) 
тәсілдерге негізделеді деген пікipгe келеді. Демек, социология ӛзінің теориялық 
талдауларында әр түрлі бақылаудың, эксперименттердің нәтижелеріне салыстыру 
арқылы алынған эмпирикалық мәліметтерге сүйенеді деген сӛз. 


О.Контты социологияны жасауға итермелеген eкінші бip нәрсе — ол еңбектің 
бӛлінуі және кооперациялану заңынын ашылуы. Осы факторлар қоғам дамуында 
маңызды рӛл атқарады. Ӛйткені еңбектің бӛлінуі мен кооперациясы арқылы қоғамда 
кӛптеген жетістіктерге жетуге болатындығын мойындай отырып, Конт, сонымен бipгe 
ол факторлар (еңбектің бӛлінуі мен кооперациялануы) қоғам негізін әлсіретіп, күйреуге 
де әкелуі мүмкін дейтін пікір айтты. Себебі, олар байлықтың, біржақты шоғырлануына, 
адамды адамның қанауына, бip жақтылы кәciптенyiне, адамның бұзылуына бағытталған 
деп кӛрсетіледі. Ортақ әлеуметтік сезім бip бағыттағы маман иелерін ғана бipiктipe 
алады. Ал ондай сезім оларды басқа маман иелеріне қарсы қоюы мүмкін. Осыдан 
топтық кооперациялық эгоистік мораль қалыптасады да, олар ӛз тарапынан бүкіл халық 
арасындағы бірлік, ымырашылдық сезімді бұзады деген қорытынды жасайды. Miнe, сол 
халық арасындағы бірлік пен ынтымақты қалыптастыруға ықпал ету үшін, оған 
мүмкіндік туғызу үшін социология пайда болды деп кӛрсетті Конт. Тегінде Конттың 
социологиялық концепциясының басты ӛзегі — әлеуметтік реттілік пен әлеуметтік 
прогресс мұраты болып табылады. Қaзipгi қоғамдағы ipi саяси және моральдық 
күйзелістерді Конт ең алдымен адам ақылындағы иерархиямен байланыстырады. Ол 
бүгінгі әлеуметтік гармонияның табанында жатқан нәрсе — ол «ақылдағы қайшылық 
болуы мүмкін» деген қорытындыға келді. Қоғамдық процестерді қадағалап жүрген адам 
және социолог қоғамда ортақ идеяның жоқтығын бірден байкауына болады, сондықтан, 
эмпирикалық факторларды зерттеу негізінде жаңа ортақ идеяларды кӛтере отырып, 
жаңа қауымдастықтардың құрылу принциптерін аша отырып қоғамдық күйзелістерді 
толық жоюға болады деп есептейді. Жеке дара дарынды адамдар ақылға ақыл 
қоспайынша ортақ идея жасалынбайды, ал ортақ идеясыз, ортақ ақылсыз парасатты 
қоғамды құру туралы парасатты доктрина жасалынбайды дегенге келеді. Қаншама 
уақытша саяси шаралар қолдағанменде, қоғам революциялық жағдайда қала береді, 
адамдар қауымдастығы уақытша сипат ала береді деп кӛрсетеді Конт. Алайда Конт 
қоғамының табиғи қозғалысына ӛте сақтықпен, байыппен, даналықпен араласуды 
ескертеді. Ал ол үшін адамның жеке ӛмірі және олардың қауымдастық ӛмipi туралы 
білімді сондай-ақ адамдардың ойы, сезімі, әрекеттері туралы білімді бірыңғай жүйеге 
келтіру керек деп есептейді. Адамзаттың табиғи даму желісіне тек дәл баға беру арқылы 
ғана оның бағытына жариялалық тұрғыдан ықпал жасауға болады деп кӛрсетеді. 
O.Koнт социологияны негізінен екіге бӛледі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет