Дәріс2.
Модуль 1 Әлеуметтанудың ғылыми кеңістігі: тарихы және әдістемесі
Тақырып2.
Әлеуметтік зерттеулер
Сұрақтар:
1.Әлеуметтанулық зерттеу әлеуметтік шындықты тану құралы ретінде.
2.Әлеуметтанулық ақпаратты жинау әдістері.
3.Гипотезалар, айнымалылар, әлеуметтік зерттеудегі үлгі
Әлеуметтану (XIX ғасырдың 30-40 жылдарында қалыптасқан)
біршама жас ғылым
болып табылады. Ӛйткені оның ғылым ретінде қалыптасуының ӛзіне қоғамдық
дамудың белгілі кезеңінде ғана қажеттілік туды.
Алайда, социологияның кеш пайда болуынан, oғaн дейін қоғам және қоғамдық
құбылыстар туралы ойлар болмады деген пікір тумауы керек.
Керісінше, ондай ойлар
басқа ғылымдардың шеңберінде
кӛріне бастаған болатын. Мәселен,
философиялық,
экономикалық, тарихи, саяси шығармаларда жалпы қоғам, оның кейбір элементтері
және оның даму заңдылықтары туралы пiкipлep бой кӛрсете бастады. Осы орайда,
Ертедегі Шығыс цивилизациясының — Кӛне Египет, Вавилон, Yндi, Қытай - қоғам
туралы пiкipi мен ойларын айтуға болады. Мәселен, конфуцийшылар қоғамтанушылар
болып есептеледі. Олардың қоғам туралы іліміндегі негізгі мәселе - адамдар
арасындағы қатынас және тәрбие мәселесі. Конфуций ертеден Қытай
қауымдастығындағы адамдардың ӛзін-ӛзі абыроймен ұстау дәстүрін, олардың
шыншыл, ӛнегелі болатын, жаман қылықтардан бойларын аулақ ұстау дәстүрін
кӛрсетеді. Сондай-ак, Конфуций кейінгі адамдардың бойындағы
ондай моральдық
нормалардың азайып бара жатқандығын атап ӛтеді. Адамдардағы популизмге,
атақкұмарлыққа ұмтылу пиғылдарының ӛpic
алу тенденциясын, кегін екінші біреуден
алу, ӛз кемшілігін түзету қасиеттерінің жоғалу тенденцияларын кӛрсетеді. Конфуций
этикасы «қайырымдылық», «кішіпейілділік», «адамды сүю», «тура жолмен жүру» (дао)
сияқты принциптерге сүйенеді. Сайып келгенде, Конфуций адамдар арасындағы
әлеуметтік қатынасты - Борыш пен заңды мойындайтын,
оны бipiншi орынға қоятын
адам мен ӛз пайдасын кӛздейтін адамды салыстыра отырып, олардың адамдық
образдарындағы айырмашылықтарды ашу арқылы кӛрсетеді. Бipiншi образдағы адам
бірлікке,
татулыққа ұмтылатындығын, ал екіншісінің оған кepi ұмтылатынын баса
айтқан. Бipiншicінің басқа үшін ӛз жанын қиюға баратынын, екіншісінің ӛзіне-ӛзі ор
қазатындығын немесе ыза-кектен ӛзіне-ӛзі қол салуға жақын болатынын кӛрсетеді.
Яғни