Дәріс №1 Дәріс тақырыбы: Педагогикалық шеберлік компоненттері



бет38/45
Дата28.12.2022
өлшемі269,03 Kb.
#164724
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   45
Байланысты:
пед шеберлик

Педагогикалық әдеп – мұғалімнің әрбір нақты іс үстінде тәрбие мәселесінің ең ұтымды әдіс-тәсілдерін қолданып оқушыларды еліктіріп әкететін кәсіптік сапасы. Оқушылармен қарым-қатынас тұрғысынан қарағанда педагогикалық әдеп мұғалімнің жан-жақтылығының, оның идеялық сенімінің, жүріс-тұрыс мәдениетінің, жалпы және арнаулы білімінің, мамандығына байланысты ізденіс жемістері қорының жиынтығы іспетті. Шебер педагог болмай тұрып әдепті педагог болу әсте мүмкін емес.
Қазіргі заманда білім беру әлеуметтік құрылымның маңызды элементтерінің біріне айналды. Дүние жүзінде білімнің маңызды рөлі артты. Адамның болашағы оның қазіргі алған білімінің сапасына, көлеміне, ойлау деңгейіне байланысты.
Мұғалімнің кәсіби деңгейі мен әлеуметтік беделі оқушы жүрегіне жол таба білумен мөлшерленеді. Бүгінгі күн талабы тұрғысынан қарасақ, оқыту ісі тек сабақ беру ғана емес, оқытудың басты міндеті: мұғалімнің білім беруі және оқушының білім алу қызметтерінің біріккен түрі екендігінде. Өскелең заман әрбір студентті жеке тұлға ретінде тәрбиелеуді қажет етуде. Сондықтан студент қызметін басымдау етіп, үйренуші тұлға тек шәкірттер екенін ескеріп, білім беру ісін ұйымдастыруды дамыту жоғары оқу орынының бүгінгі басты нысанасы болмақ. Ұстаз шәкірттің білім алуға деген құлшынысын тудыра алмаса, оның ынтасы, пәнге қызығуы қалыптаспайды. Өйткені, мұғалім тақырыпты бастан-аяқ талдап, өзі түсіндіріп, тек аз уақыт оқушының жаттығуды өзі орындауына ғана көңіл бөледі. Ал қазіргі жаңа технологияға байланысты білім беруді студент өзі ізденіп, жаңа тақырыпты оқып, түсініп, пәнге байланысты әдебиеттермен жұмыс жасап, жолдастарымен ой бөліссе, өз білгенін көпшілікке жүйелі түрде жеткізе алса, онда ұстаз нәтижеге қол жеткізеді.
Кәсіби шебер мұғалімнің бойында мынадай қасиеттері болуы тиіс:

  1. сергектік, байқағыштық;

  2. сезімталдық;

  3. сенім;

  4. әділдік;

  5. байсалдық;

  6. ұстамдылық, төзім, сабыр сақтау;

  7. ілтипаттық.

Бүгінгі таңда жоғары оқу орнындағы студенттерге білім берудің сапасы мен деңгейін жан-жақты көтеру жаңаша ойлайтын, оқыту мен тәрбиенің жаңа технологиясын күнделікті жұмысында қолдана білетін оқытушылардың қолынан ғана келеді. Жас ұрпаққа саналы тәрбие мен сапалы білім беру, ең алдымен, мұғалімнің кәсіби даярлығына, оның іс-тәжірибесінің қалыптасуына байланысты. Сондықтан болашақ мұғалімнің кәсіби біліктілігін жоғары оқу орнында жүйелі қалыптастыруға тиіспіз. Әсіресе, болашақ мұғалімдерді оқытуда тиімді әдіс-тәсілдерді, озат тәжірибелерді сараптап, шығармашылықпен жұмыс атқарып, олардың жеке шығармашылығын қалыптастыруға көңіл бөлу қажет.
2. Еліміздің болашағы мұғалімнің білімі мен біліктілігіне, рухани әлеуетіне, құқықтық және саяси мәдениетіне байланысты. Білім беру жүйесін одан әрі жетілдіру, мемлекеттік білім беру стандартын жүзеге асыру, жаңа буын оқулықтарын оқыту үрдісіне енгізу тәрізді келелі мәселелер ұстаздарға шеберлік пен іскерлікті, кәсіби дайындығының сапасын өсіру және дамыту міндеттерін қойып отыр.
Біздер, әрбір адам қоғамның дамуынан, қоршаған әлемнің, академик В.Вернадскийдің айтуынша, ноосфераның өзгерістерінен артта қалып келеміз. Сондықтан бұл мәселе әр адамның жасына, қызметіне қарамай, үнемі білім алу қажеттлігін арттыра түсетін фактор ретінде қарастырылады.
Осыған орай, мемлекетіміздегі білім беру жүйесін модернизациялаудың 2015 жылға дейінгі тұжырымдамасындағы басты мәселе де “өмірлік білімнен – баршаға өмір бойы игерілетін білім ұстанымына” өту болып отыр.
Білім және ғылым министрлігі үстіміздегі оқу жылы бірінші рет тамыз педагогикалық кеңестерін мұғалім мәселесіне арнап, “Егемен Қазақстанның мұғалімі: оның әлеуметтік беделі мен кәсіби мәртебесі” деген тақырыпта өткізді. Мұғалімнің әлеуметтік беделі мен кәсіби мәртебесін көтеру қажеттігін алдымен білім беру және ғылыми қызметкерлерінің ІІ респуликалық сиезінде еліміздің Президенті Н.Назарбаев айтқан болатын.
Мұғалімнің кәсібилігі туралы әңгіме қозғағанымызда өте көп мәселелік сұрақтар туындайды. Сөз жоқ, мұғалімнің кәсіби деңгейін оның оқушыларға тиісті дәрежеде білім беру, біліктілік пен дағдыларды қалыптастыру тұрғысынан бағалау қажет-ақ.
Қазіргі өмір талабына сай педагогикалық жоғары оқу орындары білімді мұғалім ғана емес, әрі тәрбиеші, әрі қоғамшыл, әрі зерттеуші, әрі ұйымдастырушы мұғалім даярлау – күрделі үрдіс.
Бүгінгі білім беру саласындағы көкейкесті мәселенің бірі – біліктілікті арттыру. Яғни біліктілікті арттыру жүйесінің жаңа дидактикасын жасау.
Педагогика саласында “біліктілік” термині әр түрлі аспектіде, соның ішінде кәсіби даярлық, кәсіби шеберлік мәселелеріне жақын қарастырылады. Н.Кузьмина“кәсіби біліктілік – іс-әрекеттің сапалылығының сипаттамасы және еңбектің ең жоғарғы бағасы, ал іс-әрекеттедегі кәсіби біліктілік – бұл маманның кәсіби міндеттерді шешуде бүгінгі заманға сай мазмұн мен жаңа сараланатын, іс-әрекеттің субъектісіне, нақты мамандық өкіліне сапалы мінездеме мен баға беру” деп атап көрсетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет