Дәріс № 29-30 Дәріс тақырыбы: Жоғары және Орта оқу орындарында тәрбие процесін жоспарлаудағы мұғалім шеберлігі. 1.Студенттер ұжымындағы тәрбие жұмысын жоспарлау шеберлігі.
Дәріс мақсаты: жоғары және орта оқу орындарында оқу-тәрбие процесін басқарудағы мұғалім шеберлігі туралы білім, білік, дағдыларын қалыптастыру.
Дәріс мәтіні Мектеп реформасының негізгі бағыттарында былай деп жазылған: «Болашақ мұғалімдерге, тәрбиешілерге ең осы заманғы білім мен жақсы практикалық даярлық беру керек» Жаңа оқу жоспарлары жасалады, онда студенттер тиянақты даярлаумен қоса, оқытудың практикалық бағытына да айрықша көңіл бөлінеді. Халыққа білім беру жүйесінің барлық буындарында барлық мұғалімдер мен тәрбиешілер үшін жоғары педагогикалық білім алу мІндеті қойылған.Студенттердің оқуы, еңбегі, тәртібі жөніндегі жеке жауапкершілігі арттырылады. Болашақ маман өзінде қоғамдык, белсенділіктІ, коллективте өмір сүру мен жұмыс істей алуды, алуан түрлі іскерлік пен дағдыны қалыптастыруды дамытуы тиіс,—'мұның барлығы мұғалім өмірін барынша қызғылықты, әрі мазмұнды ете түседі және де мектепте тәрбие жұмысын тиімді өткізуіне ықпал етеді. Студент білімінің сапасына ерекше талап қойылады. Студенттің лабораторияларды, кабинеттерді, аудиторияларды, оқу залдарын, спорт мүліктері мен құрылыстарын — жалпылай және кәсіптік мамандығын жетілдіруге қажетті, барлығын тегін пайдалануға право берілген. Оның ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге правосы бар. Өзін-өзі басқару органдарында студенттерге кең право берілген. Жоғарьг оқу орындары студенттердің өзІнің ішкі кодлективіндегі проблемаларды — білім сапасын, оқу пәндерін, стипендия тағайындауды, жатақханаға орналастыруды т. 6. жақсартуды — белсене талқылауға және шешуге мүдделі.Педагогикалық жоғары оқу орындарынын. басшысы ректор, оны Халыққа білім беру министрлігі тағайындайды, немесе институттын, Ғылыми советінің жалпы жиналысында жасырын дауыспен сайланады. Ол институттағы бүкіл жолға қоюға тікелей жауап береді. Жоғарғы оқу орнының оқу-методика, ғылыми-зерттеу және әкімшІлік-шаруашылық қызметтеріне проректорлар басшылық етеді.Институттың негІзгІ құрылымдық бөлІмшесІ кафедра. Оның меңгерушісін — профессордан немесе доценттен инстнтут советінде жабық дауыспен сайлайды, Кафедра бір немесе бірнеше шектес ғылыми пондерден ғылыми-методикалық және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асырады.Мамандық профилі бойынша ұқсас кафедралар (жалпы институттық кафедралардан басқасы) факультетив бірігіп, оны декан басқарады. Деканды жетекшІ пәннің мамандарынан жабық дауыспен сайлайды. Ол факультеттегі оқу, тәрбие және ғылыми жұмыстарға жалпы басшылық етеді. Деканның студенттерді курстан курсқа көшіруге, мемелекеттік емтихан тапсыруға жіберуге, қоғамдык комиссияның ұсынысы бойынша стипендия тағайындауға правосы бар.Жоғары оқу орындары жүйесінде өзін-өзІ басқаруда кәсіподақ ұйымы маңызды орын алады. Оның қызметі студенттерге көмектесуге, олардың оқуын, еңбегін, тұрмысы мен демалысын жақсартуға арналған.Жоғары оқу орындарында мынадай лауазымдар белгіленген: профессор (әдетте, ғылым докторы), доцент (әдетте, ғылым кандидаты), аға оқытушы, ассистент, кабинет менгерушісі, аға лаборант, оқу мастері, лаборант.Институтта совет болады, оның құрамына ректор, проректорлар, декандар, жетекші профессорлар мен доценттер, қоғамдық ұйым өкілдері мен студенттер, сондай-ақ халық шаруашылығы мен мәдениеттің тиісті салалары енеді.
Оқу жоспарынын, негізінде программа жасалып, онда оқу пәндерінің мазмұны мен оқыту логикасы айқындалады. Оқу жоспары — бұл мемлекеттік документ, онда оқу лондерінің құрамы, бірізділігі және оларды оқу жылына қарай оқыту тәртібі белгіленеді.
Педагогикалық институттың оқу жоспарының құрылымында үш негізгі цикл болады:
1. Қоғамдық ғылымдар: философия, саяси экономия. Оқу пәнінің бұл циклі мұғалімінің кәсіптік мамандығының, мінез-құлқының және қызметінің идеялық және дүниетануын қалыптастырады.
2. Психологиялық-педагогикалық ғылымдар: мамандыққа кіріспе, педагогика, тәрбие жұмысының методикасы, педагогика тарихы, жалпы психология, жас ерекшелік және педагогикалык психология, мамандық түрі бойынша пәнді оқыту методикасы. Психологиялық-педагогикалық пәндер мұғалімнің педагогикалық қызметінің және кәсіптік шеберлігініқ ғылыми негіздерін айқындайды.
3. Арнайы ғылымдар — мамандық түрін айқындайды,— ол болашақта ғылыми жоғары деңгейде оқытудың негізі.
Студенттердің, ақыл-ойына, жүрегіне және ерік-жігеріне ықпал етуі жағынан жоғары оқу орындарында лекция бірІншІ орын алады. Ол арнайы құрылған сол аудитория үшін ғылым мен ғылыми-педагогикалық ойлау үлгісінің жүйесін байланыстырады. Лекция — бұл тек информация ғана емес, оқытушы студенттер қарым-қатынасы және бірлескен қызметінің әрекеті. Сондықтан да институтта лекцияны оқу жұмысынын, ешқандай формасымен алмастыруға болмайды.
Лекцияны оқу және тыңдау — лектор үшін де, студент үшін де күрделі, әрі ауыр жұмыс. Лектор шындығында үш жақты қызмет етеді: лекцияны шығарушы, оны коюшы және, ең соңында орындаушы. Студент лектор ойын қалт жібермей қадағалайды, негізгілерін саралап, принципті қағидаларын сын көзімен қабылдап, информацияны толық сезінуге жәнеде ең қажегтілерін өз ақыл қоймасында — жадында сақтауға тырысады. Сонымен қоса ол неғүрлым толық түсінікті, оны анық етіп жазуға үлгеруі тиіс.Лекцияны оқу барысында оқытушы қыруар нерв және интеллектуалдық күш жұмсайды, алайда ол студентке қарағанда едәуір қолайлы жағдайда болады, өйткені ол өзінің күні бұрын әзІрлеген лекциясын бірыңғай баяндайтындықтан, оқытушы уақыты субъективті түрде тез өтеді. Ал студент болса 90 минут бойы қозғалмай отырып информацияны қабылдауы, талдауы және көкейіне тоқуытиіс.Лекцияға дайындалғанда: өткен лекция конспектісн оқып шығу, тиісті тарауды оқу құралынан қарау, негізгі ұғымдарды қайталау қажет.Лекцияны міндеттІ түрде конспектілеуі қажет. Кім жазьш отырса, екІ рет оқып шыққаны,— деп тегін айтылмаған. Лекцияны конспектілеудің ең қолайлы түрі — лек-ция мазмұнын өз сөзіңмен ықшамдап жазып, қажетті тұсына белгі қою.Семинарлар, лекциялар секілдІ, сабақтын, теориялық формасына жатады. Студенттер семннар сабақтарында лекцнялардан және өзінің дербес жұмысы арқылы алған білімің тереңдетіп, нығайтады, өз сенІмІн тексередІ және айқындайды, терминологияны меңгереді, сол арқылы еркін оқуға үйренеді, өз көзқарасын қорғайды.Практикада семинарды өткізудің бірнеше формасы қалыптасқан: 1) сұрақ-жауап семинары, 2) студенттерге күні бұрын берілген жоспар бойынша жан-жақты әңгіме өткізу, 3) студенттердің ауызша баяндамалары, соңынан оны талқылау, 4) жазбаша рефераттарды талқылау, 5) теориялық конференция, 6) семинар диспут, 7) түпнүсқаға түсінік бере отырып оқу . Аудиториялық сабақтың едәуір бөлігін лаборатория . Ал –практпкалық жүмыстар алады. Тапсырманы дербес орындау дәрежесіне қарай оларды репродуктивтік (бүрын орындалған тапсырманы еске түсіру) және творче-стволық (білім мен ІскерлІкті жаңартуды, қайта құруды, жинақтауды қажет ету) деп бөлуге болады.Лабораториялық-практикалық сабақтар ойлауды ынталандырады, теорияны практикамен, оқу жұмысын ғылыммен жақындатады, білімдІ нығайтуға ықпал етедІ. Ол ойдағыдай орындалады, егер:
студент жұмыстың мақсаты мен міндетін түсінсе;
оған алдын ала әзірленсе (қажетті әдебиеттерді оқыса, тиісті өлшеулерді орындаса, фактілерді жинастырса т. б.);
жұмысты орындау барысын жоспарласа жаңа өзін-өзі бақылау сәтін белгілесе;
жұмыс барысын және оның нәтижесін тіркеп отрыса;
жұмысты аяқтағаннан кейін нәтижесінің дұрыстығын тексерсе және жұмыстың бастапқы кезіне ойша қайта оралып, оны қалайша тиімдІ істеуге болатынын ойластырса.Студенттер оқу барысында қиналса консультация алуға мүмкіндігі бар. Бұл көмек берудің басты формасы. Оның өзі формасы жағынан топтық, толассыз және жекелей, мазмұны жағынан — таныстыру, тақырыптық және емтихан алдындағы болып бөлінеді. Кейде консультация коллоквиум немесе әқгімелесу формасында өткізІледі.Оқу жоспарында студенттердің психология, педагогика, методика және арнайы пәндер бойынша курстық және дипломдық жұмыстар орындауы көзделеді. Бұл — оқу-зерттеу жүмыстарының күрделі түрі. Курстық жұмыста| студенттердің білімін тереңдетумен қоса, ғылыми-зертте; қабілетін де дамытады.
Курстық жұмыстарды атқарудың практикада тексерілген мынадай кезеңдері бар:
Такырып таңдау. Әдетте курстык және дипломдык жұмыстың тақырыптары кафедрада жасалып, студенттерге хабарланады. Әрбір студент кез келген тақырыпты немесе өзІ ұсынған тақырыпты таңдай алады, соңғы жағ-
дайда тақырып кафедрада бекітілуі тиіс.
Курстық және дипломдық жұмыстардың шартты құрылымы мынадай:
Кіріспе. Тақырып мәмін дәлелдейді, әдебиеттерге қысқаша шолу жасайды, өз болжамын келтіреді.БірІншІ тарау, Теориялық жұмыстар мен мектеп практикасындағы проблемалар жайы талданады.Екінші тарау. Әз байқауларын, алған фактілерін, эксперимент деректерін талдайды.Қорытынды. Жалпы қорытындыны және практикалық ұсыныстарды жинақтайды.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.Курстық жұмыстьщ көлемі — 20—25 бет, дипломдык жұмыс — 50—60 бет. Оның бірінші (титул) бетінде институты, кафедрасы, автордың аты-жөні, факультеті мен курсы, ғылыми жетекшісінін фамилиясы, аты-жөні ғылыми атағы, жұмыстың орындалған жылы көрсетіледі. Жұмыс үлгісі кафедраларда әрдайым болады. Қурстық жұмыс кафедралық комиссияда, дипломдық — Мемлекеттік емтихан комнссиясы алдында қорғалады.Студенттерді алдын ала аттестациялауды (көбінесе лабораториялық және практикалық жұмыстардың нәтижесі бойынша) зачет деп атайды. Ол емтихан алдындағы әзірлік іспеттес. Зачеттар мен емтихандар — оқу процессінде информацияны керісінше алу кұралы, мұның өзі оқытушынын оқыту сапасын білуіне, ал студентке мамандығын қаншалықты игергендігін білу үшін қажетті.Емтихандағы ең бастысы — білімді тереңдету және жүйелеу. Сонымен қоса емтихан — студенттердің білімін, Іскерлігі мен дағдысын, сондай-ақ олардың жалпы өресін тексеру. Емтихан билет бойынша да, емтихан алушының ауызша сұрағы бойынша да, бірақ міндетті түрде қолданылып жүрген оқу программасы негізінде жүргізіледі. Оқытушының зачет кітапшасына «зачет берілді» деп жазуына немесе емтихан бағасын қоюына правосы бар. Мұндайда студенттің лекцияларға, семинарлық және лабораториялық-практикалык сабақтарға қатысуы, сондай-ақ күнделікті өткізілген әңгіме нәтижесі ескеріледі.Емтихан қорытындысы бойынша мынадай баға қойылады; «өте жақсы», «жақсы», «қанағаттанарлық», «қанағаттанарлықсыз». Студент «өте жақсы» деген баға программалық материалды терең, әрі толық меңгергені, берген жауабының сауатты, дәлелді' және логикалық қисындылығы үшін, әдебиеттерді білетІндігІ үшін қойылады.МұғалІм қызметІ өзінің сипаты жағынан ғалым еңбегіне ұқсас. Педагог шәкіртін тиімді оқыту және тәрбиелеу үшін оның жеке өзін және рухани қалыптасу процесін үнемі зерттейді. Практикалық педагогикада ен бастысы — тәрбие ықпалыньщ нәтижесінде балада нендей өзгеріс болғанын, мұғалім жұмысының қандай тәсілдері меи амалдары оқушыңың белсенділігіне ықпал еткенін, білім мен практикалық тәжірибенІ терең де, тиянақты меңгертудің төте жолы қайда екендігін әр қашан көре, сезе білуде.Көптеген мұғалімдер өзі оқытатын ғылымнан байыпты зерттеулер жүргізед.І. Журналдар мен жинақтарда ғылыми мақалалар жазатын, оқу құралдары мен монографиялар шығаратын талай мұғалімдер есімі белгІлі. Мұғалімдер тартымды педагогикалық диссертациялар жазуға. Зерттеуші мұғалімнің творчестволықпен, әрі нәтижелі жұмыс істейтіндігі байқалады.Ғылыми еңбек белгілі бір қабілеттілікті қажет етеді, ал оның өзі кез келген студентте болады. Әрине, оны белгілі бір бағытта, әрі ұдайы дамытып отыру қажет. Зерттеушілік қабілет — бұл ақыл-ойдың белгілі бір қасиеті, бірінші кезекте проблеманы көре білушілік. Резерфорд былай деген екен: егер оның қарамағында жас ғалым істесе және ол екі жылдан кейін бұдан әрі не істеймін деп сұраса, ұстазы оған ғылыми жұмысыңды таста деп кеңес берер еді. Творчестволық ақыл-ой қаралайым нәрседеп кереметті, өзгелер байқамағаны сұрақты көре білуі тиіс. Венгер ғалымы А. Сент-Дьёрдьи былай деп жазды: «Жаңалық ашу — демек бәріміз керіп жургенді көре білу, бірақ осыған дейін ешкімнің ойына келмегенді ойлай білу» '. Ал Д. Бернал былай деп түсіндіреді: «Проблеманың шешімін тапқаннан гөрі, оны көре білу әлдеқайда қиын. Оның алғашқысына іскерлік, ал екіншісіне — қиял қажет» Ғылыми творчества білнді қажет етеді. Алайда мәселе оның көлемінде ғана емес, білімнің жүйелілігінде және әсерлілігінде, БІлім ақыл-ой «семіздігі» емес, ақыл-ой бұлшық еті болуы тиіс. Көп білген ғалым емес, бәрінен көп оқытатын ғалым.Талапты ақыл-ой байқағыштығьшен де ерекшеленеді. И. П. Павлов Колтушадағы өз институтьшың бас ғимаратына «байқағыштық» деген сөздІ ойып жазуды тапсырды. Әдетте адамдар байқағанын емес, қорытындысьн жазуға әуес, ал ғалымдар болса фактІ — ғылым ауасы екенін жақсы бІледІ.Творчестволық ақыл-ой жинақталған тәжірибе арқылы ұқыпты, әрі үнемді жұмсалады. Зерттеуші жаңа жұмысты бастағанда өз білімі мен жұмысы амалдарын барынша пайдаланады.Зерттеушінің кұбылысты топтастыра білетін, дәл анықтамасын беретін, жинақтайтын болжамы мен қиялын ойластыратын да ерекшелігін атап көрсеткен жөн.Бірақ еңбексіз ешбір қабілет дамымайды. Зерттеуші әрдайым еңбекқор, Жаңа идеялар мен шешімдер — И. П. Павлов айтқандай, ұзақ та, тынымсыз ойлаудың нәтижесі.Ғылыми-техникалық прогресті жеделдету мақсатында педагогикалық жоғары оқу орындарыпда ғылыми зерт-теулердің ролі едәуір арта тусуде. Педагогика мен мектеп проблемаларьша институт ғалымдарымеи қоса, студепт-тер де белсене араласуы тиіс. Ол үшіп ең алдымен ғылымя таным тәсілін меқгеру қажет. Кез келген ғылыми кыз-меткердІң компасы — маркстік-лениндік философия. Сту-денттер ғылыми зерттеу тәсілдерінің жалпы негІздерІ ретінде материалистік диалектиканың заадары мен категорияларын терең менгеруі тиіс.Мәңгі өлмейтін және сарқылмайтын тапым көзІ педагогикалық төжірибе, мектеп пен мұғалімнід ойдағыдай жұмыс істеуі болып саналады. Педагогикалық қызметті бақылау, ондағы жаңа мен қызғылықты нәрсені адғарту, сөйтіп жетістікке жететін жағдайларды ойластыру кажет.Алайда нақты мәселе бойынша ғылымда не істелгенін білмей түрып, зерттеуді бастауға болмайды. Жарияланған материалдар тасқынына «батып» кетпес үшін ең құнды түпнұсқаларды мұқият таңдай білу қажет. Мақалалар мен монографияларды жай ғана оқып қоймай, оның текстеріне түсіруді үңілу қажет. Орта ғасыр ойшылы Аб-дуль-Фарадж мынадай кеңес береді: Қітаптарда тұжы-рымдалған ойлар біздід пегізгі байлығымыз, ал өзімізде панда болған ойлар — сол кітаптардыд жемісІ болуы тиіс. Байқау мен экспериментті іздеген нәрсе айқын болғанда және іздестіру нәтижесінде не күтуге болатынын білгенде ғана ұйымдастырады. Зерттеудіц бұл тәсілі мұқият жоспарланады және ерекше танымды, әрІ ғылыми жетекшімен толық консультация алуды қажет етеді. Қоғамдық пікірді зерттеу үшін анкеталау, әңгіме өткізу, интервью алу және тапсырма беріп тексеру әдістері қолданылады.Сұрақтар мен тапсырмалар (тестар) құру — білім мед тәжірибені қажет ететін өте күрделі іс. Анкеталарды және басқа да сұрақтарды, оларды өткізу шараларыд міндетті түрде ғылыми жетекшімен ақылдасады. ҚазіргІ кезде аса көп эстетикалық материалдарды ЭВМ көмегімед өңдеуге болады.Болашақ мүғалім тар келемдІ мамандық ретінде ғана емес, қоғамшыл-педагог, азамат ретінде де қалыптасады. Студенттердід ерекше бағалы сапасын дамытатьш құнарлы ортасы — олардың бастауыш коллективі болып саналатын студенттік топ. Нағыз коллектив бірден құрылмайды. Студенттер институтты бітіргенше студенттік топ нағыз коллектив болмайтын жағдайы да кездеседІ. Мұндай жағдайда болашақ мұғалімдердің кәсіпік-педагогикалык даярлығы мен азаматтық бағыты едәуір ойсырайды.Кез келген бастауыш коллектив секілді студенттердің бастауыш коллективі де бір мақсатқа, бірыдғай коллективтік пікірге жұмылдырылуы, ұйымшыл және тату болуы, қоғамға пайдалы жұмысқа белсене қатысуы тиіс. Мұндай коллективте студенттер оқуьш ғана емес, бос уақытын да ойдағыдай өткізеді. Ұйымшыл студент коллективі оқушылар коллективінщ моделі іспеттес, ертең олар институтты бітірг,енде де мектеп коллективінің ұйтқысы бола алады.Коллектив — жеке студенттіқ — болашак мұғалімнің қалыптасуының объективті факторы, ал оның өзі кед ұйымдық, дербестікке, өз бетінше әрекет етуді өрістетуге негізделуі тиіс. Студент топтардың қызғылықты, мазмұнды және тату өмірі топтағы оркімнің жеке көпшіліктің, жетекші мен қарапайым мүшесінің күш-жігерімен құрылады.Мұғалімнің оқушылармен, ата-аналармен, еңбек коллективтерімен қарым-қатынас жасай білу тәжірибесі, сондай-ақ ұйымдастырушылық іскерлігі мен дағдысы өмірлік қажеттілігі. Мұғалім әрқашанда лектор, үгітші, әрі насихатшы болуы, мектепті басқара білуі, кәсіподақ ұйымдарының активисі болуы тиіс. Ол біреудің қол астында жұмыс Істей білуі де, кезі келсе басқара да білуі керек.