Дәріс №1 Дәріс тақырыбы: Педагогикалық шеберлік компоненттері



бет40/45
Дата28.12.2022
өлшемі269,03 Kb.
#164724
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45
Байланысты:
пед шеберлик

Бақылау сұрақтары:

  1. Бастауыш сынып мұғалімі өзін-өзі тәрбиелеуі қалай жүреді?

  2. Мұғалімнің өзін-өзі қалыптастыруы дегенді қалай түсінесіз?



Дәріс № 25
Дәріс тақырыбы:
Педагог шығармашылығы педагог шеберлігін дамыту факторы ретінде

  1. Педагогикалық шығармашылық және оның кезеңдері.

  2. Шығармашылықтағы мұғалімнің психологиялыk cапалары

Дәріс мақсаты:
педагог шығармашылығы туралы білім, білік, дағдыларын қалыптастыру.
Дәріс мәтіні
1.Мұғалім еңбегі – ғылым, педагогикалық өнер, таланттылық сияқты элементтерден тұратын әр қырлы әрекет. Әр жастағы, дайындығы мен табиғаты әр түрлі балаға білім мен тәрбие беруде белгіліні өзгертіп, ал жаңадан жаңаны тудырушы суреткерлік шығармашылықтың белгісі. Ескілікті елемей жаңа жолмен жүруге бағыт алу, біртүрлілікті қабылдамау, ойлап табу, тудыру, жасап көру – жаңашыл мұғалімнің күнделікті кәсіби жағдайы. Шығармашылық – барлық әрекеттің сапа белгісі, ал шығармашыл мұғалім – барлық реформаның негізігі кейіпкері.
Шығармашылық – мәселені белгілі тәсілдермен шешуге болмайтын жағдайда туындайды. Дегенмен, бұл қисынсыз әрекет емес. Жаңа тапқыр шешім қабылдауға әкелетін әрекет - әр түрлі деңгейде, бірнеше кезеңдерден тұратын күрделі психологиялық үрдіс. Осы мәселені зерттеген ғалымдар педагогикалық шығармашылық төмендегідей кезеңдерден тұратынын анықтаған:

  1. педагогикалық ойдың пайда болуы;

  2. түпкі ойды талдау;

  3. педагогикалық ойды әрекетке айналдыру;

  4. шығармашылықтың нәтижесін талдап бағалау (В.А.Кан-Калик, Н:Д.Никандров);

  1. жаңалықты көру;

  2. педагогикалық өнертапқыштық құрастру, модельдеу;

  3. жетілдіру (В.И.Загвязинский).

Бұл кезеңдерде қызығушылық, интеллект, қажетті білімді тез арада меңгере білу, байқампаздық, ойлау операцияларын іске қоса алу, тапқырлық, энтузиазм, табандылық, еркіндік пен өзіне деген сенушілік сияқты тірек сапалардың болуы шығармашылық әрекетті нәтижелі етеді.
Шығармашылық әрекетте мұғалімнің өз еңбегіне сыни тұрғыдан қайта қаруы, қанағат табуы, оны орындаудағы дербестігі, жағымды мотивацияның қалыптасуы т.б.орын алады. Сонымен қатар шығармашылықта мұғалімнің төмендегідей психологиялық сапалары дамиды: жалпы білімнің тереңдігі, сараланған арнайы білімдер, дамыған ақыл-ой қабілеттері мен икемділігі, өнертапқыштыққа және еңбектегі жаңалыққа қуана білу, мәселені терең түсіне білу және оны шешудің ең тиімді жолын таңдай алу, эмоциядағы қалыптылық, шыдамдылық, бастаған істі аяғына дейін жеткізе алу, тәуекелге бел байлай білу, саналылық, белсенді өмірлік позиция. Мұғалімнің шығармашылық әлеуетін дамыту теориясы үшін әдіснамалық қағидалардың негізгілерінің бірі әрекеттік ұстаным болып табылады. Әрекет теориясының психологиялық негізін жасаған ғалымдар Б.Г.Ананьев, А.И.Леонтьев, А.Р:Лурья, С.Л.Рубинштейн, Л.С.Выготский оны төмендегідей сипаттайды. Әрекет – іс-қимыл бірлігі, саналы түрдегі, мақсатқа жетуге бағытталған тікелей жасалатын, еркін ниеттілік, белсенділік. Әрекетте адам субъект ретінде танылып, оның жасампаздығы, іскерлігі, қайраткерлігі қалыптасады. Осы авторлар әрекеттің төмендегідей ішкі құрылымдардан тұратынын белгілейді: қажеттілік және мотив, мақсат, құрал, амал-тәсіл, нәтиже, рефлексия.
Шығармашылықты әрекет ретінде қарастыру адам дамуының мүмкіндігінің шексіздігін танытады. Білім алушының үздіксіз білім алу жолындағы белсенділігі туралы Ю.Н.Кулюткин, А.В.Даринский, т.б. атап өткен. Шығармашылық сөзсіз мұғалімнің өзінің даралығын, жасампаздығын қалыптастырады.
Педагогикалық шығармашылыққа байланысты зерттеулер аз емес, бірақ жаңа субъект-субъектілік парадигма жағдайында шығармашылық адамның өзін-өзі өзгерте алуы ретінде қарастырылады. Себебі - шығармашылық жағдайында жұмыс жасайтын мұғалімнің әрекеті ең алдымен өзіне бағытталады. Ол өзінің “кәсіби дамуының жақын аймағын” ұйымдастыру арқылы ең алдымен өзін дамытады, соның нәтижесінде педагогикалық еңбекті жаңа деңгейге көтереді.
Ғалымдар шығармашылықты әлемді жаңартудың формасы ретінде қарастырады (А.Бергсон, В.И.Вернадский, т.б.). Оны жасаушы адам өзіне табиғаттан берілген қабілеттері мен қажеттіліктеріне орай жасампаздықсыз өмір сүре алмайтындығына, ал кейбір адамдарда шығармашылыққа деген қажеттілік болмай жатса, ол оның деградацияға ұшырауы деп түсіндіреді. Ғылыми-теориялық еңбектерге талдау жасау: тек шығармашылықта, шығармашылық арқылы ғана адам өз табиғи қалпының шыңына шығады, шығармашылыққа қабілетті адам-қайталанбас, біртуар адам (В.А.Караковский), жеке тұлға деңгейіндегі шығармашылық “ішкі” өзін-өзі жсау және сыртқы қоршаған әлемді өзгерту жағдайындағы диалектикалық бірлікте жүреді деген қорытынды жасауға негіз болды.
Прогрессивті даму моделі шеңберінде мұғалімнің шығармашылық әлеуеті: бейімделу, өзін-өзі айқындау және өзін-өзі іске қосу кезеңдерінен тұрады. Бейімделу кезеңіне шығармашылықтың әлеуеттің құндылықтары туралы бастапқы білімдерді жинақтау жатады. Бұл кезеңде ойлау стилін және дүниетанымды қайта құру орын алады. Мұғалім әрекетінде болашақ шығармашылыққа негіз болатын репродуктивті элементтер молаяды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет