Дәріс № 2
Дәріс тақырыбы:
Педагогикалық шеберлік компоненттері.
1.Гуманистік бағыт.
2. Кәсіби білім.
3. Педагогикалық қабілет.
4. Педагогикалық техника.
Дәріс мақсаты:педагогикалық шеберлік компоненттері туралы түсінік қалыптастыру. Дәріс мәтіні:
Мұғалімнің ерекше кәсіптік және қоғамдық қызметі өз тәрбиеленушілерінің, ата-аналарының, бүкіл жұртшылықтың тарапынан мұғалімнің жеке басына, оның моралдік бейнесіне орасан зор талаптар жүктейді. Ең бірінші білікті мұғалімге қойылатын талап – педагогикалық қабілеттіліктің болуы.
Шығармашылық ізденіс еңбектің, мамандықтың барлық саласына да өте қажет, ал мұғалім үшін ол ұстаздық дарындылыққа жетудің жолы, педагогикалық еңбекте шешуші орын алады. Мұғалімде педагогикалық бейімділіктің болуы – оның еңбектегі нәтижесінің кепілі. Педагогикалық қабілет пен мінез-құлық қасиеттері мектептегі кезден-ақ біртіндеп көріне бастайды да педагогикалық институттарда әрі қарай дамып, жетіледі.
Демек, идеалдық жағдайда педагогикалық қызмет пен мамандыққа бейімділік аңғартқан, дарынды, қабілетті адамдар айналысуы қажет.
Педагогикалық қабілеттілік (талант, мамандықты сүю, нышан) педагогикалық мамандықты ойдағыдай меңгерудің шарты болып табылады, бірақ шешуші кәсібі деп қарастыруға болмайды. Қаншама адам айқын нышанды аңғартып, мұғалімдік мамандыққа үміткер болғанмен, шын мәнінде, педагог болып шыға алмайды, керісінше, алғашында жеткіліксіз қабілеттілік аңғартқан ұстаздар кейіннен педагогикалық шеберліктің шыңына жеткені қанша? Сондықтан да педагогтің қажетті кәсіби сапаларына еңбек сүйгіштігін, тәртіптілігін, жауапкершілігін, мақсат қоя білу іскерлігін, жетістікке жету жолын таңдай білу, ұйымдастырушылықты, табандылықты, өзіне кәсіби деңгейін арттыруды және т.б. жатқызуға болады.
Мұғалімнің кәсіптік - педагогикалық даярлау проблемасын зерттеуге арналған еңбектерде (Ф.Н.Гонобалин, Т.А.Воробьева, Н.В.Кузьмина, В.А.Сластенин, Р.И.Хмелюк, Н.Д.Хмель, А.И.Шербаков және т.б.) кез келген адамның мұғалім бола алмайтындығы дәлелденген. Мұғалімдік мамандықтың соншама көптігіне қарамастан, оны меңгеру үшін қабілеттіліктер мен тұлғалық сапалардың ерекше қатаң құрылымы, белгілі әлеуметтік – психологиялық бейімділік қажет.
Психологтар профессиограмманы негіздеуде педагогикалық қабілеттіліктердің түрін анықтауға көңіл бөледі. Мәселен, В.А.Крутецкий дидактикалық, академиялық, коммуникативтік, ұйымдастырушылық, қабілеттіліктерді қарастырды. А.И.Шербаков негізгі педагогикалық қабілеттіліктерге дидактикалық, конструктивтік, перцептивтік, экспрессивтік, коммуникативтік және ұйымдастырушылық қабілеттіліктерді жатқызды.
Мынадай түрлерге ажыратылады:
гностикалық (тани білу және танымнан қанағат алу бірлігі);
дидактикалық (білімді түсіндіру, бере білу және оқыту бірлігі);
коммуникативті (қарым-қатынас жасау, ынтымақтасу бірлігі);
ұйымдастырушылық (тәрбиеленушілерді алуан түрлі іс-әрекеттерге қосу, оларда оған деген қызығушылықты шақыру, өкілеттік беру, барлық қатысушыларды біріктіру және қызығушылығын қойылған мақсаттарды іске асыруға бағытталған бірлігі);
перцептивті (баланың ішкі әлеміне ену, олардың қобалжыған сезімін және күйін, қабілеті мен эмоциясын түсіну білігі);
болжамдық (педагогикалық болжай білуді жүзеге асыру педагогикалық іс-әрекетте өзара әрекет нәтижесін болжамдау бірлігі);
суггестивті (мұғалімнің эмоционалды – жігерлі иландыруы, оның бекем қайратты сөзі көмегімен ықпал етудің қажеттінәтижесіне жету білігі);
экспрессивті (өзінің білімі мен нанымын эмоционалды және мәнерлі етіп береалу, мұғалімнің әртістігі, сөйлеудің көп бейнелі интонациясын, ымды, қозағалысты, икемділікті меңгеру бірлігі).
Педагогикалық шеберліктің бар немесе жоқтығын анықтау үшін И.А.Зиязюн мынадай критерийлерді белгілеген:
мақсатқа дайындылығы (бағытталғандығына қарай)
өнімділігі (нәтижесіне қарай білімдік, тәрбиелегендік дәрижесі)
оптимальдық (әдістерді, құралдарды таңдауына қарай)
шығармашылығы (іс-әрекеттің мазмұнына қарай)
Мұғалімнің кәсібі білімі – мұғалімнің әлеуметтік тәжірибені меңгеруі, игерген білім, білікті тәжірибеде қолдана білуі және өзін-өзі, қоршаған ортаны жаңарту қабілшетімен қатар басқа адамдармен қарым-қатынас жасай білумен сипатталады.
Кәсіби білімді жоғары деңгейде меңгерген мұғалімнің шешуге тиісті міндеттері:
жаңаша ойлауға, таным және өзіндікұйымдастыру әдістеріне оқыту;
оқушыны құбылысқа тұтастай және қозғалыс кезінде қарауға үйрету;
оқушыны өзін-өзі ұйымдастыруға үйретіп, өз бетінше өмір сүрудің нақты жолын көрсету;
Педагогикалық кәсіби білімді жоғары деңгейде меңгерген мұғалімге тән мінез-құлық:
балаларды сүйе білу ізгілікті қағида мұғалімнің адами маңызды сапасы;
баланы, адамды құрметтеу әр адамның бойына тұлғаны көре білу қасиеті;
балаға, адамға сену, оқу процесіндегі жетістік кепілі, ізгіліктік пен өзіне-өзі сенім;
оқу процесінеқатысушы ретінде баланың, адамның досына айналу, оған қолдау көрсету және көмектесу;
Педагог тұлғасының арнайы қасиеттері мен сапалары:
әрекетшілдік сапа (жауапкершілік, ар-намысшылдық, еңбексүйгіштік, нақтылық)
рефлекстік сапа (ұқыптылық, тиянақтылық, өзіндік, сыншылдық, білімпаздық)
коммуникативтік сапа (шыншылдық, сенімділік, ұстамдық,талап қоя білушілік, міндеттілік)
эмпатиялық (өзіндік түсіністік, қайырымдылық, түсінушілік, қайғыға ортақтаса білуге қабілеттілік)
Қазіргі заманғы құзырлығы қалыптасқан мұғалімнің кәсіби әрекетінің құрамына енетін бөліктерді меңгеру әр мұғалімнің міндеті, олар: ақпараттылық, зерттеу, интеллектуалдық, креативті, диагностикалық, болжау, коммуникативті, аксиологиялық.
Болашақ педагогтардың кәсіби міндетін дамыту қазіргі уақытта психологиялық педагогикалық зерттеу мәселесіне айналуда.
Мұғалім мамандығының ерекшелігіне байланысты талаптарға мұғалімнің сөйлеу мәдениетінің болуы, коммуникативтілігі, шыдамдылығы, ұйымдастырушылық қабілетінің болуы, шығармашылық іскерлігінің болуы, жауапкершілігі үнемі үлгі өнеге болуы және т.б. кіреді.
Мұғалімге қойылатын талаптар өте көп. Г.Г.Воробьев «Школо будущего начинается сегодня» деген мұғалімге арналған кітабында оқушылардың мұғалімге қоятын жиырмадан астам талабын көрсеткен.
Педагогикалық шығармашылық – педагогтың жеке даралығының, оның тәжірибесінің, дарындылығының, қабілеттілігінің, тұлғалығының, қиялы мен түйсігінің жоғары көрнісі. Кәсібилігі мен шеберлігінің жоғары өлшемі: мұғалімнің оқу-тәрбие процесіне тиімді және стандарт емес педагогикалық шешімдер әзірлеу мен орындауы, тәрбие мен оқытудың теориясы мен практикасын байыту. Педагогикалық шығармашылық алдыңғы қатарлы инновациялық тәжірибеге, ғылыми жетістіктеріне, педагогикалық шешім табуда өз тапқырлығына сене отырып, мақсаттардың, құралдардың және нәтиженің тиімді арақатынасын іздеу түйсігі мен сипатының ықтималдығына негізделген.
Достарыңызбен бөлісу: |