Дәріс № 5 Дәріс тақырыбы: Кәсіби педагогикалық қызмет – педагогтік шеберлікті қалыптастыру негізі 1. Кәсіби-педагогикалық қызметтің мәні, оның құрылымы.
2. Мұғалім - педагогикалық іс-әрекеттің субъектісі.
Дәріс мақсаты:педагогикалық іс-әрекетті іске асыру және қалыптастыру жолдары.
Дәріс мәтіні Педагогикалық қызметтің мәнін түсіну үшін оның құрылымына талдау жүргізу қажет. Оның құрылымы мақсат, мотив, іс-әрекет нәтижесі бірлігінен тұрады. Мұғалім жұмысының мақсатын қоғам анықтайды, яғни оның әрекетінің мақсаты оқушының тұлғасын қоғамық талаптарға сәйкес тәрбиелеу. Ол тарихи құбылыс, әлеуметтік даму бағытын бейнелейтін көрініс ретінде мақсат, адалдық, рухани және табиғи мүмкіншілігін есепке ала отырып, оған бір жағынан әлеуметтік және этикалық топтардың қызығушылықтары, екінші жағынан жеке тұлғаның қажеттілігімен қабілеттері жинақталған.
Педагогикалық қызмет бұл тәрбиешінің тәрбиеленушіге жасайтын тәрбиелік және оқыту ықпалы. Бұл оның тұлғалық интеллектуалды дамуына бағытталады. Педгогикалық қызметтің мақсаты тұлғаны жан-жақта және үйлесімді тәрбиелу. Сондай-ақ, қоғамдық мақсаттарды түсіну және өз тәрбиеленушілерін осы мақсаттарға жетуіне жағдай жасап, бағыттау. Педагогикалық қызметтің мазмұны-оқушылардың оқу әрекетін ұйымдастыру үрдісі.
Педагогикалық қызметтің құралдары- білім оқулықтарымен, оқу бағдарламалары, әдістемелік құралдар, компьютерлік, графикалық және техникалық құралдар. Педагогикалық қызметтіқ әдістері сөздік көрнекілік және практикалық әдістер тобы, педагогикалық қызметтің нәтижесі оқушы тұлғасының интеллектуалдық дене дамуы және оның қоғамда бағалануы.
Педагогикалық қызметтің негізгі мәні оның іс-әрекетіне байланысты болып табылады. Педагогтар әлеуметтік іс-әрекеттің ерекше түрін атқарады, яғни адамзат жинақтаған мәдениет пен тәжрибені аға ұрпақтан жас ұрпаққа беруге бағытталады, оларды қоғамдағы белгілі бір әлеуметтік рөлдерді меңгеруге дайындайды.
Әрбір адамдардың белгілі қызметке шешімі –оның іс әрекетімен ойлау бағытының ерекшелігінен көрінеді. Педагогикалық мамандықты басқа мамандықтармен оның өкілдерінің ойлау бағыты борыш пен жауапкершілікпен сезіну арқылы анықталады. Педагог қызметінің негізгі ерекшеліктері мынада; гуманистік сипаты; ұжымдық сипаты; адаптивтік(бейімдеуші) сипаты; шығармашылық сипаты; қарым-қатынас жүйесінде болуы; мұғалім тұлғасының үлгі, өнегелік сипаты және т.б.
Мұғалім мақсаттарының бірі жеке тұлғаны қалыптастыру, дамыту болғандықтан ол адамның интеллектулдық, эмоционалдық, физикалық дамуын басқарып, оның рухани әлемінің негізін қалыптастыру. Мұғалім мамандығының бір ерекшелігі ол «адам-адам» жүйесінде жұмыс жасауы. Бірақта ол осы жүйеде жұмыс жасайтын басқа мамандықтармен салыстырғанда оның еңбегінің нәтижесіне тек бір өзі ғана ықпал етуімен ерекшеленеді.
Педагогикалық іс-әрекеттің функциялары;
-диагностикалық қызмет
-бағыттаушы-болжаушылық қызмет
-конструктивті-жобалаушылық
-ұйымдастырушылық
-ақпараттық-түсіндірмелік
-коммуникативті-ынталандырушы
-талдау бағалау
-зерттеу шығармашылық
Кәсіби бейімділік пен педагогикалық шеберлікті меңгеру және жетілдіру үшін мұғалімге педагогикалық іс-әрекеттің құрылымын және оған байланысты теориялық білім мен практикалық ептіліктер мен дағдыларды білуі қажет. Психологиялық зерттеулер (Ф.Н. Гоноболин, Н.В.Кузьмина, В.А. Сластенин, А.И. Щербаков жене т.б.) көрсеткендей, оқу-тәрбие үрдісінде мұғалімнің іс-әрекетінің төмендегідей өзара бір-бірімен байланысты түрлері кездеседі: диагностикалық, бағдарлы-алдын ала болжай білу, ұйымдастырушылық, ақпараттық, түсіндірушілік, коммукативтік-ынталандырушылық, талдау-бағалаушылық, зерттеушілік-шығармашылық, конструктивтік-жобалай білу.
Жоғарыдағы іс-әрекеттің әрқайсысының мәнін және мұғалімге койылатын талаптарын қарастырамыз:
Диагностикалық іс әрекеті шәкірттерді зерттеумен және олардың даму, тәрбиелілік деңгейін анықтаумен байланысты.
Диагностика — гректің diagnosis сөзінен шыққан танып білу, анықтау деген мағынаны білдіреді, әрбір шәкірттің дене және психикалық дамуын, оның ақыл-ой және адамгершілік, тәрбиелік деңгейін, жанұя өмірі мен тәрбиенің т.б. жағдайларын білмей оқу-тәрбие жұмысын іске асыру мүмкін емес. «Адамды жан-жақты тәрбиелеу үшін, ең алдымен оны жан-жақты білу керек» деген К.Д.Ушинскийдің айтқан қағидасын еске ұстау үшін мұғалімге байқағыштық қажет, зерттеу әдістері мен шәкірттердің тәрбиелік деңгейін анықтайтын диагностиканы меңгеру керек, олардың қызығуын, бейімділігін, мектептен тыс іс-әрекетінің сипатын білуі қажет.
Бағдарлы алдын ала болжай білу іс-әрекеті мұғалімнің тәрбие іс-әрекетінің бағытын анықтау іскерлігі болып табылады, оның тәрбие жұмысының әрбір кезеңінде нақты мақсаттары мен міндеттері, оның нәтижелерін алдын-ала болжай білу, демек, мұғалім нақтылы қандай нәтижеге қол жеткізу керек, оқушының жеке басын қалыптастыру және дамытуда қандай өзгерістер болатындығын жоспарлайды. («Прогноз» - грек сөзі pzo-алға, gnosis-білім деген мағынаны білдіреді).
Мәселен, сыныпта оқушылардың ұйымшылдығы жетіспейтін болса, қажетті ұжымдық қатынастар болмаған жағдайда немесе оқушылардың оқуға қызығуы төмен болғандығын анықтай отырып, осы диагноздың негізінде мұғалім тәрбие жүмысын оқушылардың коллективизмін немесе оқуға қызығуын дамытуға бағыттайды, оның мақсаттары мен міндеттерін нақтылай түседі, сыныпта жолдастық сезімді қалыптастыруға ұмтылады, өзара көмектесу, белсенділікті арттыруға ерекше мән береді.
Бағдарлы-алдын-ала болжай білу іс-әрекеті мұғалім өз жұмысында әруақытта да іске асырып отырады.
Конструктивтік-жобалай білу іс-әрекеті бағдарлы-алдын ала болжай білу іс-әрекетімен тікелей байланысты. Егер де мұғалім оқушылардың арасында коллектившілдік қатынастарды бекітуді жоспарласа, олардың алдында тәрбие жұмысын құра білу және жобалау міндетін қояды. Демек, ол үшін мұғалім тәрбие ұжымын үйымдастырудың педагогикасын және технологиясын, тәрбие түрлері мен әдістерін жақсы білуі керек, өзінің шығармашылық қиялын, конструктивтік-жобалай білу қабілеттілігін дамыту қажет, оқу-тәрбие жұмысын жоспарлай білуі керек.
Ұйымдастырушылық іс-әрекеті оқушыларды белгіленген тәрбие жұмысына қатыстырумен және олардың белсенділігін ынталандырумен байланысты. Бұл үшін мұғалімге көптеген ептіліктерді қалыптастыруы қажет. Мәселен, шәкірттерді оқытуда және тәрбиелеуде нақтылы міндеттерді анықтай білуі керек, біріккен жүмыстарды жоспарлауда олардың ынтасын дамыту міндетті, міндеттер мен тапсырмаларды біле білуі керек, әртүрлі іс-әрекеттерді басқара білуі қажет. Бұл іс-әрекеттің негізгі элементі оқушыларды жұмысқа жұмылдыра білу ептілігі болып табылады, оған романтика элементтерін енгізу және оны орындалудың тиімді бақылауын іске асыру.
Ақпараттық-түсіндірушілік іс-әрекеті барлық оқыту және тәрбие мәнінде белгілі дәрежеде ақпараттық үрдістерге негізделуіне байланысты мәні орасан зор. Білімді, дүниетанымдық және адамгершілік-эстетикалық идеяларды меңгеру-мектеп оқушыларын дамыту мен тұлғаны қалыптастырудың негізгі құралы. Мұғалім бұл жағдайда оқу-тәрбие үрдісінің тек қана ұйымдастырушысы емес, сонымен ғылыми, дүниетанымдық және адамгершілік-эстетикалық ақпарттың құралы болып табылады. Сондықтан да мұғалімді кәсіби-педагогикалық даярлау үрдісінде өзі сабақ беретін пәнді терең білуінің, оның ғылыми-дүниетанымдық сенімінің мәні ерекше. Мұғалімнің өзінің оқу материалдарын қаншалықты меңгергеніне, оның түсіндіруінің сапасына, оның мазмұндылығына, логикалық жүйелігіне, анық та айқын тұжырымдармен және деректермен толықтай қамтылғандығына байланысты.
Шешендік өнерін жете меңгерген ұстаз ғылыми жаңалық идеяларды жақсы біледі және оны оқушыларға түсінікті тілмен жеткізеді. Ондай ұстаз білімнің практикалық жағын жақсы меңгерген болады, оқушыларда ептілік пен дағдыны қалыптастыруда шеберлік танытады. Өкіншке орай, жан-жақты даярлығы жоқ үстаздар да аз емес, ол негізінен оқыту мен тәрбие ісіне жағымсыз ықпал етеді.
Коммуникативтік-ынталандырушылық іс-әрекет мұғалімнің оқушыларға ерекше ықпалымен байланысты, оның балаға деген сүйіспеншілігі, адамгер-шілік мәдениеті, балалармен жағымды қарым-қаты-настарды қалыптастыруы мен қолдай білу іскерлігі, өз басының үлгісімен белсенді оқу-танымдық, еңбек және көркемдік-эстетикалық іс-әрекетке ынталандыруы. Коммуникативтік-ынталандырушылық іс-әрекет балаға сүйіспеншілікпен, құрметпен қарау, балаға жүрек жылуын сыйлау, қамқорлық жасау, осының барлығының жиынтығы мұғалімнің балалармен ізгілікті қарым-қатынас стилімен сипатталады. Балалар өзіне жақын тұратын, олардың жан дүниесіне, қажеттілігі мен қызығуына үңіле білетін, сенімі мен құрметіне ие болған мұғалімге басқаша көзқараста болады.
Талдау-бағалаушылық іс-әрекеті мұғалім, педагогикалық үрдісті іске асыра отырып, оқыту мен тәрбиенің жүрісін талдайды, оның жағымды жақтары мен кемшіліктерін анықтайды. Қол жеткен нәтижелерді белгіленген мақсаттар мен міндерттерімен салыстырады. Талдау-бағдарлаушылық іс-әрекет өз жұмысында мұғалімге кері қатынас жасауға көмектеседі, бұл дегеніңіз, оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуде нені орындау жоспарланды соны үздіксіз тексеріп отыру, не орындалды, осының негізінде оқу-тәрбие үрдісіне қажетті түзетулер енгізу, оны жетілдірудің жолдарын іздестіру және педагогикалың тиімділігін арттыру, озат педагогикалық тәжірибені кеңінен пайдалану.
Зерттеушілік-шығармашылық іс-әрекеті әрбір шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімнің жүмысында кездеседі. Оның екі жағының ерекше мәні бар. Бір жағы педагогикалық теорияны қолдану шын мәнінде мұғалімнен белгілі шығармашылықты талап етеді. Педагогикалық және әдістемелік идеялар типтік оқу-тәрбие ахуалын бейнелейді. Оқыту мен тәрбиенің нақты жағдайлары әртүрлі, ал кейде кайталанбайды. Мәселен, оқушыларды құрметтеу және оған талап қою туралы жалпы теориялық ереже шындық тәрбие үрдісінде тәрбие заңдылығы ретінде бірнеше әдістемелік мағынада қолданылады: бір жағдайда балаға жұмыста көмек көрсету керек, екінші жағдайда оқушымен бірігіп, мінез құлқындағы кемшіліктерді талқылау қажет, үшінші жағдайда - жағымды іс-әрекетін атап көрсету, төртінші - жеке ескерту жасау немесе сендіру және т.б.
Ян Амос Коменский балаларға тәлім-тәрбие беріп, ұстаздық қызметті атқаратын мұғалімді өте жоғары бағалады. Ол мұғалімнің рөлін жоғары бағалай келіп, былай деп жазды: "Мұғалім мәңгі нұрдың қызметшісі. Ол барлық ой мен қимыл әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз лаулаған жалын иесі, мұғалімдерге тамаша қызмет тапсырылған, күн астында одан жоғары еш нәрсе болмақ емес".
Қазақ халқының белгілі ағартушы-педагогі, қазақ топырағында түңғыш "Педагогика" оқулығын жазған Мағжан Жұмабаев осы аталмыш оқулықтың кіріспесінде мұғалім туралы: "Қазақтың қаны бір, жаны бір жолбасшысы - мұғалім. Еліміздің аз ғана жылдық ояну дәуіріне баға беру үшін алты алаштың баласы бас қосса, қадірлі орын мұғалімдікі", - деп, қазақ мұғалімдерінің рөлін ерекше бағалады.
Шәкірттерді ұйымдастыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінде педагог әруақытта да олармен өзара қарым-қатынаста болады. Мұғалімнің шәкірттермен қарым-қатынасында ол - тек әлеуметтік қызметті атқарушы ғана емес, сонымен қатар жөне нақты жеке түлға ретінде педагогикалық іс-әрекеттің құрамды бөлігі. Оның оқушылармен қарым-қатынасы тәрбие үрдісін басқарудың өзіндік каналы ретінде іске асады. Екі негізгі қызметті атқарады: ақпараттық және интегративтік-компенсаторлық. Бұл жерде ақпарат екі бағытта жүреді: басқару субъектісінен (мүгалім) басқару объ-ектісіне (оқушыларға) және керісінше-объектіден субъектіге. Жеке адамдардың қарым-қатынасында тәрбиелеушілер ұжым туралы тұтас алғанда педагог әртүрлі ақпарат алады. Қарым-қатынас арқылы мұғалім оқушылар туралы ерекше қажетті ақпаратты алып отырады. Тікелей қарым-қатынас жеке тұлғаны әртүрлі жағдайларда және іс-әрекетте зерттеуге мүмкіншілік жасайды. Бірақ қарым-қатынас каналдарында "ақпараттық тасқын" өте көп. Оның шәкірттерге жағымды да, жағымсыз жақтары баршылық. Мұғалімнің оқушылармен қарым-қатынасы төрбиені басқару каналы деп қарастырылып, ол интегративті-компенсаторлық қызметін атқарады. Әрбір оқушыға әртүрлі ақпарат тасқыны әсер етеді. Ондай ақпарат тасқыны стихиялы түрде бір-бірімен байланыссыз әсер етумен қатар, бір-біріне қарама-қайшы келуі мүмкін. Осындай жағдайда педагогтің оқушылармен қарым-қатынасы белгілі дәрежеде бүкіл ықпал ететін ақпаратты біріктіріліп, бұл жүйедегі жетіспейтінінің орнын толтырады, осы ықпал етудегі қарама-қайшы элементтерді нақтылайды.
Психология ғылымындағы зерттеу жұмыстары көрсеткендей, мұғалімдердің оқушыларды басқарудың жиі кездесетін 5 түрлі стилін атап өтуге болады: автократиялық (өзіндік әміршілдік) авторитарлық, демократиялық, бұрмалаушылық, бірізділік емес.
Өзіндік әміршілдік автократиялық басқару стилінде мұғалім активке сүйенбей, ұжымды бір өзі басқаруды іске асырады. Оқушыларға өз көзқарасын білдіруге, сын-ескертпелер айтуға, ынталық білдіруге, сонымен қатар мәселелерді шешуге қатысуға рұқсат етілмейді, тыйым салынады. Мұғалім оқушыларға әруақытта да талаптар қойып, оның орындалуын қатаң бақылап отырады.
Авторитарлық басқару стилінде автократиялық басқару стилінің негізгі белгілері тән. Бірақ бүл стиль бойынша ұжым өмірінің мәселелері бойынша талқылауға қатысуға рұқсат етіледі. Бірақ әруақытта да шешімді өз ұстанымдарына сәйкес мұғалімнің өзі қабылдайды.
Басқарудың демократиялық стилінде мұғалім ұжымға арқа сүйейді, оқушылардың өз бетімен белсенділігін ынталандырып отырады. Оқушылар ұжым өмірінің проблемаларын талқылайды, ақыр аяғында белгілі талдау жасайды. Бірақ қорытынды шешімді мұғалім қабылдайды немесе оны ол мақұлдайды. Оқушылардың сын-ескертпелеріне белгілі дәрежеде мұғалім төзімділік көрсетеді, оларды түсінуге, ішкі жеке бас мәселелеріне үңілуге тырысады.
Басқарудың бұрмалаушылық (игнорирующий) стилінде мұғалім оқушылардың өмірі мен іс-әрекетіне мүмкіндігінше аз араласуға ұмтылады, практикалық түрғыдан оқушыларды басқару ісінен шеттетіледі, өз мін-деттері мен әкімшіліктің айтқандарын формалды түрде орындаумен шектеледі.
Бірізділік емес (непоследовательный) басқарудың стиліне тән ерекшелік мұғалім сыртқы жағдайлар мен өзінің эмоционалдық қалпына байланысты жоғарыдағы айтылған басқару стильдерінің кез-келгенін іске асырады, ол көп жағдайда мұғалім мен оқушылардың өзара қарым-қатынас жүйесін түсініспестікке және әртүрлі ситуациялың жағдайға алып келеді.