Дәріс №1 Дәріс тақырыбы: Педагогикалық шеберлік компоненттері


Дәріс № 7 Дәріс тақырыбы:Мұғалімнің жеке басы оның кәсіптік қызметінің өзекті факторы ретінде



бет11/45
Дата28.12.2022
өлшемі269,03 Kb.
#164724
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   45
Байланысты:
пед шеберлик

Дәріс № 7
Дәріс тақырыбы:Мұғалімнің жеке басы оның кәсіптік қызметінің өзекті факторы ретінде.
1. Мұғалімнің кәсіби шеберлігі.
2.Мұғалімнің қызметтері мен міндеттері.
Дәріс мақсаты: педагогикалық іс-әрекетті іске асыру және қалыптастыру жолдары.
Дәріс мәтіні
1.Ерекше педагогикалық талантты, тумысынан дарынды мүғалімдер бар, мүндай мүғалімдер ездерінің оқу-тәрбие жүмысындағы бүкіл жолында табысқа жетіп отырады.Тәжірибеде кез-келген мектептің үжымымен балалар-ды қызықтыра білетін, сабақтарында әрдайым тамаша тәртіп болатын, мектепте бәрі солардың айтқанын істей-тін, қисық-қыңыр оңушыларды соларға жөнге салуға жі-беретін талантты мүғалімдерді табуға болады. Олардың шәкірттері әйтеуір бүлардың беделін бірден мойындап, түйсігімен сезінеді, оған мойынсынады. Әрине, мүндай мүғалім баланың жүрегінде айтарлықтай із қалдырады.
"Шеберлік дегеніміз - қол жеткізуге болатын нәрсе, — деп жазды А.С.Макаренко, — атақты шебер токарь, та¬маша шебер дәрігер болатыны сияқты, педагог та тама¬ша шебер бола алады және болуға тиіс те. Біздің бәріміз де бірдей адамдар екенімізге мен кәміл сенімдемін. Мен 32 жыл жүмыс істедім, ал азды-көпті үзақ уақыт бойы жүмыс істеген әрбір мүғалім, жалқау болмаса, шебер бо¬лып алады. Ал, сіздердің жас педагогтардың әркайсысы біздің ісімізді тастап кетпесе, міндетті түрде шебер бола алады, ал оның шеберлікті каншалықты меңгеруі-оның өзінің табандылығына байланысты болмақ".Әрине, шеберлік жылдар өткеннен кейін барып келе-ді. Педагогикалың стаждың әрдайым белгілі дәрежеде мүғалімнің кәсіптік шеберлігін сипаттайтыны тегін емес.Адамның бойында мүғалім мамандығына деген бейімділіктің болуы педагогтік шеберлікті меңгеруге кебіне көп эсер етеді.
Педагогикалык бейімділік - дегеніміз өз пәнін жете бі-летін, психологиялық-педагогикалық теорияны және оқу-тәрбие ептілігі мен дағдысын жақсы меңгерген, сонымен ңатар біршама дамыған кәсіби-түлғалық қасиеттері мен сапаларының жиынтығы, сайып келгенде, оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуді іске асыра білетін мұғалімнің көсіби шеберлігінің деңгейін айтамыз.
Педагогикалық бейімділік - кәсіби шеберлігінің не-гізін А.С.Макаренко дауысты үстай білу өнері, сыңай біл-діру, көз тастау өнері, т.е. сияқты оқытылатын актерлер дайындайтын оқу орындарының тәжірибесінен үйренуге кеңес береді.
Педагог үшін дауысты билей білудің зор маңызы бар. А.С.Макаренко дауысты мүғалімнің жүмыс аспабы деп атады, ал бүл аспапты арнайы түрде үштап отыру керек.
Мүғалімнің кәсіби қызметінің ең жоғарғы деңгейі педагогикалық жаңашылдық - адамдардың жаңа жасампаздық қызметі. Осы үғым латын тіліндегі "nova-toz" сөзінен шыққан, қазақшаланғанда жаңарту, яғни, адамдардың белгілі бір іс-әрекет саласында адамның жаңа, прогрессивті принциптерді, идеяларды, тәсілдерді енгізуі және іске асыруы.
Бүл анықтама педагогикалық жаңашылдыққа тіке-лей қатысы бар. Ол оқу-тәрбие үрдісіне жаңа, прогрес-сивті идеяларды принциптер мен тәсілдерді енгізу және іске асыру болып табылады. Мәселен, жаңашыл-педа-гог Игорь Петрович Волков (Москва облысы, Реутово қаласы мүғалімі) - орта және жоғары сынып оқушылары үшін "шығармашылық тапсырмалар" әдістемесін жаса-ды. Оның мәні мынада: мүғалім оқушыларға көптеген шығармашылың тапсырмалар береді, ол негізінен қағазбен, картонмен, ағашпен, металмен, пластмасспен жүмыс істеу, сурет пен картиналарды жасау, әдебиетте, өнерде өз күшін байқап көруді қамтыды.
Бүл тапсырмаларды орындау ерікті сипатта болды, әрбір оқушы тапсырманың түрін өз жүрек қалауымен өздерінің бейімділігіне сәйкес таңдай алады. Осындай жүмыстың түріне араласа отырып, олар бірте-бірте өз қызығушылығын аныңтайды, қабілеттері мен талантын дамытады.
Әрбір оқушыға "Шығармашылық кітапшасы" арна-лады, онда орындалған жүмысы жазылады, сол арңылы олардың қабілеттіктерін, нышандарын белгілі дәрежеде анықтауға болады және оны дамыту үшін жүмыстар бел-гіленеді. Осындай әдістеме піынында да жаңашылдық бо¬лып табылады.
Мектепте проблемалық оқыту өдістемесін немесе оқылатын материалдарды ірілендірілген блоктармен баяндау (В.Ф.Шаталов т.б.), осындай әдістеменің не-гізінде жекеленген пәндерді оқыту мерзімі қысқаруын жаңашылдық деп атауға болады.
Мүғалімнің еңбек психологиясының әртүрлі қырларын зерттеу арқылы Н.В.Кузьминаның айтуын-ша, талантты мүғалімдер 12% пайыздан аспайды, негіз-гі көпшілігі - оқыту мен тәрбиелеудің тәсілдерін жақсы меңгерген, осының нәтижесінде жүмыстың тиімділігін арттыруға қол жеткізгендерді қүрайды, онсыз мектепте жүмыс істеу мүмкін емес. Ол мүғалім даярлаудың жет-кілікті түрде мүғалімді теориялық және практикалық даярлауға негізделеді.
Мүғалімнің көсіптік өсуінің келесі сатысы педаго-гикалық шеберлік. Шеберлік - бүл өруақытта да жетіл-діріп отырылатын тәрбие және оңыту өнері. Өз ісінің шебері, жоғары мәдниетті маман, өз пәнін жетік білетін, ғылым мен өнердің белгілі салаларынан хабардар, жал-пы психология, әсіресе, балалар психологиясын жаңсы меңгерген, оқыту және тәрбие әдістемесін терең білетін педагог.
Мүғалім шеберлігінің негізінде сондай-ақ оның өз пөнін және оқыту әдістемесін терең білуі де жатады. Өз пәнін еркін білуі ғана оңушылардың білімге деген ын-тасын туғызып, мүғалімге және оның талаптарына қүр-метпен қарата алады. Оқушылар мүғалімнің нашар біле-тінін, оның сабақ бере алмайтынын ешқашан кешірмейді. Әлбетте, мүның орнын ешнәрсемен толтыруға бол мае.
Жақсы шебер мүғалім дегеніміз баланың психология-сын, балалардың жас ерекшеліктерін және тіпті әрбір бала-ны жеке-жеке жақсы білетін ойлы, байқағыш психолог.
Балалар мүғалімнің әділдігі мен адалдығын, сөзінде түра алатынын, уәдесін орындайтынын өте бағалайды. Әділеттілік бәрінен де гөрі баға қоюдан, көтермелеу жөне жаза беруден, қоғамдық тапсырмаларды бөлу мен бағалаудан айқын көрінеді. Балалар әділетсіз атаулыны өте сезгіш келеді. Ал әділетсіздіктің көзі екінің бірін-де балаларды, олардың түрмыс жағдайларын, белгілі бір тәртіпсіздіктің шығуына себеп жағдайларды нашар білу-ден болады.
Педагогикалық әдеп - мүғалімнің аса бағалы педа-гогтік қасиеті, бүл қасиет оған педагогикалық өсер ету қүралдарын қолданған кезде өз эмоцияларын білдіру ша-масын көрсетеді, ең алдымен оқушылардың психология-сын терең біліп, түсінуге негізделеді.
Педагогикалық шеберлікте педагогикалы техни-каны меңгерудің өте зор маңызы бар. Осы үғымға бай-ланысты мәселелер А.С.Макаренконың еңбектерінде неғүрлым толық, әрі айқын талданған. Педагогикалық институттардың болашақ мүғалімдерді даярлаудағы кем-шіліктеріне тоқтала келіп, А.С. Макаренконың ойынша, жоғары оңу орындарында оқитын педагогтарды басңаша тәрбиелеу керек еді деп көрсетті. Ол қалай түру, қалай отыру, столдан қалай түру, дау-ысты қалай көтеру, қалай жымию, қалай қарау сияқты.Жақсы шебер мүғалім оқушылармен ңарым-қатынастарда белгілі сыңай да жасай алады."Үжымдағы қатынас, стиль сыңай" деген еңбегінде А.С.Макаренко былай деп жазды: «Балалармен сөйлескен кезде мүғалім жадырап, жымиып түруы тиіс, ал бүл күлкісі жасанды болмай, сезімге толы жүмсақ күлкі болуға тиіс».Ол мүғалімнің сыртқы кейпіне ерекше мән берді: "Мен сыртқы кейпіне баса назар аудардым. Сырткы кей-пі адамның емірінде зор маңыз алады. Лас, салдыр-салақ адам өзінің жүріс-түрысын қадағалап жүреді деп ойлау қиын".
Педагогикалық шеберліктің мәні - мүғалімнің жеке мәдениетінің, білімінің және ой-өрісінің өзіндік жиынтығы, оның жан-жаңты теориялық даярлығы, оқыту және тәрбиенің тәсілдерін, педагогикалың техника мен алдыңғы қатарлы озат тәжірибені меңгеру.
Педагогикалық техника жекеленген оқушыларға, со-нымен қатар жалпы балалар үжымына педагогикалық эсер ету, әдістерін тәжірибеде тиімді қолдану үшін педа-гогке қажетті білімнің, ептіліктің, дағдының кешені.
Педагогикалық техниканы меңгеру - педагогикалық шеберліктің қүрамды бөлігі. Педагогика мен психология-дан терең де арнаулы білімді, сонымен қатар тәжірибелік даярлықты қажет етеді.Педагогке ең алдымен, балалармен қарым-кдтынас мәдениетін меңгеру, тон және қатынас стилін таңдай білу ептілігі қажет. Балалармен ңарым-қатынаста қара-пайымдылық, табиғилық керек.
2.Мұғалімнің қызметі өте күрделі әрі жан-жаңты. Үстаздық қызметтің ең негізгі міндеті - шәкіртті оқыту, тәрбиелеу, дамыту және қалыптастыру үрдісін басқару. Оны оңу-тәрбие үрдісіндегі басты түлға ретінде қарастыруымыз керек.
Қазір педагогикалық сөздігімізге "менеджмент" деген үғым кеңінен еніп, қолданылып келеді (ағылшының manag-emenf сөзінен шыққан, қазақша басшылың, басқару) әртүрлі жүйелердегі үрдістерді басқарудың жалпы өнері мағынасында қолданылады. Мүғалімнің істейтін жүмыстарының түрін соңғы кезде шет елдерде және бізде "педагогикалық менед­жмент" деп атай бастады, ал педагогтың өзін - "менеджер" (тәрбие, оңыту т.б.) деп атайды.
Мектеп оқушыларының дене және психикалық даму ерекшеліктерін, ақыл-ой және адамгершілік тәрбиелілік деңгейін, сыныптық және жанүя тәрбиесінің жағдайын т.б. білмейінше, дүрыс маңсат қоюды іске асыру, оған жетудің тәсілдерін таңдау мүмкін емес.
Мүғалімнің қызметі өте күрделі, әрі сан-салалы.
Мүғалімнің еңбегі өзінің мақсаты, мазмүны мен қоғам-дағы алатын орны жағынан ең қүрметті деп есептеледі.
Сондықтан мүғалімнен жан-жақты терең ғылыми бі-лім, жоғары педагогикалық шеберлік, идеялық шыньщ-қандық, саяси-моральдың қасиет, табанды ерік-жігер, па-расатты мінез-қүлық талап етіледі.
Мүғалім еңбегінің негізгі объектісі әрі субъектісі бала, ал оның дамуының, тәрбиесінің заңдылықтарын жете білу - бірінші кезектегі міндет. Осыдан мүғалімді адамтану мамандығының иесі деуге де болады. Мүғалім еңбегі өте-мөте ептілікті, сезгіштікті, шыдамдықты әрі сергектікті талап етеді. Мүғалім - бала жанын сезе білуге, түсінуге бейім, онымен үнемі бірге болудан, араласудан жалықпайтын және одан өзіне зор ләззат алатын адам.
В.А.Сухомлинский: "Менің өмірімдегі ең басты нәрсе не болып еді? деген сүраққа ойланып жатпастан-ақ балаларға сүйіспеншілік деген болатын".
Жоғары педагогикалың білім берудің қазіргі жүйесінің мақсаты жаңа түрпатты мүғалімнің үздіксіз, жалпы және кәсіптік дамуын қалыптастыру. Ол төмендегі бағытта сипатталады:
- Жоғары азаматтық белсенділік пен әлеуметтік жа-уапкершілік. Ондай үстаз еліміздің тыныс-тіршілігіне, балалардың тағдырына қалай болса солай қарай алмайды. Оның қызметіндегі негізгі бағдары жоғары кәсіби борыш сезімі;
- Баланы сүю, балаға жүрек жылуын сыйлауға бейімді-лігі мен қабілеттілігі. Баланы сүйе де, түсіне білетін үстаз олармен, ата-аналармен, әріптестерімен педагогикалық ынтымақтастыққа бейім келеді;
- Шынайы интеллигенттілік, рухани мәдениеттілік, үжымдық педагогикалық шығармашылықта өз күші мен қабілетін орынды пайдалана білуге бейім түратын үстаз үжымда қолайлы маральдың-психологиялық ахуал жа-сай білуге көмектеседі. Ондай үстаздар балалар үшін үлгі-өнеге болып табылады;
- Өз пәнін жете білетін, ғылыми-педагогикалық ойлау стилінің жаңалығы, жаңа қүндылық пен шығармашылық шешімдерді алуға бейімділігі бар, бірсарындылың пен формализмге табиғатынан жат, шәкірттермен жүмыстаәруақытта да дөстүрлі емес шешім алуға даяр түратын, із-деніс үстіндегі үстаз.
Қоғамды демократияландырумен қатар бүкіл жоғары педагогикалық білім беру жүйесін түбірімен жаңартуды қажет етеді. Оның негізіне төмендегі идеялар мен үстанымдар жатады:
-Жоғары педагогикалық білім берудің үздіксіздігі;
-Кәсіптік-педагогикалық бағдарлау, базалық-кәсіптік даярлау, мүғалімді көсіптік жетілдіру;
-Шығармашылық қызметке бағдарлау, әрбір мүға-лімді ңайталанбайтын түлға ретінде қарастыру, оны да-ярлауда саралап, жеке шығармашылықпен қарауды қамтамасыз ету;
-Жоғары педагогикалық білім беруді жаппай із-гіліктендіру жағдайында мүғалімнің жеке басының өлеуметтік-адамгершілік, жалпы мәдени және кәсіптік дамуының бірлігі;
-Жоғары педагогикалың білім беруді ізгіліктендіру, қарым-қатынас, өлеуметтік шығармашылық субъектісі ретінде жеке түлғаға қүрметпен қарау;
-Қазіргі уаңыт талабы болашақты жобалауға сәйкес мүғалім даярлаудың мазмүны, түрлері мен әдістеріндегі өзгерістерінің ашықтығы, икемділігі, әрнүсқалылығы.
Төуелсіз ел тірегі-білімді үрпақ десек, жаңа дәуірдің күн тәртібінде түрған келелі мөселе-білім беру, ғылымды дамыту. Өркениет біткеннің өзегі білім, ғылым, тәрбие екендігіне ешкімнің таласы жоқ. Осы орайда білім ордасы - мектеп, ал мектептің жаны мүғалім екендігі бөрімізге мөлім.
Баланың бойына білім нерін себетін басты түлға-үстаз. Яғни, жас үрпақты оқытуда тиімді жағдайлар жасау көбіне мүғалімге тікелей байланысты. Өйткені үстазға егеменді еліміздің болашағы- жас үрпақты оқыту жөне тәрбиелеу тапсырылған. Сондықтан XXI ғасырдың мүғалімін даярлауға қойылатын талаптар студенттер-ді - ертеңгі үстаздарды оқытудың жаңа түрлерімен қа-рауландыра отырып, қазіргі уақыттағы мектеп талабына сай көсіптік дағдыларын игеруге бағытталған оқытудың жаңа жолдарын енгізуді көздейді.
Бүгінгі таңда мүғалімдердің кәсіби даярлығының теориялық негіздерін ашып көрсететін маңызды зерттеулер баршылық (О.А.Абдуллина, Ю.П. Азаров, А.Н.Алек -сюк, Ш.А.Амонашвили, Б.Р.Айтмамбетова, Н.В.Кузьми­на, М.Ә.Қүдайқүлов, Н.Н.Хан, В.А.Кан-Калик, В.А.Сластенин, Р.И.Хмелюк, Н.Д.Хмель. А.И.Шербаков және т.б.). Оларда болашақ мүғалімдерді кәсіби-педагогикалық даярлау мөселесі қарастырылып, педагог түлғасын қалыптастыру мөселесі өз шешімін тапңан.
Мүғалім мәртебесін көтеру, олардың жүмыс істеуі-не, шығармашылығына, демалуына жағдай жасау, үздік мүғалімдердің тәжірибелерін жинактап, тарату, оларды ынталандырып, қолдау көрсету - мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Осыған байланысты шаралар да қолға алынуда.
Мүғалімдердің еңбек ақысын көбейтілуде. Биыл мүғалімдер даярлауға мемлекеттік тапсырыс үлғая түсті. Мүғалімдер мөселесіне қоғам назарын аудару үшін тамыз айындағы маслихат. "Қазіргі егемен Қазаңстан мүғалімі: әлеуметтік бедел, өлеуметтік мөртебе" деген таңырыпта өтті. Педагог мамандар даярлау меселесі Жетісу универ-ситетінде өткен министрліктің алңа жиынында ңаралды.
"XXI ғасырдың мектебі мен мүғалімі ол ңандай болу керек?" негізгі сүрақка жауап ізделуде, сүраққа жауапты Астана қаласындағы Евразия гуманитарлың институтының бір топ ғалымдары тапңан секілді. Мүғалімді даярлау барлық кезеңдерде мөнін жоймайтын мәселелер қатарына жатады, себебі қоғамның әлеуметтік экономикалың мін-деттері өзгеріске үшырап отырады, өскелең үрпақты өмірге даярлауға талаптар күшейді, ал мүның бәрі педагог кад-рларын мамандық даярлау жүйесіндегі кезқарастарды бай-ыта қарауға жетелейді.
Білім берудің үлттық моделіне көшкен ңазіргі мек-тепке ойшыл, зерттеуші, ез ісінде қатып қалған қасаңдық пен жаттандықтан аулақ, педагогикалық қызметте педа-гогикальщ үйлестіруді шебер меңгерген психологияльщ-педа-гогикалық диагностика қоя білетін іскер мүғалім ңажет.
Ғалымдардың зерттеуі бойынша, мүғалімге өз қыз-метінде 200-дей жүмыс түрін атқаруға тура келеді екен.
Ол мектептің барлық шараларына қатысады, көп-теген адамдармен қарым-қатынас жасайды, көптеген педагогикалық қүбылыстар жағдаяттарды кездестіріп, оларды шамасына, біліктілігін қарай шешеді.
Ұстаз мәртебесін көтеруде қазіргі Білім және ғылыми министрлігінің ерекше мән беруінің нәтижесінде респу­блика деңгейінде біршама шаралар іске асуда. Әсіресе, мүғалім кадрларын даярлауды одан әрі жетілдіру, мүғалім мәртебесін арттыру, ауыл мектебі мұғаліміне жағдай жасау, педагогикалық кадрлардың педагогикалық-психологиялық және әдістемелік даярлығына орасан зор мәні берілді.
Бүгінде республикамызда барша мүғалімдер қауымына танымал, майталман, талантты ұстаздарымыз баршылық. Олардың қатарында алғашқы Қ. Айтқалиев, Р. Нұртазина, Қ. Бітібаева, А.Исқақов және т.б. ерекше атай аламыз. Олар мұғалімдік қызметтің нағыз өнер, шығармашылық, ізденіс жолындағы қызмет екендігін айқындай отырып, өз ізбасарларына үстаздық жолды өмірлік мүрат етіп алуына ықпалын тигізіп келеді. Білікті ұстаз Қанипа Бітібаева - КСРО және КР ағарту ісінің үздігі, Н.К.Крупская медалінің игері, КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мүғалімі, білім беру ісінің қайраткері, Республикалық ғылыми-әдістемелік өз атындағы атаулы мектеп және экспериментальді авторлық сыныптар жеткшісі екендігі, кішілігі кісілігі, имандылығы мен әділеттілігі тура сөйлейтін өткір тілі, өр мінезі-осының бәрі оның бір басында бар.
Ол - 60-тай ғылыми-әдістемелік мақалалардың, 14 кітаптың авторы. Соның ішінде Абайды оқыту проблема-сы жайлы 2 кітап, М. Әуезовті оқыту айналысында 3 кі-тап шығарды. Ал "Әдебиетті тереңдетіп оңыту", "Әдебиет оқыту өдістемесі" атты студенттер мен мүралімдерге ар-найы жазған оқулықтары өлденеше рет басылды.
Қанипа Бітібаевадай бар ғүмырын үстаздыққа арнаған, онымен шектеліп ңалмай, қазақ тілінің тағдырына, оқытудың жайына шырылдап, ерекше мән беріп жүрген жан кемде-кем шығар. Қанипа-мектепте қарапайым үстаз болып жүріп, қазақ педагогикасының белді де беделді түлғасына айналған адам. Бүған ешқім де таласа қоймас. Себебі, Қанипа Бітібаева кешегі кеңестік дәуірдің өзінде-ақ өзінің мықты үстаз екенін өз елімізді былай, одаққа танытты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет