Дәріс №1 Дәріс тақырыбы: Педагогикалық шеберлік компоненттері


«Құзыреттілік» ұғымдарына берілген ғалымдардың анықтамаларындағы мәні



бет13/45
Дата28.12.2022
өлшемі269,03 Kb.
#164724
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   45
Байланысты:
пед шеберлик

«Құзыреттілік» ұғымдарына берілген ғалымдардың анықтамаларындағы мәні

Авторлар

Қабілет

Білім Білік, дағды жиынтығы

Тәжірибе

Әрекет
тәсілдері

В.П.Шапалов

Құзыреттілік










М.М.Чошанов




Құзыреттілік







Б.Т.Кенжебеков

құзыреттілік










М.Ж. Жадрина




құзыреттілік







Ш.Т. Таубаева

құзыреттілік

құзыреттілік

құзыреттілік




К.Ж. Аганина







құзыреттілік




А.В. Хуторской




құзыреттілік




құзыреттілік

Сонымен, құзыреттілік дегеніміз-адамның өз кәсібіне сай игерген әрекет пен өнімді қызмет түріндегі білім жиынтығын маңызды қасиеттермен біріктірілген білік және саналы дағдылар тәсілдері арқылы тәжірибеде қолдана білу қабілетінің сапасы.


Жоғары оқу орнындағы педагог құзыреттілігін қалыптастыру бүгінгі кәсіби тұрпатты маман даярлаудағы қоғам сұранысы мен қажеттіліктерінен туындап отыр.
Жоғары оқу орнындағы педагог мынадай құзыреттіліктің түрлерін игеруге тиіс:
Арнайы құзыреттілік-өзінің кәсіби қызметпен жоғары деңгейде айналысатын және өзінің кәсіби дамуын одан әрі жобалай білітін қабілет.
Әлеуметтік құзыреттілік бірлескен кәсіптік қызметпен айналысу қабілеті (ұжыммен, топпен) қызмет ету, басқару кәсібінде қабылданған кәсіби қарым-қатынас тәсілдерін қолдана білу.
Білім беру құзыреттілігі- білім беру қызметінде кәсіби білімді, білік пен дағдыны, мақсатқоюшылықты игеруге деген қызығушылық және білім беру қызметінде субьектілік пен креативтіліктің дамуына ынталылық, педагогикалық және әлеуметтік психологияның негіздерін қолдана білу қабілеті.
Осы аталған құзыреттіліктерге ортақ белгілер мыналар:
-іргелі және интеграциялық білімнің жоғары деңгейі;
-жинақталған іскерлік, дағды қабілеттерді меңгеру;
-кәсіби педагогикалық қызметтің жаңашыл әдістері;
-инновациялық технологияны меңгеру;
-шығармашылық шеберлік.
Сонымен, қорыта келгенде, құзыреттілік дегеніміз- адамның өз кәсібіне сай игерген әрекет пен өнімді қызмет түріндегі білім жиынтығын маңызды қасиеттермен біріктірілген білік және саналы дағдылар тәсілдері арқылы тәжірибеде қолдана білу қабілетінің сапасы.
Жоғары оқу орнындағы педагог құзыреттілігі педагогикалық қабілеттер негізінде және құзыреттілік түрлерін жиынтығынан тұрады десек, В.А. Сластенин: « Педагогтың кәсіби құзыреттілігі педагогикалық –іс-әрекетті атқару үшін қажетті теориялық және практикалық дайындығы және практикалық дайындығы және ол мұғалімнің кәсіби профессионализімі» деп сипаттайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет