Дәріс № 6 Дәріс тақырыбы:Жалпы педагогикалық қызмет және кәсіби\педагогикалық қызмет
1. Кәсіби\педагогикалық қызметтің мәні, оның құрылымы.
2.Мұғалім - педагогикалық іс-әрекеттің субъектісі.
Дәріс мақсаты:педагогикалық іс-әрекетті іске асыру және қалыптастыру жолдары.
Дәріс мәтіні 1.Мұғалім-мәдениеттің қайнар көзі, жастарды қалыптастыратын мүсінші, адамтану мамандығының иесі. Мұғалімдік қызыметтің басқа мамандықтан ерекшелігі оның сауаттылығында, көрегендігінде және баланы сауаттандырып,Отанын, ұлтын сүюге тәрбиелеуде. Басқа мамандықтың иелерінен мұғалімнің айырмашылығы-ең алдымен оның жұмысында да,үйде де білімін ұлғайтып , тереңдетуге айырықша қабілетті болуы талап етіледі. Ғылыми материалмен жұмыс істей отырып, мұғалім әрдайым оны педагогикалық ой елегінен өткізуге тырысып, оқушылардың өз пәніне деген ынта-ықыласын қалай туғызып, тереңдету жағын ойлайды.
Мұғалім мамандығы тек әлеуметтік тәжірибені алмастырушы ғана мамандық емес, ол тұлға қалыптастырушы, адамда адам ретінде тәрбиелейтін мамандық. Сондықтан мұғалім тұлғасында мынадай қасиеттер болуы керек;
-жоғары азаматтық жауапкершілік және әлеуметтік белсенділік;
-балаға деген сүйіспеншілік, оларға өз жүрек жылуын сыйлауға деген қажеттілігі мен қабілетінің болуы;
-шынайы зиялылық, рухани мәдениет, басқа адамдармен жұмыс жасауға деген ұмтылысының және іскерлігінің болуы;
-жоғары кәсіби шеберлік, ғылыми-педагогикалық ойлаудың инновациялық стилі, жаңа құндылықтар тудыруға және шығармашылық шешімдер қабылдауға дайындық;
-үнемі өзін-өзі тәрбиелеуге және өзін-өзі жетілдіруге деген қажеттілігі мен дайындығының болуы;
-психикалық және физикалық денсаулығы, кәсіби жұмыс жасауға қабілеттілігі және т.б.
Педагогикалық қызметтің мәнін түсіну үшін оның құрылымына талдау жүргізу қажет. Оның құрылымы мақсат, мотив, іс-әрекет нәтижесі бірлігінен тұрады. Мұғалім жұмысының мақсатын қоғам анықтайды, яғни оның әрекетінің мақсаты оқушының тұлғасын қоғамық талаптарға сәйкес тәрбиелеу. Ол тарихи құбылыс, әлеуметтік даму бағытын бейнелейтін көрініс ретінде мақсат, адалдық, рухани және табиғи мүмкіншілігін есепке ала отырып, оған бір жағынан әлеуметтік және этикалық топтардың қызығушылықтары, екінші жағынан жеке тұлғаның қажеттілігімен қабілеттері жинақталған.
Педагогикалық қызмет бұл тәрбиешінің тәрбиеленушіге жасайтын тәрбиелік және оқыту ықпалы. Бұл оның тұлғалық интеллектуалды дамуына бағытталады. Педгогикалық қызметтің мақсаты тұлғаны жан-жақта және үйлесімді тәрбиелу. Сондай-ақ, қоғамдық мақсаттарды түсіну және өз тәрбиеленушілерін осы мақсаттарға жетуіне жағдай жасап, бағыттау. Педагогикалық қызметтің мазмұны-оқушылардың оқу әрекетін ұйымдастыру үрдісі. Педагогикалық қызметтің құралдары- білім оқулықтарымен, оқу бағдарламалары, әдістемелік құралдар, компьютерлік, графикалық және техникалық құралдар. Педагогикалық қызметтіқ әдістері сөздік көрнекілік және практикалық әдістер тобы, педагогикалық қызметтің нәтижесі оқушы тұлғасының интеллектуалдық дене дамуы және оның қоғамда бағалануы.
Педагогикалық қызметтің негізгі мәні оның іс-әрекетіне байланысты болып табылады. Педагогтар әлеуметтік іс-әрекеттің ерекше түрін атқарады, яғни адамзат жинақтаған мәдениет пен тәжрибені аға ұрпақтан жас ұрпаққа беруге бағытталады, оларды қоғамдағы белгілі бір әлеуметтік рөлдерді меңгеруге дайындайды.
Әрбір адамдардың белгілі қызметке шешімі –оның іс әрекетімен ойлау бағытының ерекшелігінен көрінеді. Педагогикалық мамандықты басқа мамандықтармен оның өкілдерінің ойлау бағыты борыш пен жауапкершілікпен сезіну арқылы анықталады. Педагог қызметінің негізгі ерекшеліктері мынада; гуманистік сипаты; ұжымдық сипаты; адаптивтік(бейімдеуші) сипаты; шығармашылық сипаты; қарым-қатынас жүйесінде болуы; мұғалім тұлғасының үлгі, өнегелік сипаты және т.б.
Мұғалім мақсаттарының бірі жеке тұлғаны қалыптастыру, дамыту болғандықтан ол адамның интеллектулдық, эмоционалдық, физикалық дамуын басқарып, оның рухани әлемінің негізін қалыптастыру. Мұғалім мамандығының бір ерекшелігі ол «адам-адам» жүйесінде жұмыс жасауы. Бірақта ол осы жүйеде жұмыс жасайтын басқа мамандықтармен салыстырғанда оның еңбегінің нәтижесіне тек бір өзі ғана ықпал етуімен ерекшеленеді.
Педагогикалық іс-әрекеттің функциялары;
-диагностикалық қызмет
-бағыттаушы-болжаушылық қызмет
-конструктивті-жобалаушылық
-ұйымдастырушылық
-ақпараттық-түсіндірмелік
-коммуникативті-ынталандырушы
-талдау бағалау
-зерттеу шығармашылық
Диогностикалық қызмет- бұл оқушылардың дамуын, тәрбиелік деңгейін зерттеп, анықтауға бағытталады. Мұғалім өзінің жұмысың нәтижелі, әрі жүйелі ұйымдастыру үшін психологпен бірлесе отырып, оқушыларды әр түрлі әдістемелер бойынша зерттеп, бақылау жүргізеді. Бұл жұмысты диагностикалық қызмет деп атайды.
Бағыттаушы-болжаушылық қызмет- мұғалімнің тәрбиелік іс-әрекеттің бағытын анықтап, олардың дамуын алдын-ала болжауға бағытталған іс-әрекеті. Мұғалім өз іс-әрекетінің мақсаттары мен міндеттерін алдын-ала болжап, анықтайды.
Конструктивті-жобалаушылық-педагогтың оқушылар меңгеретін білім мазмұнын таңдап, ұйымдастыру, оқушылардың іс-әрекетін жобалау, өзінің болашақ әрекетін және мінез-құлқын жобалауға бағытталған іс-әрекет. Бұл қызмет барысында мұғалім өз іс-әрекетіне қажетті әр түрлі жоспарлар мен жобаларды әзірлейді.
Ұйымдастырушылық-педогикалық процесті, оқушылар іс-әрекетін жүзеге асыруға бағытталған іс-әрекет. Мұғалім нақты міндеттерді анықтап, оларды ұйымдастыру формаларын, оқушылармен өзара байланыстылықты таңдап, өз іс-әрекетін ұйымдастырады.
Ақпараттық-түсіндірмелік-бұл өз іс-әрекетін қажетті ақпараттармен жинақтап, оны оқушыларға түсіндіруіне бағытталған іс-әрекет.
Коммуникативті-ынталандырушы-бұл мұғалімнің педагогикалық процеске қатысушылармен қарым-қатынас орнатып, олардың іс-әрекетін ынталандыруға бағытталған іс-әрекет.
Талдау-бағалау-бұл мұғалімнің педагогикалық процестің жеткен нәтижелерін мақсатпен салыстыруға, оның деңгейін анықтауға бағытталған іс-әрекет.Талдау-бағалау қызмет мұғалімге өзінің жіберген кемшіліктерін болашақта болдырмауға, нәтижелі жұмыс жүйесін жасауға және т.б. мүмкіндік береді.
Зерттеу-шығармашылық-педагогтың өз іс-әрекетін жетілдіре, дамыта түсуіне мүмкіндік беретін ізденіс жұмысы. Педагогтың зерттеушілік қызметі өзінің зерттеушілік қызметі өзінің жеке зерттеу тақырыбы бойынша немесе оқушылардың ғылыми жұмыстарына басшылық жасау арқылы жүзеге асуы мүмкін.
Мұғалімнің жеке әлеуметтік тұлғасын қалыптастыруда қажетті негіздер;
-даралық-тұлғалық қалыптастыру;
-өз мүмкіндігін игеру қажет
-өзін-өзі іскерлік әдістемелік жетілдіру;
-өзінің кәсіби-пәндік білімін толықтыру;
-кәсіби кемелдену т.б.
Мұғалімнің жалпы әлеуметтік педагогикалық қызметін қарастырсақ, ал мұның өзі оның жеке басына қойылатын маңызды талаптарын анықтайды. Сонымен қоса олардың нақтылы педагогикалық қызметтерде оны ойдағыдай жүзеге асыру үшін белгілі бір педагогикалық қабілеттілік қажет. Мәселен бір ,ғалымдар мұғалімнің конструктивтік, ұйымдастырушылық және коммуникативтік қызметін көрсетсе, басқалары педагогикалық қызмет жүйесіне информациялық дамытушылық және зерттеушілік қабілеттерін жатқызады.
Педагогикалық мамандықтың мәні педагогикалық іс-әрекетте іске асады. Педагогикалық іс-әрекет дегеніміз - адамзаттың жинақтаған мәдениеті мен тәжірибесін аға үрпақтан келешек үрпаққа беруге, олардың түлғалық да-муына жағдай жасауға және қоғамда белгілі бір рөлдерді орындауға даярлауға бағытталған әлеуметтік іс-әрекеттің ерекше түрін айтады.
Кәсіби бейімділік пен педагогикалық шеберлікті меңгеру жөне жетілдіру үшін мұғалімге педагогикалық іс-әрекеттің құрылымын және оған байланысты теориялық білім мен практикалық ептіліктер мен дағдыларды білуі қажет. Психологиялық зерттеулер (Ф.Н. Гоноболин, Н.В.Кузьмина, В.А. Сластенин, А.И. Щербаков жене т.б.) көрсеткендей, оқу-тәрбие үрдісінде мүғалімнің іс-әрекетінің төмендегідей өзара бір-бірімен байланы¬сты түрлері кездеседі: диагностикалық, бағдарлы - ал-дын ала болжай білу, үйымдастырушылық, ақпараттық
- түсіндірушілік, коммукативтік-ынталандырушылық, талдау-бағалаушылық, зерттеушілік-шығармашылық, конструктивтік-жобалай білу.
Жоғарыдағы іс-әрекеттің өрқайсысының мәнін және мүғалімге койылатын талаптарын қарастырамыз:
Диагностикалық іс әрекеті шәкірттерді зерттеумен жөне олардың даму, тәрбиелілік деңгейін анықтаумен байланысты.
Диагностика — гректің diagnosis сөзінен шыққан танып білу, аныктау деген мағынаны білдіреді, өрбір шөкірттің дене және психикалық дамуын, оның ақыл-ой жөне адамгершілік, тәрбиелік деңгейін, жанүя өмірі мен төрбиенің т.б. жағдайларын білмей оқу-тәрбие жүмысын іске асыру мүмкін емес. «Адамды жан-жақты тәрбиелеу үшін, ең алдымен оны жан-жақты білу керек» деген К.Д.Ушинскийдің айтқан қағидасын еске үстау үшін мүғалімге байңағыштық қажет, зерттеу әдістері мен шәкірттердің төрбиелік деңгейін анықтайтын диагности-каны меңгеру керек, олардың ңызығуын, бейімділігін, мектептен тыс іс-әрекетінің сипатын білуі қажет.
Бағдарлы алдын ала болжай білу іс-әрекеті мүғалімнің тәрбие іс-өрекетінің бағытын анықтау іскерлігі бо-лып табылады, оның тәрбие жүмысының әрбір кезеңінде нақты мақсаттары мен міндеттері, оның нәтижелерін ал-дын-ала болжай білу, демек, мүғалім наңтылы қандай нөтижеге қол жеткізу керек, оқушының жеке ба-сын қалыптастыру және дамытуда қандай өзгерістер болатындығын жоспарлайды. («Прогноз» - грек сөзі pzo-алға, gnosis-білім деген мағынаны білдіреді).
Мәселен, сыныпта оңушылардың үйымшылдығы же-тіспейтін болса, қажетті үжымдық қатынастар болмаған жағдаида немесе оқушылардың оқуға қызығуы төмен болғандығын анықтай отырып, осы диагноздың негізін-де мұғалім тәрбие жүмысын оқушылардың коллективиз-мін немесе оқуға қызығуын дамытуға бағыттайды, оның мақсаттары мен міндеттерін нақтылай түседі, сынып-та жолдастық сезімді қалыптастыруға үмтылады, өзара көмектесу, белсенділікті арттыруға ерекше мән береді.
Бағдарлы-алдын-ала болжай білу іс-әрекеті мүғалім өз жүмысында әруақытта да іске асырып отырады.
Конструктивтік-жобалай білу іс-әрекеті бағдарлы-ал-дын ала болжай білу іс-әрекетімен тікелей байланысты. Егер де мүғалім оқушылардың арасында коллектившіл-дік ңатынастарды бекітуді жоспарласа, олардың алдында тәрбие жүмысын қүра білу және жобалау міндетін қояды. Демек, ол үшін мүғалім тәрбие үжымын үйымдастырудың педагогикасын және технологиясын, тәрбие түрлері мен әдістерін жақсы білуі керек, өзінің шығармашылық қиялын, конструктивтік-жобалай білу қабілеттілігін да-мыту қажет, оңу-тәрбие жүмысын жоспарлай білуі керек.
Үйымдастырушылық іс-әрекеті оқушыларды белгі-ленген тәрбие жүмысына қатыстырумен және олардың белсенділігін ынталандырумен байланысты. Бүл үшін мүғалімге көптеген ептіліктерді ңалыптастыруы қажет. Мәселен, шәкірттерді оқытуда және тәрбиелеуде нақтылы міндеттерді анықтай білуі керек, біріккен жүмыстарды жоспарлауда олардың ынтасын дамыту міндетті, мін-деттер мен тапсырмаларды біле білуі керек, әртүрлі іс-әрекеттерді басңара білуі қажет. Бүл іс-әрекеттің негізгі элементі оңушыларды жүмысқа жүмылдыра білу ептілі-гі болып табылады, оған романтика элементтерін енгізу және оны орындалудың тиімді бақылауын іске асыру.
Ақпараттық-түсіндірушілік іс-әрекеті барлық оқыту және тәрбие шың мәнінде белгілі дәрежеде ақпараттьщ үрдістерге негізделуіне байланысты мәні орасан зор. Білім-ді, дүниетанымдық жөне адамгершілік-эстетикалық идея-ларды меңгеру-мектеп оқушыларын дамыту мен түлғаны қалыптастырудың негізгі қүралы. Мүғалім бүл жағдайда оқу-тәрбие үрдісінің тек қана үйымдастырушысы емес, сонымен ғылыми, дүниетанымдық және адамгерші-лік-эстетикалық ақпарттың қүралы болып табылады. Сондықтан да мүғалімді кәсіби-педагогикалық даярлау үрдісінде өзі сабақ беретін пәнді терең білуінің, оның ғылыми-дүниетанымдық сенімінің мәні ерекше. Мүғалімнің өзінің оқу материалдарын қаншалықты меңгергеніне, оның түсіндіруінің сапасына, оның маз-мүндылығына, логикалық жүйелігіне, анық та айқын түжырымдармен және деректермен толықтай қамтыл-ғандығына байланысты.
Шешендік өнерін жете меңгерген үстаз ғылыми жаңалық идеяларды жаңсы біледі және оны оңушыларға түсінікті тілмен жеткізеді. Ондай үстаз білімнің практикалық жағын жақсы меңгерген болады, оқушы-ларда ептілік пен дағдыны қалыптастыруда шеберлік танытады. Өкіншке орай, жан-жақты даярлығы жоқ үстаздар да аз емес, ол негізінен оқыту мен тәрбие ісіне жағымсыз ықпал етеді.
Коммуникативтік-ынталандырушылық іс-әрекет мүғалімнің оқушыларға ерекше ықпалымен байла¬нысты, оның балаға деген сүйіспеншілігі, адамгер-шілік мәдениеті, балалармен жағымды қарым-қаты-настарды қалыптастыруы мен қолдай білу іскерлігі, өз басының үлгісімен белсенді оқу-танымдық, еңбек және көркемдік-эстетикалық іс-әрекетке ынталандыруы. Ком-муникативтік-ынталандырушылық іс-әрекет балаға сүйіспеншілікпен, қүрметпен қарау, балаға жүрек жылу-ын сыйлау, қамқорлық жасау, сөздін, кең мағынасында осының барлығының жиынтығы мүғалімнің балалармен ізгілікті қарым-қатынас стилімен сипатталады. Балалар өзіне жақын түратын, олардың жан дүниесіне, қажеттілігі мен қызығуына үңіле білетін, сенімі мен қүрметіне ие болған мүғалімге басқаша көзқараста болады.
Көптеген майталман педагогтар оқыту мен тәрбие жүмысында мүғалімнің жеке басының шешуші релін ерекше атап өтті.
К.Д.Ушинский мектепті қоғамдык. тәрбиенің орталығы, ал оның ең маңызды түлғасы мүғалім деп бағалайды. Білім беру мен тәрбие ісі кептеген жағдайларға байланысты деген. Олар мектептің өзінің ішкі жағдайы, мектепте қалыптасқан дәстүрлер мен тәртіптер, оқу бағдарламалары, оқулықтар мен оқу қүралдары, ал осылардың ішіндегі ең негізгісі - мүғалім, оқу мен тәрбие сол мүғалімнің сапалы сабағына байланысты.
К.Д.Ушинский "Мектептің үш элементі" атты мақаласында былай деп жазды: "Тәрбиеде барлығы да тәрбиешінін, жеке басына негізделуі тиіс. Ешқандай жарғы мен бағдарлама, ешқандай оқу орнының жасан-ды орталығы қаншалықты жетілдіргенімен, тәрбие ісін-де жеке адамды алмастыра алмақ емес. Тәрбиешінің тәрбиеленушіге тікелей өсерінсіз мінез-қүлыққа сіңер-ліктей шын тәрбие беру мүмкін емес".1
Талдау-бағалаушылық іс-әрекеті мүғалім, педагоги-калық үрдісті іске асыра отырып, оқыту мен тәрбиенің жүрісін талдайды, оның жағымды жақтары мен кемші-ліктерін анықтайды. Қол жеткен нәтижелерді белгілен-ген мақсаттар мен міндерттерімен салыстырады. Талдау-бағдарлаушылық іс-өрекет өз жүмысында мүғалімге кері қатынас жасауға көмектеседі, бүл дегеніңіз, оңушыларды оқыту мен тәрбиелеуде нені орындау жоспарланды соны үздіксіз тексеріп отыру, не орындалды, осының негі-зінде оқу-тәрбие үрдісіне қажетті түзетулер енгізу, оны жетілдірудің жолдарын іздестіру және педагогикалың тиімділігін арттыру, озат педагогикалық тәжірибені кеңінен пайдалану. Айта кету керек, іс-әрекеттің бүл түрін көптеген мүғалімдер жеткіліксіз іске асыруда, өз жүмыстарындағы орын алған кемшіліктерді кезінде оны болдырмауға кіріспейді.
Зерттеушілік-шығармашылық іс-әрекеті әрбір шы-ғармашылықпен жүмыс істейтін мүғалімнің жүмысын-да кездеседі. Оның екі жағының ерекше мәні бар. Бір жағы педагогикалық теорияны қолдану шын мәнікде мүғалімнен белгілі шығармашылықты талап етеді. Педагогикалың және әдістемелік идеялар типтік оқу-тәрбие ахуалын бейнелейді. Оқыту мен тәрбиенің нақты жағдайлары әртүрлі, ал кейде кайталанбайды. Мәселен, оқушыларды қүрметтеу және оған талап қою тура-лы жалпы теориялық ереже шындық тәрбие үрдісінде тәрбие заңдылығы ретінде бірнеше әдістемелік мағынада қолданылады: бір жағдайда балаға жүмыста көмек көрсету керек, екінші жағдайда оқушымен бірігіп, мі-нез қүлқындағы кемшіліктерді талқылау қажет, үшінші жағдайда - жағымды іс-әрекетін атап көрсету, төртінші - жеке ескерту жасау немесе сендіру және т.б.
Ушинский К.Д. Балаларды тәрбиелеу және оқыту жөніндегі таң-дамалы пікірлер. Алматы, 1951, 66 б.
Бүл іс-өрекеттің екінші жағы сол жаңалыңты түсі-нумен жөне шығармашылықпен дамытумен байланысты, белгілі теория шеңберінен шыгып, өртүрлі жағдайда оны байытады.
2.Шәкірттерді үйымдастыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінде мүғалім әруақытта да олармен өзара қарым-қатынаста болады. Мүғалімнің шәкірттермен қарым-қатынасында ол - тек өлеуметтік қызметті атқарушы ғана емес, сонымен қатар жөне нақты жеке түлға ретінде педагогикалық іс-өрекеттің қүрамды бөлігі.
Оның оқушылармен қарым-қатынасы тәрбие үрдісін басқарудың өзіндік каналы ретінде іске асады. Екі не-гізгі қызметті атқарады: ақпараттық және интегратив-тік-компенсаторлық. Бүл жерде ақпарат екі бағытта жүреді: басқару субъектісінен (мүгалім) басқару объ-ектісіне (оқушыларға) және керісінше-объектіден субъектіге. Жеке адамдардың қарым-қатынасында тәрбиелеушілер үжым туралы түтас алғанда педагог әртүрлі ақпарат алады. Педагог қарым-қатынас үрдісінде өз төрбиеленушілеріне көптеген маңсатты бағытталғаны бар, сонымен қатар кездейсоқ оқушыларға арналған үндеу ретінде ақпараттарды кеңінен беріп отырады.
Қарым-қатьшас арқылы мүғалім оқушылар тура¬лы ерекше қажетті ақпаратты алып отырады. Тікелей қарым-қатынас жеке түлғаны әртүрлі жағдайларда және іс-әрекетте зерттеуге мүмкіншілік жасайды. Бірақ қарым-қатынас каналдарында "ақпараттық тасқын" өте көп.
Оның шөкірттерге жағымды да, жағымсыз жақтары баршылың. Мүғалімнің оқушылармен қарым-қатынасы төрбиені басқару каналы деп ңарастырылып, ол инте-гративті-компенсаторлық (кіріккен-орнын толтыру) ңызметін атқарады. Тәрбиенің үзіліссіз үрдіс екені бел-гілі. Әрбір оқушыға әртүрлі ақпарат тасқыны эсер етеді. Ондай ақпарат тасқыны стихиялы түрде бір-бірімен бай-ланыссыз эсер етумен ңатар, бір-біріне ңарама-қайшы ке-луі мүмкін. Осындай жағдайда педагогтің оңушылармен қарым-қатынасы белгілі дәрежеде бүкіл ықпал ететін ақпаратты біріктіріліп, бұл жүйедегі жетіспейтінінің ор-нын толтырады, осы ықпал етудегі қарама-қайшы эле-менттерді нақтылайды.
Қарым-қатынастың бүл қызметін басқару қаналы ретінде іске асыру наңтылы іс-әрекет қарым-ңатынас үжымдағы қатынас жүйесінің шеңберінде жүріп отырады.
Мүғалім мен оқушылардың өзара қарым-қатынасы-үлкендердің тәрбиелік ыңпалының негізгі жолдарының бірі.
Мүғалім оқушыны негізгі іс-әрекет саласында-мектеп-те көреді, оның жолдастарын, достарын жақсы біледі.
Бүл бір жағынан, қарым-қатынас үшін көп көмек береді, екінші жағынан, педагог тарапынан тәрбие мақсаттарына жету үшін көмектеседі, яғни балалармен қарым-ңатынас жасай отырып, мүғалім оның өміріндегі көптеген факторларды ескере отырып, соған сөйкес мек-теп оқушыларына эсер етеді, күнделікті өмірде пайда болған проблемаларды шешуге көмектеседі.
Біраң та мүғалім мен оқушылардың өзара ңарым-қатынас тәжірибесінде әруақытта да ойдағыдай қалыптаса бермейді. Көп жағдайда бүл мүғалімнің басқару стилі-не байланысты, басқаша айтқанда, оқушылармен оның қарым-қатынас жасайтын функциясының орындалу мәнері мен тәсілдеріне байланысты.
Психология ғылымындағы зерттеу жүмыстары көрсеткендей, мүғалімдердің оңушыларды басқарудың жиі кездесетін 5 түрлі стилін атап өтуге болады: автократиялық (өзіндік әміршілдік) авторитарлық демок-ратиялық, бүрмалаушылың, бірізділік емес.
Өзіндік әміршілдік автократиялық басқару стилін-де мүғалім активке сүйенбей, үжымды бір өзі басқаруды іске асырады. Оқушыларға өз көзқарасын білдіруге, сын-ескертпелер айтуға, ынталық білдіруге, сонымен ңатар мәселелерді шешуге қатысуға үлықсат етілмейді, тыйым салынады. Мүғалім оқушыларға әруақытта да талаптар қойып, оның орындалуын ңатаң бақылап отырады.
Авторитарлық басқару стилінде автократиялық басқару стилінің негізгі белгілері тән. Біраң бүл стиль бойынша үжым өмірінің мәселелері бойынша талқылауға ңатысуға лүқсат етіледі. Бірақ әруаңытта да шешімді өз үстанымдарына сәйкес мүғалімнің өзі ңабылдайды.
Басқарудың демократиялық стилінде мүғалім үжымға арқа сүйейді, оқушылардың өз бетімен белсенділігін ынта-ландырып отырады. Оқушылар үжым өмірінің проблема-ларын талқылайды, ақыр аяғында белгілі талдау жасайды.
Бірақ ңорытынды шешімді мүғалім қабылдайды неме-се оны ол мақүлдайды. Оңушылардың сын-ескертпелері-не белгілі дөрежеде мүғалім төзімділік көрсетеді, оларды түсінуге, ішкі жеке бас мәселелеріне үңілуге тырысады.
Басқарудың бүрмалаушылық (игнорирующий) сти-лінде мүғалім оқушылардың өмірі мен іс-әрекетіне мүмкіндігінше аз араласуға үмтылады, практикалық түрғыдан оқушыларды басқару ісінен шеттетіледі, өз мін-деттері мен әкімшіліктің айтқандарын формалды түрде орындаумен шектеледі.
Бірізділік емес (непоследовательный) басқарудың стиліне тән ерекшелік мүғалім сыртқы жағдайлар мен өзінің эмоционалдық ңалпына байланысты жоғарыдағы айтылған басқару стильдерінің кез-келгенін іске асыра¬ды, ол көп жағдайда мүғалім мен оқытушылардың өзара қарым-ңатынас жүйесін түсініспестікке және әртүрлі ситуациялың жағдайға алып келеді.
Осындай басқару стилі мүғалім мен оқушылардың өзара қарым-қатынасының барлық жүйесіне із қалдырады, мүғалім өз оңушыларымен қалай қарым-қатынас жасайды, оңушылармен оның жиі болып түратын келіспеушіліктері, үжымдағы психологиялық ахуал және т.б.
Психологтардың зерттеуінің негізінде, оқушылармен ңарым-қатынас жасау белсенділігіне байланысты шартты түрде мүғалімдерді 4 топқа бөліп қарастыруға болады.
Бірінші топқа балалармен әруаңытта да белсенді қарым-қатынас жасайтын мүғалімдерді жатқызуға болады.
Бұл қарым-қатынас мүғалімдердің күнделікті тәлім-герлік міндеттерінен шығып, көп жағдайда ерекше бел-сенділігімен, тиімділігімен және сенімділігімен ерекшеле-неді. Бұл топтағы педагогтар оқушылармен жиі кездеседі. Оларға басқарудың демократиялық стилі тән.
Екінші топқа жататын педагогтар оқушыларға әруақытта да қүрметпен ңарайды, олардың сенімі мен симпатиясына ие болғандар. Бірақ әртүрлі себептерге байланысты мүғалім мен оқушылардың қарым-қатынасы сабақтан тыс уақытта бір жүйелі, бірқалыпты емес. Бұл топтағы мүғалімдер негізінен демократиялық басқару стилін басшылыққа алатындар, ал кейбіреулері гана авторитарлық басқару стиліндегі мүғалімдер.
Үшінші топқа оқушылармен жақын қарым-қатынас жасауға үмтылатын мүғалімдерді жатқызуға болады, бірақ ондай жақын қарым-ңатынас қалыптаспаған. Бүл жағдай әртүрлі себептерге байланысты. Біреулерінде уақыттың жетпеуінен, екіншілерінде қарым-ңатынас сенімі қалыптаспаған, оңушылар тарапынан үнату, се-нім жағы жетіспей жатады. Осы топтағы мүғалімдердің арасында негізінен авторитарлық басқару стилі басым, бірақ та бірізділік емес жене демократиялық стилдегі мүғалімдер де кездесіп қалады.
Тәрбие жұмысының езіндік ерекшелігі бар. Тәрбиеші өзінің қарамағындағы әр оқушының психологиялың ерек-шелігін, мәселен, темпераменттері мен мінезінің ерекше-лігін жете білу керек. Сонымен бірге тәрбие жұмысындағы тағы бір ерекшелік сол - бүл тек тәрбиешінің біліміне ғана байланысты болып келмей, осы жөніндегі тәжірибені кеңінен талап ететінінде.
Ал тәрбие жұмысының жемісті болып келуі неден? Осы жұрт көбіне балаға қойылатын талаптың қандай болып келуімен байланыстырады. Бұл негізінен, дұрыс. Бірақ талапты балаға қалай қоя білу туралы көпшілік арасында өртүрлі пікірлер бар. Мысалы, кейбіреулер баланың көзінше әзіл-қалжың айтпай, оған үнемі қатал көзбен қарау керек дейді, ал кейбіреулер балалармен қандай қатынас жасасаң да жұмсақ сөйлеу керек дейді. Осы пікірлердің қайсысы дүрыс? Бұл екі пікірдің дұрыс жақтарымен қатар, елсіз тұстары да баршылық.
Қатал және жұмсақ педагогтар деп аталатындардың арасында оқушылармен тәрбие жұмысын жақсы жүргізіп, шеберлік пен қатынас жасай алатындығы да бірдей кездесіп отырады.
Қатал болып, оқушылардан тиісті тапсырмаларды орындауды міндетті түрде талап ете алу - тәрбие жұмысының жемісті болып келуінің шарты. Балалар оқып жүргенде осы қасиеттің қадірін жаксы түсінбесе де, кейін жоғары немесе орта оқу орындарына түскенде бұрынғы кезде қатал деп санайтын ұстаздарына риза болып, алғыс айтатыны болады. Осында үлкен мен бар. Өйткені, білім негіздеріне үйрену қатты талап қоюдың нәтижесі. Оқушылармен қатынас жасаудағы қатал деп саналатын қасиеттің жөні бар және осының өзі педагогтарда үнемі бір дәрежеде кездесе бермейді. Қаталдықты балаларда үнемі наразылық білдіріп, не болса соны ескертуге әуес келу деп түсінбеу керек. Осының негізінде екі түрі бар.
Бірінші жағдайда мұғалім оқушылардан тапсырманы міндетті түрде орындауды талап ете отырып, оның қажет екендігін жанамалы жолмен түсіндіреді. Мысалы, қатал деп саналатын бір мұғалім бұрын жақсы оқып келген оқушы сүраққа жауап бере алмай тұрып қалғанда да, оған күле қарап: "Сенің жауабыңды бүгін бағаламай-ақ қоямын" депті. Қатал мұғалімнің осындай деуіне сыныптағылар қайран қалыпты. Себебі мұғалім тақтаға шыққан оқушының бет құбылысын қарап, оның бірдемеге ренжігенін тез сезе қалыпты. Кейін тексеріп көргенде, осы бала үйінен бірдемеге ашуланып, даярланбай келген болып шығыпты. Мұғалімнің ісінің бұл түрі — шеберліктің белгісі. Өйткені тәрбие жұмысында қатал келіп, талап етуді сенім білдірумен ұштастырып отыру, оқушыны жігерлендіре, рухтандыра түседі. Әдетте, оқушылардың көпшілігінің айтуынша, қатал мұғалімді жақсы оқитындар ғана ұнатады да, сабаққа селқос қарайтындар онша құрметтей бермейді. Осы лай деп бағалау - оқушылардың талапты күшті қоюдың маңызын жақсы түсінгендігі.
Ал қаталдықтың екінші жағына келсек, мұның да өзінше сипаты бар. Кейде тәжірибесі мол, сабағына жетік мұғалім дейтіндердің арасында да ұстамсыз келіп, өзін жақсы меңгере алмайтыны кездеседі. Мысалы, оқушының жауабын аяғына дейін тыңдамай тоқтатып тастау т.б. Қаталдықтың осы түрін бірінші түрімен салыстырғанда нәтижелі келеді деп айтуға болмайды.
Ал қатынас жасаудағы "жұмсақ" деп аталынатын қасиетке келсек, мұның да өзінше ерекшеліктері кездеседі. Мысалы, кейбіреулер баланы іске жұмсап, тілалғаш "айналайын", "бауырым" т.б. сөздерді жиі қолдану керек дейді. Бұл негізінде дұрыс. Бірақ осының өзі кей жағдайда жеткіліксіз, өйткені осылай деуді бір оқушы ішінен дұрыс бағалап, мұның не үшін айтылғандығына түсінетін болса, басқа бір бала түсінбеуі мүмкін. Ал одан бір жағдайда қатты талап еткенде, ал осындай жұмсақ сөздерге әдеттеніп, қатты талапты жақтырмай да қалуы ықтимал.
Мұғалімдердің оқушылармен қалыптасқан өзара қарым-қатынасы педагогтардың қаншалықты мектеп оқушыларының жас ерекшеліктерін, әсіресе, жас жеткіншектер мен жоғары сынып оқушыларына тән үлкендердей болуға ұмтылуын ескеруіне байланысты. Жас жеткіншектер мен жоғары сынып оқушыларына мұғалімдердің тарапынан өздерінің ересектер қатарына қосылғандығын мойындау қиын /әсіресе, демократиялық басқару стилі емес мұғалімдер тарапынан/.
Мәселен, психологтардың эксперименталдық зерттеулері көрсеткендей, орта және жоғарғы сынып оқушыларында ата-аналарымен, үлкендермен, қарым-қатынасында қиындықтың деңгейі арта түседі (ең алды-мен мүғалімдерімен).
Оқушылардың көзқарасы бойынша, мұғалімдермен қарым-қатынасты бүлдіретін үлкендердің тарапынан байқалатын сенімсіздікпен қарау, түсінбеу, әділетсіздік, жеткіліксіз және шамадан тыс талап қою сөз бен істің алшақтығы, арсыздық, оқытудағы кемшіліктер сияқты жағымсыз қасиеттер.
Оқушылар мен мұғалімдердің сенімді өзара қарым-қатынасын қалыптастырудың міндеті психологиялық жағдайы - оқушының жеке басын тәрбиешінің құрметтеуі. Басқа жағдайда оқушылар мен мұғалімдердің арсында көптеген жанжал пайда болуы мүмкін. Көптеген мұғалімдерде оқушылармен жанжал болады (авторитарлық, автократиялық, бірізді емес басқару стиліндегілермен жиі болып тұрады).
Оқушылардың эмоционалдық жағдайы, А.А.Бодалев және оның ғылыми қызметкерлерінің зерттеу жұмыстары көрсеткендей, жалпы көп жағдайда мұғалімнің басқару стиліне тікелей байланысты. Бұл ең алдымен мұғалімнің оқушыларға бағытталған ұстанымымен байланысты.
Мұғалімнің басқару стилі әртүрлі субъективтік және объективтік факторлардың ықпалымен қалыптасады. Субъективтік факторларға мұғалімнің жеке басының психологиялық ерекшеліктері жатады (темперамент, ерік-қайрат сапалары, сезімталдығы, шыдамдығы және т.б.) және сонымен қатар жалпы мәдениетінің көкжиегі, өзін-өзі бағалаудың ерекшелігі, өзін-өзі құрметтеу деңгейі, әлеуметтік ұстанымдары.
Объективтік факторларға әкімшілік басқару стилі, мұғалім ұжымындағы қарым-қатынастың сипаты және т.б. факторлар жатады.1.Мұғалім - мектептегі басты тұлға.
Мектептегі оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырушы және іске асырушы жеке тұлға бұл мұғалім болып табылады. Ол тәрбиенің мақсаттары мен міндеттерін іске асырады, оқушылардың жан-жақты жеке тұлғалық сапаларды дамыту мен қалыптастыруға бағытталған, белсенді оқу-танымдық, спорттық-сауықтыру және көркемдік-эстетикалық қызметін ұйымдастырады.
Білім беру мен тәрбие берудегі мұғалімнің шешуші қызметін мектеп тәжірибесінен алынған көптеген мысалдар мен белгілі педагогтардың айтқан қағидалары дәлелдейді.
Ян Амос Коменский балаларға тәлім-тәрбие беріп, ұстаздық қызметті атқаратын мұғалімді өте жоғары бағалады. Ол мұгалімнің рөлін жоғары бағалай келіп, былай деп жазды: "Мұғалім мәңгі нұрдың қызметшісі. Ол барлық ой мен қимыл әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр қүятын тынымсыз лаулаған жалын иесі, мұғалімдерге тамаша қызмет тапсырылған, күн астында одан жоғары еш нәрсе болмақ емес".
Қазақ халқының белгілі ағартушы-педагогі, қазақ топырағында түңғыш "Педагогика" оқулығын жазған Мағжан Жұмабаев осы аталмыш оқулықтың кіріспесінде мұғалім туралы: "Қазақтың қаны бір, жаны бір жолбасшысы - мұғалім. Еліміздің аз ғана жылдық ояну дәуіріне баға беру үшін алты алаштың баласы бас қосса, қадірлі орын мұғалімдікі", - деп, қазақ мұғалімдерінің рөлін ерекше бағалады.
Мұғалім (педагог, оқытушы, тәлімгер, ұстаз) - арнайы мамандығы бар және педагогикалык, қызметпен кәсіби айналысатын адам. Кәсіби емес педагогикалық қызметпен барлық адамдар айналысады, ал тек қана мұғалімдер педагогиканың заңдылықтарына сәйкес шәкірттерді қалай, қайткенде дұрыс тәрбиелеуге болады, өзінің кәсіби борышын сапалы орындау жауапкершілігін белгіленген тәртіппен алып жүруге болатындығын біледі. Мұғалімдік мамандық әрбір шәкірттің, жас жеткіншек ұрпақтың, қоғамның және мемлекеттің тағдырына жауапкершілікпен сезінумен сипатталады.
Тәуелсіз елдің тірегі - білімді ұрпақ десек, жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған күрделі мәселе - білім беру, ғылымды дамыту. Өркениет біткеннің өзегі білім, ғылым, тәрбие екендігіне ешкімнің таласы жоқ. Осы орайда білім ордасы - мектеп, ал мектептің жаны - мұғалім екендігі баршаға мәлім.
Қазақ педагогикасының көрнекті қайраткері Ахмет Байтұрсынұлы мұғалім туралы былай деген болатынды: "... мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көп білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі - білімді педагогика, әдістемеден хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім". Қазіргі мектеп жағдайында оқыту мен тәрбиенің соңғы тәсілдерін игерген, педагогикалық-психологиялық диагностиканы қабылдай алатын, педагогикалық жұмыста қалыптасқан бұрынғы ескі сүрлеуден тез арада арылуға қабілетті және нақты тәжірибелілік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді шығармашыл педагог-зерттеуші, сондай-ақ интегративті ойлауға бейім мұғалім кажет.
Баланың бойына білім нәрін себетін басты тұлға -ұстаз. Яғни жас ұрпақты оқытуда тиімді жағдайлар жасау көбіне мұғалімге тікелей байланысты. Өйткені ұстаз алдында егеменді еліміздің болашағы - жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу міндеті тапсырылған.
Халық мұғалімі - жас өспірімнің рухани дүниесінің мүсіншісі, қоғам өзінің ең қымбаттысы, ең құндысы балаларды, өзінің үмітін, өзінің болашағын сеніп тапсыратын сенімді өкілі. Осы аса ізгі және аса қиын кәсіп, бұған өз өмірін арнаған адамнан тұрақты шығармашылықты, ойдың тынымсыз жұмысын, орасан зор жан жомарттығын балаларға сүйіспеншілікті, іске шексіз адалдықты талап етеді.
Әркім өз мұғалімдерін біледі және есінде сақтайды, ең алдымен тәжірибесі жоқ абыржыған сәбиге таяқша сызуды, ал сонан кейін әріптер мен сөздер жазуды, оқып, са-науды үйреткен, оның алдынан кітаптар мен білімдердің құпия да тамаша дүниесін ашқан өзінің тұңғыш мұғалімін біледі және есінде сақтап жүреді.
Бұдан кейін оқушының жолында көптеген мұғалімдер кездеседі. Олардың ішінде жақсы көретіндері де, жақсы көрмейтіндері де, баланың жүрегінде қайсыбір із қалдыратындары да, із қалдырмайтындары да болады.
Нағыз мұғалім деп тәрбиелеушінің ойы мен жүрегіне жол тапқан ұстазды айтамыз. Бұл бас әріппен жазылатын мұғалім, оған сенгің келеді, ауыр минуттарда онымен ақылдасқың келеді. Бәлкім, әрбір адамның мектеп қабырғасында өткен өмірінде бейнесі көз алдында мәңгі-бақи сақталып қалған әлгідей мұғаліммен кездескен де болар.