Дәріс № 12
Дәріс тақырыбы:
Педагог сөзі ақпарат тарату және педагогикалық әсер ету құралы ретінде
1. Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру мүкіндіктері.
2. Сөз мұғалім мен оқушы қарым-қатынасының маңызды құралы.
Дәріс мақсаты:педагог сөзінің тәрбие және мәлімет беру құралы екенін түсіндіру
Дәріс мәтіні
1.Тіл мәдениетінің басты талаптарының бірі – сөздердің дұрыс айтылуы мен дұрыс жазылуы болса, оқытушының сөйлеу тілінде сөз бен сөз тіркесін, сөйлемді дұрыс қалыптастыра білу үшін ой тиянақтылығы, әсерлілігі, сөз дәлдігі, сөйлемдердің өзіне тән әуені, ырғағы, үні, интонациясы, т.б. сөйлеу тілінің сапасын арттыруы қажет.
Адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас құралдарының ішіндегі өмірде кең қолданылатыны және аса маңыздысы-тіл.Тіл –адам мен адамды, ұлт пен ұлтты жақындастыратын өзгеше қатынас құралды.
Тілмен сөйлеу адамзат баласы үшін тысқары бір дүние емес, ол ішкі құбылыс. Сөйлеу тек адамға ғана тән.
Тіл-адамның іс-әрекет процесінде таным, ақпараттық және коммуникативтік қызметті атқаратын кез келген физикалық табиғаттың таңбалау жүйесі.
Тіл –адамның жан дүниесінің көрінісі.Ол тұлғаны қалыптасырады.Педагогикалық іс -әрекеттерді саралау бойынша, егер сабақ ашық жарқын және бейнелі сөз мәнерімен көркемделмесе , оқу-тәрбие мүмкіндіктерін толығымен жүзеге асыра алмайтындығы анықталады.
Тіл дегеніміз- адам қоғамның рухани өмірде обьективті өмір сүретін құбылыс.Тіл қарым-қатынас қызмет атқаратын белгілері жүйесі және ой қаруы болып саналады.
<<Тіл –ой музейі>>деген теңдеу тегіннен тегін емес.Тіл жазбаша және ауызша сөйлеу арқылы іске асады.Тіл рухани мәдениет құбылысы ретінде , өзін жасаған қоғам құрып кеткен сонда өмір сүре отырып , жоғалған цивилизация мәдениеттің аса құнды ескерткіші бола алады.Тілдік хабарларды құрайтын құралдар фонемалар және графемалар.
Ауызекі мәдениеті және жазба тіл мәдениеті болып екіге бөлінеді.
Ауызекі сөйлеу тілінің де жазба тілінің де бастау негізі-белгілі бір ұлттың дәстүрімен сабақтасқан жалпы халықтың тілі.
Жазба әдеби тіл-жазу арқылы белгілі жүйеге түскен жазу дәстүрі мен әр түрлі жазба әдебиеттің негізінде қалыптасқан,тұрақты нормалары,стильдік-жанрлық тармақтары бар тілдің түрі.
Тіл анық болмас, ой анық емес деген сөз деген сөз.Тіл ойдың айнасы.
Тілдегі сауатсыздық-адамның жалпы сауатсыздығының мәдениеті төмендегінің көрінісі,рухани байлығының әлсіздігі.
В.А.Сухомлинский: ”Сөз –ең маңызды педагогикалық құрал, оны еш нәрсемен ауыстыра алмайсың’’-деп оның маңызына ерекше назар аударды.
Тіл мен сөз мәнері бір-бірінен өзара толықтырып отырады.Егер тіл-сөйлесу құралдарының жүйесі болса,сөз мәнері-осы жүйені таратушы. Сөз мәнері тіл ережелері бойынша жүзеге асады.Тілдің маңызды қоғамдық функциялары мыналар:
-Күнделікті тіл табысу – сөйлеу стилі.
-Хабарлама –іскерлік және ғылыми стиль.
-Әрекет ету –публицистикалық және көркем –беллетристикалық стиль.
Сөз қолдану мәдениетін арттыратын негізгі шаралардың бірі-тіл тазалығы.Тіл тазалығы дегеніміз – атайтын денен ойымызды еркін жеткізу,сөйлегенде бөгде тілдік элементтерді –диалектілерді,варваризмдерді араластырмай сөйлеу халқымыздың асыл сөз қазыналарын тиімді пайдаланып ,жатық,анық сөйлеу,әдеби тілде сөйлеу.
Жұрт алдында сөйлеу кезінде ең басты –тіл заңдылықтарын сақтау мен сөйлеу техникасын меңгеру.
Балаларды сөйлеу мәдениетіне төселдіруді әсіресе мектеп жағдайында қолға алу үшін мұғалімге төмендегідей жұмыстарды жүргізуге болады:
1.Оқушылардың жеке дыбыстарды , буындарды ,сөздерді ,фонетикалық , лексикалық жағынан дұрыс жаза айта алуына , ана тілінің грамматикасын саналы меңгерумен қатар практика жүзінде қолдана білуіне ерекше қамқорлық жасау қажет.
2.Оқушылардың тілінде байқалатын кемшіліктерді жою мәселесі де мұғалімге қатысты мәселе.Осы мәселе жөнінде ол логопедтермен тығыз байланыс жасау қажет.
3.Мұғалімдер өз сыныбындағы оқушылардың ана тілімен қатар, орыс тіліндегі белсенді сөздік қорының шамасын біліп , олардың екі тілде дұрыс сөйлей алуына көңіл бөлуі тиіс.
4.Оқушылардың сөйлеу мәдениетін тәрбиелеу –оқу тәрбие процесінде көзделетін негізгі міндеттердің бірі.
Сөйлеу дегеніміз- тілдің көмегімен қарым –қатынас жасау процесі.Тіл қоғам өмірінің обьективті құбылысы ,ол бүкіл халық үшін бірдей және адамдар білін құбылыстардың алуан түрін түгел қамтиды.Қарым-қатынаста адам тіл байлығының шағын бөлігін ғана пайдаланады.Ұлы жазушылардың тілінде өзінде 10 мыңнан 20мыңға дейін ғана сөз болады ал жалпы тілдің құрамында бірнеше жүздеген мың сөз болады.
Сөйлеу мәдениеті көптеген факторларға байланысты тілдесудің ойлы , бағыттылығы оның мазмұны жаңа ақпараттың болуы және т.б
Лингвист Б.Н.Головин <<Сөз мәнеріндегі мәдениеттілік>>кітабында оның келесі құрамдас бөліктерін көрсетті:
-Сөйлеу дұрыстығы:екпін нормалары
- Сөйлеу дұрыстығы:грамматика нормалары
-Сөйлеу нақтылығы
-Сөйлеу логикасы
-Сөз мәнерінің тазалығы
-Сөз мәнерінің анықтығы
-Сөз мәнерінің байлығы әр алуандығы
-Сөздің орындылығы
-Тілдің және сөйлеу стилі
Сөйлеу мәдениетінің маңызды белгісі нақтылық болып табылады.Сөз мәнерінің нақтылығы пен анықтылығына тілдің көптеген құралдарын қолдау арқылы қол жеткіземіз.Мысалы:<<атақты>>,<<дәрежелі>>,<<белгілі>>,<<еркіндік>>,<<бостандық>>,<<тәуелсіздік>>.Тілдің синонимдік құрылымы ойды әр түрлі тәсілдермен жеткізуге, нақтылыққа жетуге көмектеседі.
Сөз нақтылығы оның сыңарын дұрыс келтіре білуге де байланысты, айтылуы ұқсас,бірақ мағынасы әр түрлі сөздер:<<абонемент>>-<<абонент>>,<<тәжірибелі>>-<<тәжіриебелік>>.
Ауызша сөйлеудің анықталған анафора,градация,инверсия т.б тәрізді стилистикалық фигуралар күшейтеді.Анафора-бір сөздің бірнеше жол т.б басында қайталануы.Мұндай тәсілді М.Ю.Лермонтов пайдаланған .Градация-сөйлемдегі сөздердің айтылу деңгейіне қарай орналасуы.
Сөз мәнерінің жоғарғы мәдениеттілігі ұғымын ашып көрсету барысында С.И.Ожегов былай деп жазған: <<... Бұл өз ойларын құрылғылары арқылы нақты және айқын жеткізу.Дұрыс сөз мәдениеті деп қазіргі заманға сай әдеби тіл нормалары сақталған сөз мәнері айтылады>>.
Мәнерлеп оқу дегеніміз- дауыс интонациясы арқылы автордың ойын,білдіру мазмұндық ой екпін дұрыс қоя білу, ақырында оқығанды түсініп кейіпкердің көңіл-күйін сезіне оқи білу.
Мәнерлеп оқу дауыстың өзіне де қатысты.Дауыс неғұрлым таза күшті шықса оқу да мәнерлі болады.Ол үшін оқушы дауысын күте білу қажет.
Сөздерді айтудағы дыбыс өзгерістері орфоэпиялық нормаларға сай болғанымен, жазуда олар ерекше жағдайда ғана болмаса, орфографиялық ережелер бойынша жазылады. Орфографиялық норамалардың ғылыми негізі – сөз құрамының дәстүрлі қалпын бұзбай, дыбыстардың ілгерінді, кейінді ықпалы, ығыспалы заңдылықтарын біліп, орфоэпиялық нормаларды сақтап сөйлеу оқытушының сөйлеу сапасын арттырады. Мәселен: Сарыарқа, Ағжар, Ағбота, өртау, өзөн, тұрұс, жұмұшшұ, Жетіғара т.б.
Оқытушының сөйлеу тілінің сапасы мен студенттің қабылдаған білімі, оның сөйлеу әуені, үні, айту заңы дұрыс қалыптасуы керек. Ол үшін кез келген мәтінді не кеспе қағаздарды оқығанда дауыс ырғағын келтіріп, сөздің анық, түсінікті болуын естен шығармау керек.
Оқытушы тілінен кездесетін кемшіліктердің бірі – сөз арасында жиі кездесетін: жаңағы, яки, яғни, және мінекей, жалпы, маған, иә, мәселен, әлгі, т.б. қыстырма сөздердің қайталануы. Студент ондай жағдайда сабақ тыңдамай “жаңағы” деген сөзін оқытушы бірнеше рет айтты деп санап отырады. Ол студенттерді де, тыңдаушыны да мезі етеді.
Оқытушы тілінде кездесетін кемшіліктер және мыналар:
- диалект, жаргон, кейбір қолданыста жоқ, әдебинормаға жатпайтын сөздерді жиі қолдану;
- барғын, айтқын, жазғын, келген;
- келгентұғын, келгемді, айтқамды;
- келгентұғым, айтқантұғым;
- кесей, айтсай;
- баралық, жазалық, көрелік;
- -ыншы, -інші формаларын дұрыс пайдаланбай “жиырманшы” деп қолдану;
- аудитория жағдайында дәл емес, тұспалдап жеткізуде бірқатар сөздердің беретін мағынасын дұрыс айтпау.
Ұстаздың басты мақсатының бірі – студенттің тілін дамыту. Бұл өмір талабынан, тұрмыстық қажеттіліктен туындайды. Қоғамдық мәдениет өскен сайын өмірдің сан-саласында қолданылатын тілдің мәдениетіне қойылатын талап та күшейе түсері анық. Ол үшін студенттер тілін ауызша да, жазбаша да дамытуды алғашқы кезден бастап қолға алу керек. Студенттердің сөз тіркесін, сөйлем құрылысын, морфологиялық тұлғаларды дұрыс қолдана білуі тіл мәдениетінің негізін арттыруға үлес қосады.
Студенттердің білімді тереңдету негізінде тілді жетілдіру жолдары мынадай:
1. Тілдік терминология. Тілдік терминологияны терең меңгеру үшін негізгі және қосымша әдебиеттермен, сөздіктермен жұмыс істеу керек. Қос тілді сөздіктермен, анықтағыштармен жұмыс істеу ерекшеліктері де үлкен.
2. Мамандыққа дайындауда ғылыми-зерттеу жұмысының орны. Курстық және дипломдық жұмыстарды дайындау, материалдарды жинақтаудың және картотека жүргізудің тиімді тәсілдерін іздеу.
3. Курстық және дипломдық жұмыстарды қорғауға қойылатын талаптарды орындау, қорғау кезінде сұрақтарға дұрыс жауап бере білу қажет.
Тілді қадірлейтін мәдениетті оқытушы әрбір сөзді өз орнымен, стилдік шеберлікпен қолданады. Стиль дегеніміз – белгілі бір қатынастың түрінде тілдік единицаларды сұрыптап пайдалану арқылы ойды жеткізу мәнерінің көрінісі. Демек, стил тілдің бәріне тән құбылыс. Қазақ әдеби тілінің екі түрі бар: ауызша сөйлеу стилі және кітаби жазба стилі. Шетелдік мамандар стилді жіктеуге байланысты түрлі пікірге ие. Мысалы, Р.Будагов ауызекі-жазбаша, ғылыми-көркем әдеби стил деп бөлсе, М.Конина ресми-әдістемелік, тұрмыстық іс-қағаздар, ғылыми-техника, т.б.стилдер бар дейді.
Қазақ стилистикасын зерттеуші ғалым жоғарыдағы пікірлерді есепке ала отырып, тілдің өзіндік ерекшеліктерін ескере келіп, тілімізде мынадай стил бар деп есептейді: сөйлеу стилі, кітаби-жазба, іс-қағаздар стилі, ресми стил, публицистикалық стил, ғылыми стил.
Лектор халыққа білім негізін берумен қатар халықты тіл мәдениетіне баулиды, сондықтан олар қарым-қатынас жасау құралы, шындықты жеткізу құралы – тілдің ойды білдіру мүмкіншіліктеріне, тіл мәдениетіне қанық болуы керек. Ол тілді өткір де әсерлі, икемді де бай ету қамын жасау керек. Жұрт алдында сөйлеу өте қауіпті әрі қиын жұмыс. “Сөйлей-сөйлей шешен” болған кісілер де кейде үлкенді-кішілі аудиторияға келіп, көпшілікке қарап тіл қатқанда, жүрегі алып - ұшып тұрады. Оның себебі, “айтайын деген ойымды қатесіз, дұрыс айта аламын ба, тыңдаушыларды менің сөзім қанаттандыра ма?” деген уайым қыстайды. Оның үстіне аузына қадала қарап жаудыраған көп көздер, оның әр сөзін сынай қабылдайтыны белегілі. Тыңдаушылар алдында өзін-өзі дұрыс ұстай алмаған кісінің сөзі де өтімді болмайды, сондықтан мінбеде ұстамды болу, қобалжымау, сасқалақтамау – сөйлеушілерге қойылатын басты талаптардың бірі. Сөйлеуге алдын ала ұқыпты дайындалған, не айтатынын, қалай айтатынын, тілдік амал-тәсілдерді қалай пайдаланатынын әбден көңілге қондырып алған кісі қысталаңның құлы болмайды, өзін нақты ұстап, еркін сөйлейтін болады. Тыңдаушыларды бірден өзіне тарта, еліктіре алады.
Дауыс булығып шығып, бірсыдырғы әуенмен, жігерсіз, баяу сөйлейтін болсақ, айтқаның қаншама маңызды болғанмен, тыңдаушыларды тез жалықтырады, олардың көңілі басқаға ауып кетеді.
Сөйлеу дауысы құбылмалы әрі ойыңды белгілі қисынды байланыста сөйлемдердің бірін-бірі тудырып тұрғандай етіп сөйлеу керек. Сөйлемдер арасында табиғи байланыс болмаса, тыңдаушы ондай сөзден нәр ала алмайды, көпшілік алдында жақсы сөйлеудің ең негізгі шарты – даярлық. Дәрістің мазмұны, құрылысы, формасы алдын ала жоспарланып, қағазға жазылып дайындалуы тиіс.
Мәдениетті адамның сөйлеу мәнері жағымды болмақ. ән сияқты дұрыс айтылған сөз де құлақтан кіріп бойды алады. Қазақ халқы келістіріп сөйлей алатын кісіні “сөзі мірдің оғындай екен” деп дәріптейді. Ал қабілеті жоқ адам ынжық “аузынан сөзі, қойнынан бөзі түсіп тұр” деп сынайды. Сөйтіп, сөзді қалай болса, солай айта салмай, сөйлеуде оның мазмұнына үйлесімді ырғақ, екпін, әуен тауып, дауысты түрлендіріп сөйлеудің үлкен мәні бар. Жалпы тіл өнеріне, шешендік өнерге, дұрыс сөйлеу, дұрыс оқу өнеріне үйрететін орынның бірі – жоғары оқу орны.
2. Сөз мұғалім мен оқушы қарым-қатынасының маңызды құралы.
Ана тілін жақсы білу, сол тілде таза сөйлеу де мәдениеттілік. Ана тілін, оның байлықтарын бағаламау – қарым-қатынас жасаудың, ойды айтудың, жеткізудің құралы тілді бағаламау деген сөз. Таза сөйлеу дегеніміз – сол тілдің жалпыға ортақ байлықтарын пайдаланып, “бөгде” сөздерді араластырмай сөйлеу. Жөн-жосығы, тіпті керегі жоқ жерде өзге тілдің сөздерін пайдаланып сөйлеу айтайын деген ойды түсініксіз етеді. Тілдегі орашолақтық, оспадарсыздық – ой жүдеулігінің белгісі. Ойы саяз адамның көпшілігі бос сөз болады, күнгірт ойлы кісілердің сөзі айқын, таза болмайды. Көмескі, күнгірт сөзді желді күнгі қаңбақ секілді ешкімнің көңілінен қоныс таппақ емес.
Кәсіби қарым-қатынасты қалыптастыруға негізделген Н. Бакланованың “Личность в профессиональных видах деятельности и общения” талдауында кәсіби шеберлік психологиялық феномен ретінде оның пәні мен құрылымы, кәсіби шебер жеке тұлғаның қалыптасуы (жеке адамның іс-әрекеті, жеке адамның қарым-қатынасы, кәсіби шеберліктің психологиялық құрылымы) көрініс тапқан. “Сөйлеу” тақырыбында маңызды сөйлеудің психологиялық сипаты мен қатар ойлау негізі, сөйлеудің түрлері қарастырылады. Болашақ оқытушы аудиторияда сөйлейді, ол тек ойы мен сезімін жеткізіп қоймай, тыңдаушылардың ойы мен сезіміне әсер етуі қажет, олардың қызығуын арттыра отырып, психологиялық байданыста болуы керек.
Көрнекті ғалымдар сөйлеу өнерінде көңіл бөлу психологиясы мен тыңдау психологиясына баса назар аударады. Сөздің негізгі қызметі – қатынас. Мәдениет пен қарым-қатынас әдебі тыңдаудың тиімді шарты болып табылады. Тыңдаушының ұстанған бағытындағы, қатынасындағы саналы және санадан тыс ақпарат алмасудың үш түрі бар: шынайы тіл, бейнелі ойлау, сенсорика.
Ауызша сөйлеудің негізгі ұстанымы – қарым-қатынастық бағыт. Сөйлеуді оқытуды , сөйлеу іс-әрекеті жеке тұлғаның қалыптасуына әсер етеді. Өз ойын айту және біреуге жеткізу – болашақ маманның кәсіби талдауының алғашқы шарты, сонымен бірге оның интеллектік кәсіби ойлауының қалыптасуының негізі. Қарым-қатынас қоғамда үлкен рөл атқарады. Қатынассыз оқу үрдісі , тәрбие , жеке адам дамуы, адамдар арасындағы қатынас, басқару, қызмет ету, ғылыми және басқа іс-әрекет мүмкін емес. Қарым-қатынас мәселесі көп аспектілі. Ол көптеген ғылымның зерттеу көзі: философия, әлеуметтану, лингвистика, этнография, психология, педагогика, т.б.
Жоғары оқу орнына өз пәнін, түрлі әдістемелік құралдарды толық меңгерген, педагогикалық – психологиялық дайындығы бар, мәдениетті, шығармашылыққа бейім, студентті түсінетін және оларға жұмыс барысында әсер ететін шебер педагог керек.
Бақылау сұрақтары:
1. Оқытушының сөйлеу сапасы мен оқушының қабылдауының арасындағы байланысты түсіндіріңіз.
2. Оқытушының тіліндегі кездесетін кемшіліктерді атаңыз және оның себебін түсіндіріңіз.
3. Студенттің тілді жетілдіру жолдарын көрсетіңіз.
4. Стиль дегеніміз не?
5. Шетел мамандарының стильді жіктеуге байланысты ой-пікірлері қандай?
6. Қазақ стилистикасын зерттеуші ғалымдарымыздың пікірлері қандай?
7. Қарым-қатынаста сөйлеудің алатын орны қандай?
Достарыңызбен бөлісу: |