Дәріс №1 Дәріс тақырыбы: Педагогикалық шеберлік компоненттері



бет21/45
Дата28.12.2022
өлшемі269,03 Kb.
#164724
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   45
Байланысты:
пед шеберлик

Бақылау сұрақтары:

  1. Мұғалім сөзіндегі ерекшеліктер дегенді қалай түсінесіз?

  2. Мұғалім сөзіндегі басты ерекшеліктерді атаңыз.

  3. Мұғалім сөзіндегі бағыттылық дегеніміз не?

  4. Педагогтың болжай алу біліктілігін қалай түсіндірер едіңіз?

  5. Педагог сөзінің оқушы психологиясына қатысы бар ма?

  6. Ауызша сөйлеуді орынды қолдана білудің маңызы неде?

  7. “Импровизация” терминінің мағынасы қандай?

  8. Мұғалімнің ауызекі сөзіндегі “импровизацияның” алатын орны қандай?

  9. “Импровизацияға қабілеттілік” дегенді қалай түсіндірер едіңіз?

  10. Мұғалімнің ауызекі сөзіне қойылатын талаптар қандай?



Дәріс № 15
Дәріс тақырыбы:
Болашақ мұғалім сөзін жүзеге асыру жолдары.
1. Сөйлеуді жүзеге асырудағы бағыттар.
2. Қарым-қатынаста сөйлеу мәдениетін дамыта білу.
3. Сөйлеу мәнерінің біліктілігін дамыту.
Дәріс мақсаты:
мұғалім сөзін жүзеге асыру жолдары мен бағыттары туралы білім, білік, дағдыларын қалыптастыру.
Дәріс мәтіні
1.Студенттердің өзіндік жұмыстарында сөйлеуін жүзеге асыруда бірнеше бағыттарды бөліп қарастыруға болады: өзін-өзі бақылау және сөйлеу мәдениетін дамыту, қарым-қатынастың барлық жағдайында дұрыс әдеби тілде сөйлей білу . Әңгіме, өзіңдегі әдеттер мен қажеттіліктерді білу және өзіңнің сөйлеу мәдениетіңнің деңгейін көтеру тәрбиесі туралы болмақ. Бұл жерде сөйлеудің тазалығы мен дұрыстығына баса назар аудару маңызды (қазіргі әдеби тіл нормаларына – екпін, айту, сөз жасау нормаларына және т.б. сәйкестігі). Мұнда үлкен көмек сөздікпен жұмыс істеуде көрінеді: түсіндірме сөздік, сөз қолдану қиындығы, сөз тіркестері. Қиын жағдайларда онымен жұмыс жасау әдеттеріне өзіңді тәрбиелеу, таныс емес сөздерге көңіл бөлу, оның мағынасын түсіндірудегі қажеттілік, есте ұстап қалу, өз тіл байлығыңды байыта түсуде оны сөздік қорыңа ендіру өте маңызды.
Өзіңнің сөзіңнің ерекшеліктерін оқып үйрен:

  • сөздерді, дыбыстарды дұрыс қолдана аласың ба?

  • сөзге екпінді дұрыс қоя аласыз ба?

  • Сіздің тіл байлығыңыз қалай немесе сіз өз баяндамаңызды қиындықпен құрастырасыз ба?

  • Жаңа сөздерді қолданғаныңызда, өзіңіздің келтірген анықтамаларыңыз дәл, тура шыға ма?

  • Сізде түрлі сөз таптарының формаларын жасауда қиындық тумай ма?

Алынған ақпарат сіздің сөйлеу дайындығыңыздағы осал жеріңізді айтады, ал әдебиетпен жұмыс істеу, жаттығу жұмыстары одан құтылуыңызға көмектеседі. Түрлі жағдайдағы қарым-қатынаста дұрыс әдеби тілде сөйлей білуді игеруге өзіңді саналы бағыттау өте маңызды – тек қана іскерлік жағдайларды шешуде ғана емес, оқытушылармен қарым-қатынас жағдайында ғана емес, ата-аналарыңызбен, құрбы-жолдастарыңызбен өзара қарым-қатынас жағдайында да сіз өзіңіздің сөйлеу мәдениетіңізді көрсете білгеніңіз абзал.
2.Өздеріңіз білетіндей, сөйлеу мәнерлілігіне оның мазмұнға сәйкес дауыс ырғағын келтіре білуіне, қолдану жағдайына және тіл құралдарын (эпитет, метафора және т.б.) орынды қолдана білуіне, ауызша көрнекі бейнелерді (көркем-әдеби шығармалардан үзінді, афоризмдерді келтіру) қолдану арқылы қол жеткізіледі.
Ө з сөздеріңіздің дауыс ырғағын бақылап көріңіз. Ол қандай?
М әнерлі, әр түрлі қалыпты, эмоционалды реңкте ме немесе бір қалыпты, бір дауысты ма?
Түрлі жағдайлардағы қарым-қатынаста сіздің сөзіңіздің саздылығы қандай?
Өзіңіздің көпшілік алдында жасағалы тұрған баяндамаңызды дайындауда мына сұрақтарды шешіп алуыңызға көңіл аударыңыз:

  • тыңдаушылардың қандай ой-толғаныстарын тудыруым керек еді?

  • Аудиторияда қандай көңіл-күй жасау керек?

  • Менің баяндамамның мазмұны сөйлегенде қандай дауыс ырғағын, ритмді талап етеді?

  • Өз баяндамаңызды оқыған кезде жақсы бір әсер алған кезіңіз және қалай шыққаны туралы көңіліңіздегідей, сіз ойлағандай болды ма ? Алған әсеріңіз туралы ой бөлісіңіз.

Өз баяндауыңызға көркем-әдеби шығармалардан үзінділер, суреттемелер және өз бағаңызды және әсеріңізді қосып құрастырып көріңіз. Бірақ мынаны ұмытпаңыз: қолданылатын таңдап алынған тіл құралдарыңыз, ауызша көрнекі бейнелеріңіз шындыққа жанасымды, әрі табиғи болсын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет