Дәріс №1 Дәріс тақырыбы: Педагогикалық шеберлік компоненттері


Дәріс № 9 Дәріс тақырыбы



бет15/45
Дата28.12.2022
өлшемі269,03 Kb.
#164724
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   45
Байланысты:
пед шеберлик

Дәріс № 9
Дәріс тақырыбы:Педагогикалық техника-педагог шеберлігінің элементі ретінде.
1. Педагогикалық техника ұғымы.
2. Жас мұғалімнің типтік қателері.
Дәріс мақсаты:Педагогикалық техника ұғымы туралы білім жүйесін қалыптастыру. Дәріс мәтіні
1. Негізгі ұғымдар: педагогикалық техника, басқару технологиясы.
1. Шебер педагогтардың жетістіктеріне үңілген сайын, біз педагогтардың бойындағы нәтижелі үлгі мен ситуациялық тапсырмаларды жан-жақты шеше білу өнерін көреміз. Мұнда жеке іскерлік басты рөл атқарады. Мысалы: оқушыларға сапалы білім беруі; сұрақтар қою; топпен жұмыс жасай отырып, әрбір жеке тұлғамен жұмыс; бақылау жүргізу; топты ұйымдастыра білу; өз көңіл-күйіне иелік ете білу; дауыс ырғағы, мимика , қимыл әрекет. «Тәрбиеленуші сіздің жан дүниеңіз бен ақыл-ойыңызды сізді көру, тыңдау арқылы қабылдайды»,- деген А.С.Макаренко.
Педагогикалық шеберлік – тек қана мұғалімнің жалпы, жан-жақты, әдістемелік сауаттылығы ғана емес, ол әр сөзді оқушыларға жеткізе білу, олардың толық қабыл алуы.
Педагогикалық шеберлікте педагогикалық техника деп аталатын мәселеге мән беріледі. Мұғалім әр сөзін дұрыс сөйлеп, нық айтуы тиіс, оның жүріс- тұрысы, қозғалысы, отырып-тұруы оқушыларға ерсі болмайтындай дәрежеде болуы керек.Егер ол сыныпқа күлімдеп кірмей, қабағын түйіп келсе, қол сілтеп, бей-берекет сөйлеп, өз-өзімен абыржып тұрса, жоқтан өзгеге ашуланып қалса, онда ол ұстаздың сабағын оқушылар тыңдамайды, оқушылар алдында сенімнен де, абыройдан да айрылады. Сондықтан, педагогикалық техника, әдеп, шек, сақтық, ұстамдылық қажет.
Педагогикалық техниканың өзі мұғалімнің ішкі жан-дүниесімен байланысты және ол мұғалімнің сырт келбетінен білінетін құрылым. Педагог шеберлігі – мұғалім жан дүниесінің мәдениеті мен сыртқы келбетінің көркемдігін көрсетеді.
Сонымен, техника – қабылдау болып табылады. Оның құрамына – сөйлеу және вербальды емес қарым – қатынас жатады.
А.П.Черняевская бойынша, педагогикалық техника – мұғалім іс-әрекетінің ішкі мазмұны мен сыртқы мазмұнының үйлесімді бірлігіне әсер ететін тәсілдер жиынтығы.
Педагогикалық техника – мұғалімнің өздерінің жеке психофизиологиялық жай-күйін, көңіл күйін, эмоциясын, денесін, сөзін және педагогикалық мақсаты қарым-қатынасын ұйымдастыруды қамтамасыз ететін жалпы педагогикалық және психологиялық білім кешені.
Педагогикалық техника, педагогтың ішкі және сыртқы құрылымына гармониялық себеп болады. Педагогикалық шеберлік – педагогтың ішкі мақсатының бейнелі, мәнерлілігі мен рухани мәдениетінің синтезі.
«Педагогикалық техника» түсінігі екі компоненттен тұрады:
1) Педагогтың ішкі дүниетанымын: өз денесін басқаруы (мимика, пантомимика), мезімді басқаруы (психикалық күш салу, шығармашылықты сезіну), әлеуметтік – перцептивті қабілеті (зейін, бақылау, ойлау), техникалық құрал (тыныс алу, дауыс ырғағы, дикция, темп) басқара білу қабілетімен байланысты.
2) Оқыту – тәрбиелу процесінде тұлғаны, ұжымды техникалық жағынан
педагогикалық техникамен байланыстырып, дидактикалық, ұйымдастырушылық, коммуникативті қабілет, педагогикалық қарым – қатынастағы бақылау, ұжымды шығармашылық істермен байланыстыру.
Педагогикалық техникадағы педагогикалық шеберлік төмендегідей
критерийлерге бөлінеді:
-мақсаттылық (бағытталған)
-продуктивтілік (білім, тәрбие деңгейінің нәтижесі).
-оптималдық (таңдалмалы)
-шығармашылық (құрамына байланысты)
Педагогикалық техника:
- Дене қозғалысы – жест, поза, пантомимика;
- Адам қозғалысының мәні туралы кинетика ғылым зерттейді;
- Пантомимика – дене, қол, аяқ қозғалысы, ол ойдың негізгісін бөліп
көрсетеді және бейне жасайды;
- Жест – қол сермеуі, ол бейнелеуші және психологиялық жесттер болып
бөлінеді;
- Бейнелеуші жесттер - ойдың барысын бейнелейді, иллюстрациялайды;
- Психологиялық жесттер – сезімді білдіреді;
- Мимика – өз ойын, сезімін, көңіл-күйін, жағдайын беттің бұлшықет
қозғалысымен білдіре алу өнері;
- Жест және мимика ақпараттаң эмоциональды мәнін арттырып, оның
жақсы меңгерілуіне жағдай жасайды;
- Дикция – бұл сөздерді, буындарды және дыбыстарды айтудағы
ашықтық, нақтылық.
Педагогикалық техниканың құрамдас бөліктері:
- Өзін – өзі басқару іскерліктері;
- Ұжыммен, жеке тұлғамен өзара әрекеттесу іскерліктері жатады.
1) Өзін – өзі басқару іскерліктері:
- Өз денесін игере білу (физикалық денсаулық, төзімділік, мимика, пантомимиканы бақылау алу)
- Эмоциональды жағдайды бақылай әрі пайдалана білу (жағымды, жағымсыз эмоциональды көңіл – күй, эмоциялар және т.б);
- Әлеуметтік перцепция (зейін, әлеуметтік сезімталдық – басқалардың көңіл – күйін сезіне алу және олардың себептерін білу және қабылдау);
- Сөйлеу техникасы (дауысты қою, дұрыс демалу, сөз темпі мен тембірін басқара алу, дикция)
2) Ұжыммен және жеке тұлғамен өзара әрекеттесу іскерліктері:
- Дидактикалық іскерліктер;
- Ұйымдастырушылық іскерліктер;
- Коммуникативті іскерліктер;
- Талап қою іскерліктері;
- Бағалау іскерліктері;
- Конструктивті іскерліктер;
- Педагогикалық қарым – қатынасты басқару іскерліктері.
2. Педагогикалық шеберліктегі басқару технологиясы.
Педагогикалық шеберлік:
1) Мұғалімнің өмірге көзқарасы, оның идеялық нанымды, моральды бойына сіңірген адам екендігі;
2) Пәнді жетік білген, ойын оқушыға толық жеткізетін, оқушылардың бойына әдет, әдеп, дағды сияқты моральдық нормаларды сіңіре білгендігі;
3) Оқыту мен тәрбиелеудің әдіс – тәсілдерін меңгеоген, білгендерін қызықты да, тартымды өткізе алатын, педагогтық әдеп пен талантын ұштастырған адам ғана шеберлікке ие бола алады.
Шебер ұстаздың сыртқы құпиясының жетістігін оның әр түрлі практикалық тапсырмаларды орындауындагы педагогикалық әрекетінен байқаймыз. Мұндағы басты рөл арнайы қабілеттілігін мойындау оқушыларды интенсивті қызметінен тануға, сұрақтар қоюға, ұжыммен жеке тұлғамен араласуға, барлығының назарында болып, ұжымды ұйымдастыруға, өзінің көңіл – күйін, дауысын, мимикасын, қозғалысын, басқаруға баулу. А.С.Макаренко былай деген: «Тәрбиеші сіздің жаныңызды, ойыңызды қабылдайды, ол сіздің жаныңызды білмейді бірақ сізді көреді, тыңдайды».
Басқару технологиясы – жақсы нәтижелер алуға мүмкіндік беретін білім беру мен тәрбиенің жаңа технологияларын құруға бағытталған қызмет.
Педагогикалық басқару функциялары – педагогтің оқыту, тәрбие мен дамыту мақсаттарын іске асырудағы әрекеттері: мақсатты, әлеуметтік-педагогикалық, ұйымдастыру-педагогикалық, нұсқаулық-әдістемелік, әкімшілік-шаруашылық.
Басқаруда басшының кәсіби қажетті тұлғалық сапасы – еңбек ұжымын басқару бойынша оның жұмыс жетістігін қамтамасыз ету барысында көрінетін адамның даралық-тұлғалық және әлеуметтік-психологиялық ерекшелігі.
Әр түрлі деңгейдегі басшылар үшін, оның қызметін жетістігін қамтамасыз ететін жалпы сапалар қатарына жоғары кәсіби біліктілігімен қатар саяси жетілгендігі, жағдайды саралап көре білуі, мемлекеттік мүддені көре білуі, ұйымдастыру білігі мен дағдысы, жеке ұқыптылығы, өзара сын мен жоғары өзіндік бақылау және шыдамдылықпен үйлесетін өзіне деген сенімділігі, басқаларғажәне өзіне жоғары балап қою барысында адамдарға белсенді – оң қатынасы да жатады. Сапа құрылымында оның ұжымды біртұтас ретінде және оның жай-күйі мен топтық процестерге әсерін көре білуі маңызды рөлге ие болады.
Зерттеу бойынша, педагогикалық техниканы меңгеруде жұмысын жаңа бастап жатқан педагогтарға қателіктер болатынын көрсетеді. Педагогтың ата-аналарымен, оқушылармен сырласып, әңгімелесе алмауынан педагогта ашу, сенімсіздік пайда болады. Практиканттар бірінші сабақта сөйлеуінде мазасыздық, жылы қабақ танытудан қорқу, жылдам сөйлеу, сезімін қорқынышпен алмастыратынын жасырмайды. Негізгі жетіспеушілік дауыс монотоны, мәнсіз сөйлеу, мәнерлі оқудың жоқ болуы. Көптеген индивидуальды сөйлеуде жетіспеушілік – мақам, үйлесімді дауыстың түрін таба алмау. Бұл қателіктер педагогқа оқу барысында кері әсерін тигізеді.Сонымен қатар, тәрбиешінің сыртқы түрі эстетикалық тартымды болуы тиіс. Өзінің сыртқы түріне ұқыпсыз қатынас, өзгелердің шамадан тыс ыңғайсыз зейінін байқатады. Мұғалім бала, ата – ана алдында сымбаттың бейнесі болуы тиіс. Бұның барлығы сабақ барысында психофизикалық ұйымдармен, қарым – қатынас кезінде эмоционалды сезімін басқара білуін қажет етеді.
Педагогқа өз қабілетін тексеруге келесі тест көмектеседі:
1.Сіз әрқашан шыдамды әрі ұстамдысыз.
2. Сіздің көңіліңіз шын мәнінде де салқын.
3.Сіз сабақта, аудиторияда, үйде әрқашанда зейіндісіз.
4.Сіз өз сезіміңізді басқара аласыз.
5.Әрқашан әріптестеріңізбен, жақындарыңызбен қарым – қатынасыңыз жылы.
6.Оқыған материалыңызды тез ұғып аласыз.
7.Құтылу үшін жасалатын кері қылығыңыз жоқ.
8.Қандай да бір жағымсыз оқиғаға өкіну болмайды.
«Иә», «жоқ» деп жауап беріп, санап шығыңыз. Егер барлық жауап дұрыс болса, сіз ұстамдысыз, басқару қабілетіңіз, бағалауыңыз жоғары.Егер жауабыңыздың барлығы немесе жағымсыз болса, онда сіз үрейлі, сенімсіз, өзіңізге сынмен қарайтындығыңыз.
В.А.Сухомлинский рухани тепе – теңдікті тәрбиелеуде мынаны ұсынады: қабақ шытушылыққа, өзге де кемшіліктің жолауына жол бермеу, әзіл – оспаққа назар аудармау, оптимист, мейірімді болу. Бұл сапаларды дамытудың шарты: өз мамандығындағы әлеуметтік рөлді терең сомдау, даму сезімінің ұзақтығы, педагогикалық қырағылық, эмоционалды ықылас, сонымен қатар, өзіндік талдауға және өзіндік адекватты бағаға ұмтылу.Жас мамандарды психикалық, физикалық әлсіреуден, балалар алдындағы қорқыныштан, сабаққа дайындалудағы қорқыныш деңгейінен арылту. Аутогенді жаттығу, тыныс алу, артикуляциялық жаттығулар болуы тиіс. Мамандық мақсатын құру мен өзін – өзі сендіру.
4. Педагогикалық қарым – қатынастағы маңызды рөл паномимика және пластика.
А.С.Макаренко «дауысты дұрыс орнатудың мәні тек әдемі ән айтып, әңгімелесуде емес, өз ойын, сезімдерін нақты, бұйыра, иландыра көрсете білуде. Бұның бәрі тәрбиелік техниканың мәселелері» деп бұндай оқытудың маңызын ерекше атап көрсеткен.
«Педагогикалық техника» терминімен мұғалімнің оқушыға жеке әсер етудің түрлі құралдарын белгілеуге болады, дейді А.С.Макаренко. Оның құралдары: икемделу қабілеті, дауысты орнату, мимика, пантомимика, сөйлеу мәдениеті, ойынды түсіну қабілеті.Жаңашыл мұғалімдердің табыстарының құпияларының астарына үңіле отырып, шебер қойылым және әр түрлі практикалық міндеттерді шешуде педагогикалық ықпал ету тәсілдерінің дәлділігін аңғарамыз. Мұнда маңызды рөл кәсіби біліктіліктің үлесіне тимек, олар: интенсивті танымдық іс-әрекетке оқушыларды жегу, сұрақтар қою, жеке тұлғамен және ұжыммен қарым – қатынас орнату, бақылау жүргізу, ұжымды ұйымдастыру, өз көңіл-күйін, дауысыңды, мимикаңды, қимыл-қозғалысыңды меңгеру.
“Тәрбиеленуші сіздің жан-дүниеңізді сізді көріп, сізді тыңдап барып қабылдайды” – дейді А.С.Макаренко.
Педагогикалық техника мұғалімнің іс - әрекетінің ішкі мазмұны мен оның сыртқы әлпетінің үйлесімділік бірлігін сәйкестендіреді (способствует).
Педагог шеберлік – рухани мәдениет пен педагогикалық мақсатқа сәйкес сыртқы мәнерлілік бірлігінде.
Олай болса, техника – тәсілдердің жиынтығы. Оның құралы – сөйлеу және невербальные средства общения.
“Педагогикалық техника” ұғымына екі компоненттердің тобын енгізу келісілген:
Бірінші топ компоненттері мұғалімнің өз мінез-құлқын басқара білу біліктілігімен байланысты:
- өз дене қимылдарын басқара білу (мимика, пантомимика);
- көңіл – күйімен эмоцияларын басқара білу (артық психикалық қысымды болдырмау, шығармашылық көңіл-күй орната білу);
- әлеуметтік-перцептивтік қабілеттер (зейін, байқағыштық, қиял);
- сөйлеу техникасы (тыныс алу, дауысты қоя білу, дикция, сөйлеу екпіні).
Педагогикалық техниканың екінші тобы жеке тұлға мен ұжымға әсер ете білу және оқыту мен тәрбие үрдісінің технологиялық жағын аша білу біліктілігімен байланысты:
- дидактикалық;
- ұйымдастырушылық;
- конструктивтік;
- коммуникативтік біліктілік;
- талап қоюдағы технологиялық тәсілдер;
- педагогикалық қарым-қатынасты басқару;
- ұжымдық және шығармашылық істерді және т.б.
ұйымдастыру.
2. Педагогтардың бір қатарына жүргізілген зерттеулер, мұғалімдік жұмысты енді бастағандардың педагогикалық техникасындағы типтік қателердің болатындығын көрсетті. Мұндай педагогтардың басым көпшілігі біліктілігінің жетімсіздігінен оқушылармен, олардың ата-анасымен жақынырақ әңгімелесе алмайтындықтары белгілі болған, кек сақтап қалу керісінше ашу-ызасын тудыру, сенімсіздік көрсету белең алған. Практиканттар алғашқы сабақтары туралы шығармаларында былай деп жазады: сөйлеу мәнеріне көңілдері толмау, шектен тыс қаталдықта болуы, жай сөйлеуге қорқуы басынып кетеді деген оймен, қорқыныш сезімін бастарынан өткізуі, артық қылықтар көрсетуі немесе тұруы, тас сияқты қатып қалу және қолдарын қоярға жер таппауы. Студенттердің көпшілігі өздерінің сыртқы тұлғаларының еңкіштігіне, бастарының төмен түсіп кетпеуіне, дәрменсіз қолдарының қимылына зейін аударады.
Дауысты меңгерудегі басты кемшіліктері бір қалыптылық, сөйлеудегі мәнсіздік, мәнерлеп оқу дағдыларының жоқтығы.
Сөйлеудегі көптеген жеке дара кемшіліктері – дикцияларының айқын, анық еместігі, дауыстап сөйлеудің оптималдық вариантын табудағы икемсіздігі.
Педагогтың оқушыларға нәтижелі ықпал етуіне осы айтылған кемшіліктердің барлығы кедергі келтіреді. Сондықтан жоғары оқу орындарында оларды оқу-тәрбие үрдісін басқара алатындай етіп тәрбиелеуіміз керек және соған баса көңіл аударылғаны жөн.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет