Дәріс №1 Дәріс тақырыбы: Педагогикалық шеберлік компоненттері


Дәріс № 8 Дәріс тақырыбы



бет12/45
Дата28.12.2022
өлшемі269,03 Kb.
#164724
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   45
Байланысты:
пед шеберлик

Дәріс № 8
Дәріс тақырыбы:Педагогикалық шеберліктің басты шарты педагогикалық эрудиция мен құзыреттілік

    1. Педагогикалық профессиограма

    2. Педагогтық мамандыққа құзыреттілік

Дәріс мақсаты: педагогикалық квалиметрия мен педагогтық мамандыққа құзыреттілікті қарастыру
Дәріс мәтіні
1.Мұғалімге қойылатын кәсіби талаптардың жиынтығы педагогикалық қызметке кәсіби даярлығы деп анықталады. Оның құрамында, бір жағынан, психологиялық, психофизиологиялық және дене жағынан даярлығы деп бөлу дұрыс болар еді, ал, екінші жағынан; ғылыми-теориялық және прктикалық даярлық - кәсіби шеберліктің негізі.
Кәсіби даярлықтың мазмұны педагогикалық білім берудің мақсатын бейнелеу профессиограмма арқылы сипатталады. Профессиограмма дегеніміз белгілі бір мамандыққа койылатын талаптар мен сапалардың тізімі. Мұғалімнің мамандығының сипаты жан-жақты.
Қазіргі кезде мұғалімнің профессиограммасын жасауда бай тәжірибе жинақталған болатын. Жоғары мектеп педагогикасында алғаш рет мұғалімнің профессиограммасын 70-жылдардың бас кезінде ғылыми-теориялық тұрғыдан негіздеген есімі әлемге белгілі кәсіптік педагогиканың негізін салушы көрнекті ғалым педагогика ғылымдарының докторы, профессор В.А.Сластении болды.
Мұғалімді кесіптік-педагогикалық даярлау проблемасын зерттеуге арналған еңбектерде (Ф.Н.Гоноболин, Т.А.Воробьева, Н.В. Кузьмина, В.А.Сластенин, Н.Д.Хмель, А.И.Щербаков жене т.б.) кез-келген адамның мұғалім бола алмайтындығы дәлелденген болатын. Мұғалімдік мамандықтың соншама көптігіне қарамастан, оны меңгеру үшін қабілеттіліктер мен тұлғалық сапалардың ерекше қатаң құрылымы, белгілі әлеуметтік-психологиялық бейімділік қажет.
Психологтар профессиограмманы негіздеуде педагогикалық қабілеттіліктердің түрін анықтауға көңіл бөледі. Мәселен, В.А.Крутецкий дидактикалық, академиялық, коммуникативтік қабілеттіктерді қарастырады. А.И.Щербаков негізгі педагогикалық қабілеттіктерге дидактикалық, кон-структивтік, перцентивтік, экспрессивтік, коммуникативтік және ұйымдастырушылық қабілеттіліктерді жатқызады.
XXI ғасыр мүғаліміне койылатын талаптар:
1. Мұғалім жеке көзқарасы бар және соны қорғай білетін жігерлі тұлға және маман мұғалім болуы қажет. Зерттеушілік қасиеті бар мұғалім жалтақ бол-майды. Өз ісін жетік біліп, табанды жүргізетін мұғалім ғана түпкі нәтижеге қол жеткізе алады. Ондай мұғалім әрбір күніне есеп беріп отырады, азаматтық ар-ожданын үнемі қорғай алады.
2. Мұғалім педагогтік, психологиялық білімін жетілдіріп, үйренумен қатар, сол білімін күнделікті ісінде шебер пайдалана білу керек. Дүние жүзінде жаһандану үрдісі жүріп жатқандыктан, ақпараттар ағыны көбейді. Мұғалім қай пәннен сабақ бермесін, ол бала өмірінің әр саласына қатысты кез-келген сұрағына жауап беруге даяр болуы керек.
Әр мұғалімнің педагогикалық ойлау қабілеті ғылыми түрде қалыптасуы тиіс. Психологиялық басты заңдылық адам өзінің шығармашылық қызметі арқылы адамдармен қарым-қатынас жасайды және ойлау қабілеті зор жеке тұлға болып қалыптасады. Жер шары бүкіл адамзат үйі екенін ескере отырып, дүниежүзілік ақпараттык, кеңістігінің мүшесі болып, "Интернет" жүйесіне ену қажеттігі туындап отыр. Бұл мәселені шешу үшін мектептерге компьютерлік жүйені енгізу қажет. Біздің республикада бұл мәселе өз шешімін тапқан. Сондықтан да мектептерде барлық мұғалімдер компьютер тілін үйреніп, сабақтарында пайдалана білуге қол жеткізу керек. Бұл - уақыт талабы, жаһандану талабы.
3. Бұрын оқулықтар мен бағдарламалар ұлттар мен ұлыстардың өзіне тән менталитеттерін ескермей, оқыту мен тәрбие үрдісі орталықтан басқарылды. Соның нәтижесінде ұлттық сана мен мәдени құндылықтарға нұқсан келтірілді, өз ана тілін ұмытқан ұрпақ пайда болды. Оның орнын толтыру оңай шаруа емес. Сондықтан бүгінгі әрбір ұстаз Абайдың, Ыбырайдың, Шоқанның, Мағжанның, Ахметтің т.б. қазақ зиялылырының педагогикасын оқып-үйреніп, жаңа заманға лайық "этнопедагогика" мен "этнопсихологияның" ғылыми негіздері мен қағидаларымен қаруланған болуы керек.
Белгілі педагог, гуманист ғалым Сухомлинский Василий Александрович баланы "табиғат перзенті" деп қарап, өз мектебін "Қуаныш мектебі" деп атағаны мәлім. Ол "ойлау","табиғатпен тілдесу" сабақтарын өткізіп, оқушыларды сұлулықпен жанды ойды түсінуге баулыды.
Белгілі ғалым, грузин жаңашыл педагогі Ш. Амонашвилидің "Өмір мектебін" еске түсіріп көрейік. Бүл ғалым-педагог ынтымақтастық педагогикасының негізін қалады. Мектебінде баланы өзінің өмір жолын дұрыс таңдауға үйретумен шұғылданды. Өз мектебінде бағасыз оқыту идеясын берік ұстанды. Сол сияқты "Қазақтың Қанипасы" атанған Қанипа Бітібаева, КСРО халың мұғалімі, жаңашыл үстаз Құсни Айтқалиев, Қазақтың ғалым-педагогі Рафика Нұртазина апайдың еңбектері мен озат тәжірибелері қазіргі жаһандану заманының ұстанымдарына сай келмей ме?
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев білім және ғылым қызметкерлерінің II съезінде: "Болашақта еңбек етіп, өмір сүріңдер-бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тербиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан да ұстазға жүктелетін міндет өте ауыр" дегені жоғарыдағы сөзімізді айғақтай түседі. Ендеше, өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, ұлттық қасиеттеріміздің асылдарын асқақтата отырып, шәкіртінің жанына нұр құятын ұстазды ғана бүгінгі күннің лайықты тұлғасы деуге болады.
Оқушыларды Отанды сүюге, адалдыққа, адами тазалыққа, ізгілікке, имандылық пен инабаттылыққа, салт-дәстүрді құрметтеуге үйретіп, баулу - әрбір ұстаздың абыройлы парызы мен қарызы. Ол үшін мұғалім қазіргі заманға лайық өзінің білім беру ісінде рухани, этномәдени дәстүрлерді сақтап, дамыта отырып, шығармашылық ізденіспен жұмыс істеп, өмірге еніп жатқан жаңа технология мен техниканы меңгерген, білігі мен білімі жоғары ұлағатты тұлға болуы міндет.
Дамыған елдердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, ұлттың, мемлекеттің гүлденуі негізгі шешуші факторлардан тұрады. Олар мыналар:
- жаңа ғылыми жаңалықтарды игеруі;
- білімнің деңгейін көтеру;
- мамандықтардың кәсіби білімімен айқындалуы.
Соңғы жылдары мектептерде практикалық психологтар, әлеуметтік педагогтары бойынша қызмет лауазымы енгізілуде, олардың белгілі дәрежеде оқушыларды оқыту және тәрбиелеу ісіне қатысы бар.
Құзыреттілік-жұмыскердің өз білімі, біліктілігі және дағдылары негізінде нақты кәсіп аясында жоғары сапалы және мөлшерлік еңбек нәтижелеріне жету үшін нақты жұмыс түрлерін білікті атқара алу қабілеті.
Құзыреттілік (компетенность) ұғымы белгілі бір салада шешім қабылдауға, тұжырымдар жасауға мүмкіндік (немесе құқық) беретін адамның қабілеттілігі мағынасында қолданылады. Бұл қабілеттіліктің негізін білімділік, хабардарлық және іс-әрекет тәжірибесі құрайды. Осы арқылы құзыреттілік ұғымының жинақтаушылық, кіріктірушілік сипаты айқындалады. Адам білімді және сәйкесінше тәжірибесі меңгеру негізінде құзыретті болады. Сондықтан, құзыреттілік ұғымы қазіргі таңда елімізде, шетелде де білім берудің нәтижесі ретінде қолданылады.
Ш. Таубаева: «Құзыреттілік – ол тұлғаның оқыту және әлеуметтану процестері барысында меңгерген білім мен тәжірибеге негізделген, оның жалпы қабілеті мен іс-әрекетке даярлығы ретінде айқындалатын, тұлғаның кіріктірілген қасиеті»-деп қарастырады.
Құзыреттілік дегеніміз қызметтегі тұлғаның жеке мүмкіндіктерін, оның белгілі бір мәселені шешуге жағдай жасайтын біліктілігін (білім, тәжірибе) атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет