Дәріс №1 Дәріс тақырыбы: Педагогикалық шеберлік компоненттері


Біріншіден, оның мәдениеттілігіне байланысты деп санайды. Екіншіден



бет5/45
Дата28.12.2022
өлшемі269,03 Kb.
#164724
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45
Байланысты:
пед шеберлик

Біріншіден, оның мәдениеттілігіне байланысты деп санайды. Екіншіден, оқу үрдісі тек арнайы кәсіптік білім алу емес, қазіргі мәдениетке сай өмір сүруіне, тәрбиеленуіне байланысты болады дейді ғалымдар пікірінше. Үшіншіден, қазіргі маман – ол ойлау жүйесі жетілген, қоғам мәселесіне байланысты өз пікірі бар, қарым-қатынас жасай алатын мәдениетті тұлға. Төртіншіден, көптеген ғалымдар адамның руахни сезімін қалыптастыру үшін қазіргі әлем мен отандық мәдениетке бейімделу керек деп есептейді. Бесіншіден, болашақ мұғалімдерді дайындау мақсатында алдымен мәдениет танымдық дайындығын көтеру үшін “жалпы мәдениет деген не?” деген сұраққа жауап іздеуіміз керек. Қазіргі ғылымда нақтылы мәдениеттің анықтамасы қалыптасқан жоқ. Себебі, мәдениет жан-жақты қарастыруды керек ететін ілім. Ал философияда бірнеше пікір қалыптасқан. А.Здравомыслов, А.Ядов, О.Дробницкий мәдениет тұлғаның іс-әрекетін қалыптастыратын әмбебап механизм деген анықтама берсе, мәдениет – материалдық және рухани құндылықтар жиынтығы деген пікірді В.Пираринов, Ю.Ефимов, И.Громов, А.Арнольдов, Н.Чавчавадзе т.б. білдірген. Ал мәдениет – қоғамдық өмірдің әлеуметтік және рухани ортасында тұлғаның шығармашылық қырын көрсетеді деген ойды В.Библер, Н.Злобин, А.Леонтьев, И.Ильясова айтып жүр. Э.Маркаряннің пікірінше, мәдениетті жасайтын - күш. Белгілі американ психолог-гуманисі А.Маслоу: “Мәдениет біздің психологиялық және биологиялық табиғатымызға өте жақын, сондықтан оқытудың негізі ретінде қарау керек” - дейді.
Сонымен, мәдениет деген не? Мәдениет пен өркениеттіліктің өзара байланысы қандай?
Мәдениет – адам әрекетінің, саналы қызметінің көрінісі. Олай болса, сол әрекеттің қызмет нәтижелері де мәдениет дәрежесін паш етеді. Мәдениет адамсыз жаралмайды. Адамның дамуы мәдениетке тікелей байланысты. Мәдениетті түсіну үшін тарихи дәуірді білу, сол қоғамдағы өндірістік қатынастардың қандай болғанын анықтау, өмір салты мен рухани дүниесі қандай ерекшеліктермен анықталатынын ажырата білу қажет. Ендеше мәдениетті адамның іс-әрекетін оның қоғамдағы қызметінен бөліп алып қарау мүмкін емес. Б.Ананьев “өмірде әрбір индивидке қажетті ойын, оқу, еңбек әрекеттері” десе, Ә.Алдамұратов “іс-әрекет деп адамның белгілі бір мұқтаждығын қанағаттандыруға арналған белсенді қылықтары” дейді. Сондай-ақ, оқу үрдісін әрекет тұрғысынан зерттеушілер де (П.Гальперин, Ф.Талызина, А.Маркова, Г.Щукина, т.б.) оқу әрекетінің жоғары деңгейде ұйымдастырылып, көздеген нәтижеге жетуі тек қана оқу мотивтерінің дұрыс тәрбиеленуімен байланысты болатынын тұжырымдайды.
Оқу әрекетін дұрыс қалыптастыру үшін оның өзіне тән ерекшеліктері мен құрылымын, оқушыны дамытудағы атқаратын қызметін білу керек. Оқу әрекетінің өзге әрекет түрлерінен ең басты өзгешелігі: оқушының үнемі “жаңа дүниеге енуімен”, әрбір жаңа әрекеттің бөліктерін игерумен, әрдайым оның бірінен екіншісіне ауысып отыруымен байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет