Дәріс №1 Дәріс тақырыбы: Педагогикалық шеберлік компоненттері


Педагогикалық шеберлік және мұғалімнің педагогикалық мәдениеті



бет4/45
Дата28.12.2022
өлшемі269,03 Kb.
#164724
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45
Байланысты:
пед шеберлик

Педагогикалық шеберлік және мұғалімнің педагогикалық мәдениеті
1.Педагогикалық іс-әрекет және мұғалімнің психологиялық мәдениеті.
2. Маманның кәсіби-тұлғалық дамуы деңгейінің негізгі критерийлері.
Дәріс мақсаты:“Инновациялық – креативтілік мәдениеті” ұғымы туралы түсінік қалыптастыру.
Дәріс мәтіні
Педагогтің білім мен ақпаратты тасымалдаушы ғана болуы бүгінгі күнде жеткіліксіз. Ендеше бүгінгі мұғалім жоғары педагогикалық және психологиялық мәдениетті меңгеруі міндетті. Психологиялық мәдениетке адамның психологиялық саулығы мен өзін-өзі және басқа адамды тануы, өзін-өзі ұстау және қарым-қатынас жасау мәдениеті жатады. Психологиялық құзырлылыққа педагогикалық іс-әрекеттің кәсіби міндетті шешуге қажетті психологиялық білімі мен іскерлік кешені кіреді. Ал адамның өзін-өзі таныта білу іскерлігі қоғамда аса маңызды.
Мұғалімдер шеберлігін арттыру мәселесі қай кезде болсын педагогика ғылымында алдыңғы орында тұрғандығы белгілі. Оны зерттеушілер еңбектерінен айқын аңғаруға болады. Мәселен, мұғалім қызметі формалары мен түрлі әдіс-тәсілі С.Гусев, П.Груздев, С.Иванов, А.Моисеев, М.Рубинштейннің, педагогикалық іс-әрекеттің ғылыми негіздері Н.Александров, В.Ильин, И.Огородников, А.Пискунов, Н.Кузьмина және т.б. зерттеулерінде кеңірек орын алған.
Қазіргі таңда да осы мәселе төңірегінде зерттеу жұмыстары қызу жүргізілуде (О.Абдуллина, Б.Айтмамбетова, В.Сластенин, А.Щербаков, Н.Хмель және тағы басқалар).
Педагогикалық іс-әрекет мәнін ашуда біз, ең алдымен мұғалімнің кәсіби іс-әрекеті мен жалпы іс-әрекет мәселесіне назар аударғанымыз жөн. Бұл іс-әрекеттің жалпы теориясы М.Демин, Н.Гордеева, Б.Зинченко, Г.Батищев, М.Каган, А.Леонтьев, т.б. ғалымдардың еңбектерінде қарастырылады.
Дүниені танудың алғашқы түрі ғылыммен көрсетілсе, екіншісі мәдениетпен анықталады. Білім беру жүйесінің маңызды мәселесі ретінде көптеген ғалымдар болашақ мұғалімдердің мәдениет танымдық дайындығын алға тартады. Өйткені, педагогика ғылым мен мәдениетті негіз ретінде алып қарастырады, себебі, арнайы зерттеулер мамандардың жоғары дәрежедегі іс-әрекетін:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет