Қалпына келетін смог- ірі өнеркәсіптік орталықтарға тән және жағымсыз метеорологиялық жағдайлардағы азот, күкірт диоксиді және бу қосындыларынан тұратын атмосфералық құбылыс. әдетте бұл смог таң ерте О°С шамасындағы температурада және жоғары ылғалдылықта өзінің максималды деңгейіне жетеді. Азот және күкірт қышқылынан түзілген қоздырушы әсерінің нәтижесінде ол бронғы және тыныс алу жолдарына кері әсерін тигізіп, адам денсаулығына зиян келтіреді. 1952 және 1962 жылдары смог Лондонда бірнеше адамдардың өліміне себеп болды.
Лондондық смогтипі- негізгі көзі- көмір мен мазутты пайдаланғанда түзілетін күкіртті газдың атмосферада концентрациясының көбейіп кетуі. Бұл құбылыс Лондон қаласының ауа бассейінде алғаш рет есепке алынған. Мәселен, 1952 жылы ауа бассейінде улы қара тұмандық екі апта бойы тұрып алған. Нәтижесінде 4000-нан астам адам қаза болған.