Дәріс №1. Геоэкология: геосфералар мен қоғам интеграциясы жайлы ғылымдар жүйесі


Қазақстанның географиялық орнының экологиялық салдары



Pdf көрінісі
бет4/28
Дата03.11.2022
өлшемі0,72 Mb.
#156364
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Байланысты:
Д ріс №1. Геоэкология геосфералар мен о ам интеграциясы жайлы

3.Қазақстанның географиялық орнының экологиялық салдары 
Қазақстан аумағы қоңыржай белдеуде, 40°59' және 55°24' с.е. 46°32' 
және 87° 16' ш.б. аралығында жатыр. Ол солтүстіктен оңтүстікке 1600 км, 
батыстан шығысқа 1925 км-ге созылып, 2717,3 мың шаршы км-ді немесе жер 
құрлығының 1,8 пайызын алып жатыр. Қазақстанның солтүстік шекарасы 
Байкал көлінің, оңтүстік шекарасы Стамбул және Мадрид қалаларының 
ендігіне сәйкес. Қазақстан ендігінде Канаданың жалпақ жапырақты орманы 
мен даласы, Орталық Қытайдың құрғақ және шөлді даласы көрініс тапқан. 
Қазақстан Ресей Федерациясымен, Қытай Халық Респуб-ликасымен, 
Қырғыз Республикасымен, Өзбекстан және Түрікменістанмен шекаралас. 
Оңтүстік-Шығыстан басқа жерде табиғи шекара (кедергі) жоқ, сондықтан 
ауа массасымен және өзен ағынымен техногендік ластаушылардың 
трансшекаралық қозғалысы (көшуі) жеңілдейді. 
Қазақстан ерекшелігі - оның Орталық Азияның батыс бөлігіндегі 
континенттік орны мен аумағының үлкен бөлігінің ағынсыз болуы. 
Географиялық орнының осы ерекшеліктеріне байланысты Қазақстан 
табиғатының сипаты төмендегідей: шұғыл континенттік климат, су 
ресурстарының тапшылығы мен бірқалыпты таралмауы, аридті және 
семиаридті ландшафттардың басымдылығы. 
Табиғи жағдайының әр түрлілігі Қазақстан аумағының кеңдігімен 
анықталады. Қыратты жазықтар (теңіз деңгейінен 500 - 600 м. абс.) мен ұсақ 
шоқылар Қазақстан ауданының 50 пайызын алып жатыр. Қазақстан 
аумағында ойпатты жазықтар (100 - 250 м. абс.) үлесіне 30 пайызы, ал 
тауларға (1000 - 4000 м. абс.) 20 пайызы тиесілі. Жер бедеріндегі биіктіктер 
алшақтық: -132 метрден (Қарақия ойысы) 6995 метрге (Хан Тәңірі) дейін. 
Қазақстанның минералды-шикізат ресурстарына ерекше байлығы, оның 
ішінде мұнай мен газ кені, металл кендері қорының байлығы, Республиканың 
жалпы сирек қоныстануы, елді мекендер, қалалар, өнеркәсіптік тораптардың 
нүктелік орналасуы, көліктік тордың нашар дамуы, экономиканың негізінен 
аграрлы өнеркәсіпті шикізаттық сипаты - Қазақстанның экономикалық- 
географиялық орнының жалпы фоны осындай. 
Ормансыз, шөлді-далалы экожүйенің басымдылығына байланысты 
Қазақстанның Жер биосферасының биомассалық ғаламдық теңдестігінде 
алатын ролі үлкен емес. Дегенмен қолданылуы шектеулі жыртуға келетін 
топырағы бар табиғи жайылымдардың кеңдігін адамзаттың стратегиялық 
резервті жер фондына жатқызуға болады. Қорықтар ауданы кең емес 
(Республика ауданының 0,3 пайызы). 
Қазақстанның континенттік орнына байланысты оның аумағында 
антропогендік әсерге деген орнықтылығы төмен, техногенез әсеріне 
қарсылығы ең әлсіз - шөлді (45%) және таулы (Республика ауданының 20%) 
ландшафттар басым. Қазақстан аумағының 75%-ның қоршаған ортасы 
экологиялық бұзылуға бейім. Сонымен қатар Қазақстан аумағында халық 
сирек қоныстанған. Халық саны 17 млн. адамға жуық (2013 ж.), қоныстану 
тығыздығы 1 км жерге 5 адамға жақын, ал шөл мен таулардың 50%-ында 


қоныстану тығыздығы 1 адам/км аспайды. Бұл жағдайды табиғи орта үшін 
экологиялық тұрғыдан қолайлы деп есептеу қажет. 
Қазақстанның географиялық орнына байланысты қоршаған орта 
деструкциясының бірқатар ішкі және сыртқы факторлары әрдайым орын 
алып отырады. Экологиялық қауіптілік факторларына Қазақстанның үлкен 
бөлігінің Орталық Азияның Арал-Каспий тұйық алабында орналасуы 
жатады. Қазақстанның үлкен су айдындары - Каспий және Арал теңіздері, 
Балқаш көлі, т.б. - өзен ағындыларын, оның ішінде өнеркәсіптік және 
ауылшаруашылық ағындыларын жинақтайтын тұйық алаптарға жатады. 
Қазақстанның Ертіс, Іле, Сырдария, Шу, Талас, Жайық, Тобыл секілді 
ірі өзендерінің бастауларын көрші шекаралас елдердің аумағынын алуы мен 
айтарлықтай дәрежеде ластанып келуі еліміздегі қоршаған ортаның 
экологиялық жағдайына елеулі әсер етеді және белгілі деңгейде экологиялық 
қауіп туғызады. 
Солтүстік және батыс шекара бойында Поволжье, Оңтүстік Жайык, 
Батыс Сібір (Ресей) өнеркәсіп орталықтары Қазақстанға трансшекаралық ауа 
каналымен өнеркәсіптік ластаушы заттардың көшуіне әсер етеді. 
Қазақстанда Арал теңізінің болуы, Семей ядролық сынақ полигонының 
және бірқатар әскери-сынақ нысандарының бол-ғандығы тек Қазақстанға 
ғана емес, Жер биосферасына әсер ететін экологиялық қауіпті фактор деуге 
болады. Олардың қатарына Қазақстанның ірі өнеркәсіп тораптары да 
жатады. 
Павлодар-Екібастұз, 
Қарағанды-Теміртау, 
Қаратау-Жамбыл, 
Маңғыстау, Кенді Алтай т.б. қоршаған ортаға техногендік әсерін тигізеді. 
Сонымен, аумағының табиғи-экологиялық сипаттарын анықтайтын 
Қазақстан географиялық орнының маңызды ерек-шеліктері мынадай: айқын 
байқалатын континентті климаты; өзендерінің көпшілігінің ағынсыздығы; 
аумағының батыс және солтүстік ауа массаларының көшуіне ашықтығы; 
Оңтүстік-Шығыс Қазақстан тауларының (Алтай, Тянь-Шань, Жетісу 
Алатауы) климаттық тосқауылдық ролі, бұл таулар өз беткейлерінде 
ылғалды жинақтайды, жергілікті өзен ағындысын қалыптастырады. 
Қазақстанның экономикалық-географиялық орны жалпы алғанда тиімді 
емес, себебі Республиканың Дүние жүзілік мұхитқа тіке шығатын жолы жоқ. 
Географиялық орны табиғи ресурстарды игеруге, эконо-микалық даму 
қарқынына, жаңа өндірістерді іске қосуға, сыртқы экономикалық байланыс 
құрылымына, адамды қоршаған орта жағдайына әсер етеді. 
Географиялық 
кеңістікті 
экологиялық 
бағалау 
қажеттілігі 
экономикалық-географиялық орны деген ұғымды қалыптастырады. 
Геожүйенің экономикалық-географиялық орны деп, оның экономикалық 
маңызды қасиеттеріне және экваторға қарағандағы Жердегі орнын айтады. 
Экономикалық-географиялық орны мына белгілерді қамтиды: 
-
аймақтың Жер биосферасындағы экономикалық қызметі; 
-
табиғи ортаның антропогендік әсерге орнықтылығы
-
шаруашылық инфракұрылымының кеңістіктік орналасуы, қоныстану 
тығыздығы және қалаландыру дәрежесі; 
-
экологиялық қауіптің сыртқы көздері; 


-
экологиялық қауіп таралуының табиғи және антропогендік 
«каналдарың /15/. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет