Дәріс №1. Геоэкология: геосфералар мен қоғам интеграциясы жайлы ғылымдар жүйесі



Pdf көрінісі
бет21/28
Дата03.11.2022
өлшемі0,72 Mb.
#156364
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   28
Байланысты:
Д ріс №1. Геоэкология геосфералар мен о ам интеграциясы жайлы

Жер мониторингінің талаптары:
жер қорының құрылымы мен түрлі жерлердің күйінің өзгеруін уақытымен 
анықтау, өзгерістерді бағалау, болжау, зиянды процестердің салдарын алдын 
алу және жою жайлы ұсыныстарды әзірлеу; 
жер кадастрын жүргізуді, жерді тиімді пайдалануды, жерге орналастыруды 
ақпаратпен қамтамасыз ету; 
жер учаскелері мен жер алқаптарының күйін бағалау; 
топырақ құнарлығының өзгеруі, топырақтың ластануы және топырақтағы 
басқа да өзгерістермен байланысты процестердің дамуын бақылау; 
табиғи азық алқаптарының өсімдік жамылғысы күйінің өзгеруін, топырақтың 
деградациясын, оның қалпына келу қарқынын, радионулейдтердің жиналу 
деңгейін, сонымен қатар, топырақтың антропогендік жүктемелерге төзімділік 
дәрежесін бақылау; 
елді мекендердің, өндірістік объектілердің астындағы жерлердің күйін 
бақылау; 
жердің күйін жүйелі түрде бақылау; 
жер қорында болып жатқан өзгерістерді анықтау, осы өзгерістерді бақылау 
және талдау; 


зиянды процестердің алдын алу және жою жайлы ұсыныстарды әзірлеу; 
нысаналы мақсатын және рұқсат етілген пайдалану түріне байланысты жерді 
пайдалануды үздіксіз бақылау; 
белгілі уақытқа жердің сапалық күйі жайлы болжау жасау; 
әкімшілік-территориялдық құрылымның шекаралары мен ауданның өзгеруін 
бақылау; 
гумус қорының азаюын бақылау; 
топырақтағы микроэлементтердің өзгеруін бақылау. 
Мониторингті жүргізу уақытында келесі мәселелер шешіледі: 
жер күйінің өзгеруін уақытында анықтау, оларды бағалау, болжау және 
қатерлі процестердің салдарын алдын алу жйне жою жайлы ұсыныстарды 
әзірлеу; 
мемлекеттік жер кадастрын, жерді пайдалануды және қорғауды мемлекеттік 
бақылауды жүргізуді, жер ресурстарын мемлекеттік басқару саласындағы 
басқа да функцияларды, жерге орналастыруды ақпараттық қамтамасыз ету; 
азаматтарды жер күйі жайлы ақпаратпен қамтамасыз ету. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет