Қоғамды аумақтық ұйымдастыру. Аумақтық ұйымдастыру география ғылымы жүйесінде басты түсініктердің бірі болып есептеледі. Аумақтық ұйымдастыру дегеніміз жер бетіндегі материяның кеңістіктегі көрінісі, таралуы. Оны төрт бағытта:құрылым, функция, даму және басқару ретінде көруге болады. Аумақтық ұйымдастырудың мынандай сипаттары бар:
1.Орналасу – нысананың жер бетіндегі шоғырлануы, локальдануы. Олардың түрлері: нүкте, желі, ареал.
2.Аумақтық айырмашылық – құрылымы, тығыздығы және т.б. сандық пен сапалық қасиеттері бойынша жер бетінде дифференциалануы (бір жерден екінші жердің айырмашылығы).
3.Кеңістік қатынас – нысаналардың өзара қарым-қатынасы және сол арқылы бір-біріне өзара әсері.
4.Кеңістік байланысы (горизонталдық) – адамдардың, заттардың , энергияның, ақпараттың, капиталдың ағымы арқылы кеңістікті игерілген қатынас.
5.Аумақтық жүйелеу - өндірістік байланыстар арқылы біріккен бір-біріне ұқсас және байланыстың интенсивтік пен әртүрлілігі арқылы ерекшеленетін нысаналар тобы.
6.Аумақтық кешендер – белгілі бір аумақта вертикалдық байланыс арқылы біріккен әртүрлі нысаналардың өзара қарым қатынасы.
7.Аумақтық құрылым - өндірістік кешендер мен жүйелердің бөлшектену түрлері және өзара қатынасы.
8.Кеңістегі үрдістер – жер бетінде горизонталдық даму сипаты бойынша тұрақты өзгерістер.
9.Кеңістік морфологиясы – жекелеген нысаналардың, жүйелердің және кешендердің сыртқы және ішкі конфигурациясы мен формалары.
10.Аумақтық басқару – аумақтық ұйымдастыруға әртүрлі аспектіде (бағытта) әрекет жасау арқылы жасалатын біртұтас шаралар.
Шаруашылықтың аумақтық құрылымы ШАҚ-ы бір-бірімен ажырамайтын үш формадан тұрады:
1.Өндірістік – интегралдық – құрылым - әр елдің өзара байланыста және қатынаста болу арқылы қарым-қатынастағы бір бөлігін айтамыз (зона,аудан, аймақ).
2.Салалық-аумақтық құрылым – негізгі өнеркәсіп және ғылым потенциалы, экономиканың негізгі салаларының құралуы мен орналасуы.
3.Желілік, торлық-торабтық құрылым - өндірістік инфрақұрылым және олар халықтың орналасуымен байланысы.