Н.Н.Баранский және Н.Н.Колосовскийдің экономикалық география ғылымының негізгі бағыттарын құрушылар. Кеңестік экономикалық географияның негізін салған Н.Н.Баранский (1881-1963) және Н.Н.Колосовский (1891-1954).
Н.Н.Баранскийдің оқулығы «КСРО-ның экономикалық географиясы. Мемлекеттік жоспарлау комитетінің обылыстары бойынша шолу» 1926 жылы баспада шықты. Экономикалық географияның кітабы ГОЭЛРО жоспарының идеялары, концепциялары көрсетілген. Олар: экономикалық аудандастыру және аудандық энергиялық кешендер құру. Бұл кітапта Н.Н.Баранский Ресей мен КСРО-дағы қоғамдық аумақтық еңбек бөлінісінің тарихи дамуы, экономикалық аудан жүйелерінің қалыптасуы, көліктік байланыстар арқылы өзара байланысы заңдылықтарын ашты. Ол Деннің шаруашылықтың жекеленген салаларын сипаттаумен шектелуіне қарсы болды.
Н.Н.Баранский халық шаруашылығы салаларының орналасуын, аудандардың табиғат, еңбек ресурстары, материалдық-техникалық ресурстарымен және өзара байланыстары арқылы сараптауды ұсынды.
Н.Н.Баранскийдің аудандық бағыты географиялық тұрғыда аумақтық, тарихтық, кешендік принциптерге және ішкіаудан аралық пен халықаралық көліктік байланыстарға негізделеді.
Н.Н.Баранский экономикалық географияның, географиялық негізін сала отырып, оның тарихпен, экономикамен, техникамен және физикалық географиямен тығыз байланыста екенін дәлелдеді.
Ол «аумақтық (географиялық) қоғамдық еңбек бөлінісі» туралы терең зерттеулер жүргізіп «Географиялық еңбек бөлінісі- экономикалық географияның негізгі түсінігі» деп тұжырымдады.
Н.Н.Баранский АҚШ, КСРО-ның экономикалық аудандарын зерттеуге көп көңіл бөлді, салыстырмалық пен картографиялық әлістерді кең пайдаланды. Экономикалық аудандарды анықтағанда, «көлік жүйесі мен қала» ауданның іргесі, негізі болады деп есептеді.
Н.Н.Колосовский (1891-1954) Н.Н.Баранскийдің идеяларын әріқарай дамытты. Экономикалық аудандастырудың теориялық негізін жасады «Экономикалық аудандастыру - жалпы экономикалық-географиялық және көліктік жағдайы, табиғат пен энергетикалық және шикізаттық аумақтық ара қатынасы жағдайы,
елдің аумақтарына өндірістің таралуы (орналасуы) арқылы мамандаған бөліктердің пайда болуы» деп анықтама береді.
Н.Н.Колосовский аумақтық-өндірістік кешен теориясын негіздеп, өндіріс күштерін тиімді орналастыруын негізгі ретінде ұсынды. Н.Н.Баранский және Н.Н.Колосовский мектебі өндіріс күштерінің аумақтық жүйелерінің (мемлекет, экономикалық аудандар, өнеркәсіп аудандары, өнеркәсіп тораптары, ауыл шаруашылығы аудандары, халықтың орналасу жүйелері, қалалар, көлік тораптары мен жүйелері, қызмет ету салаларының (инфрақұрылым аумақтық жүйелері бойынша) құрылуын, дамуын, орналасуын, аумақтық ұйымдастырылуын, болашағын зерттейтін әдіснамалық негіздерін жасады. Аумақты, әлеуметтік, экономикалық жүйелерді зерттегенде, олардың табиғат жағдайы мен ресурстарымен өзара байланыстырып қарады және оларды өндірістің табиғаттық базасы деп қарады.
Н.Н.Баранскийдің , Н.Н.Колосовскийдің еңбектері олардың оқушысы Ю.Г.Саушкиннің еңбектерінде берілген.
Сұрақтар:
1.Н.Н:Баранский және Н.Н.Колосовский экономикалық-географиялық мектебі немен сипатталады?
2.Н.Н.Баранскийдің география ғылымына жасаған еңбегі.
3.Н.Н.Колосовскийдің география ғылымына жасаған еңбегі.
4.Н.Н.Баранский және Н.Н.Колосовскийдің экономикалық география ғылымына жасаған еңбектерінің жалғасы қандай деңгейде?