Себу тәсілі мен мөлшері: Қонақ жүгерінің өнімділігі әрбір өсімдіктің жеке түсімінен және өсіру жағдайына байланысты болады. Сондықтан, белгілі көлемдегі өсімдіктермен саны мен олардың орналасу тәсілін дұрыс анықтаудың іс-саналық маңызы зор. Сол себепті дақылдың қолайлы тәсілі мен оңтайлы мөлшерін анықтау өнімділік қалыптастырудың басты факторлары болып есептеледі.
Егістікті күтіп-баптау: Сепкеннен кейінгі тырмалау, қатараралықты өңдеу, өсімдікті арамшөптер, аурулар мен зиянкестерден химиялық жолмен қорғау. Қонақ жүгері танаптарында кешенді тырмалау. Осы шараның әсерінен танаптағы 65-70пайыз арамшөптерді құртуға мүмкіндік туады.
Дақылдың вегетация кезеңінде КРН-4,2 культиваторымен 3 рет қатараралық өңделеді: Бірінші 7-8 жапырақ пайда болғанда 8-10 см тереңдікке, екінші- одан кейін 7-10 күннен соң, 6-8 см тереңдікке, ал үшінші-түтіктену сатысының алдында 4-6 см тереңдікте жүргізіледі.
Суару: Қазақстанның оңтүстігінде қонақ жүгері танабын 3-4 рет суарады. Бірінші суғару өсімдіктің қарқынды өсу кезеңінде екінші-түтіктену кезеңінде минералдық тыңайтқыпен үстеп қоректендірумен бірге, үшінші- шашақтану кезеңінде, ал төртінші-дән толысу кезеңі.
Арамшөптермен, аурулар және зиянкестермен күресу үшін рұқсат етілген химиялық препараттарды толықтырады.
Өнімді жинау: Биік бойлы қонақ жүгері сорттарын тұқымға СМ-2,5 комбайнымен алдымен шашағы кесіліп, бастырылады, ал содан кейін сүрлем жинаушы комбайнымен- малазықтық массасы жиналады.
Достарыңызбен бөлісу: |