Дәріс 1 Микроэкономика пәні және әдістері



бет44/79
Дата18.04.2022
өлшемі1,29 Mb.
#139740
түріСабақ
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   79
Байланысты:
Дәріс (4)
Жеңіл өнеркәсіп бұйымдары бөлшектерін бастапқы өңдеу, 2 ТАПСЫРМА, ТКШИ 18-11 Ахметова Индира ТИЛП 5 СӨЖ8, РК сұрақтары, РК сұрақтары, ICT IWS, Жоғары мектеп оқытушысының кәсіби құзыреттілігі, ТАРИХ ЕМТИХАН, 1362536, Санитарно-гигиенические требования при производстве молока, 4 ДӘРІС, АБАЙ ФИЛОСОФИЯСЫНДАҒЫ АДАМ  МӘСЕЛЕСІ, Nurgalieva, c184e15b-1d83-4be1-aad2-48d5aabf3b71
Жабық монополия. Ол бәсекелестіктен заңды шектеулер көмегімен қорғалған.

  • Табиғи монополия. Белгілі бір көлемдегі өнімді бір фирмада өндіру оны екі немесе одан да көп фирмаларда өндіргеннен арзанға түсетін өндіріс саласы.

  • Ашық монополия. Берілген тауарды тек қана бір фирма болып және оның бәсекелестіктен ешқандай арнайы қорғанышы жоқ болатын жағдай.




    1. Монополистің өнім шығарушы ретінде бәсекелес фирма сияқты өндіріс мақсаты - пайданы ең жоғары деңгейге жеткізу болып табылады. Монополист жалғыз өндіруші болғандықтан, нарықтық жағдайды толығымен бақылып , өз шешімі бойынша тауардың нарықтық бағасын белгілей алады. Монополистің сұраныс қисығының бұрыштық коэффициенті теріс сан болады. Сондықтан да, монополист төменгі бағаны белгілей отырып, өнімнің мөлшерін нарықта арттыруы мүмкін. Монополист тауар бірлігінің бәріне бір баға белгілейтін болғандықтан, тауардың бағасы монополистің орташа түсімін көрсетеді. Демек, монополиялық фирманың сұраныс қисығы орташа түсімінің де қисығы боп табылады. Өнім бірлігінің бағасы монополиялық жағдайда өзгермелі шама болады және өндіріс көлемінің функциясын көрсетеді:

    P= P(Q)
    Монополистің өндірушінің пайдасы төмендегідей формуламен анықталады:


    Π = TR – TC= p (Q)xQ – TC (Q) (1)

    Енді пайданы барынша көбейту шартын анықтаймыз:




    dπ dTR dTC
    dQ = dQ dQ = MR – MC = 0 (1)

    немесе MR= MC.


    Бұдан монополистің пайдасы өндірістің шекті шығындары (MC) шекті түсімге (MR) тең болғанда ғана ең көп болатынын көреміз.
    Өндірушінің жалпы түсімі TR= P(Q) · Q формуласы бойынша, анықталатынын біле отырып, шекті түсімді есептеп шығарамыз:


    (3)

    Сұраныстың бағалық икемділігі былай анықталатыны белгілі:




    dQ P 1 dP Q
    E = • немесе = • (4)
    dP Q E dQ P

    және оны (3) формулаға қойып, есептеу арқылы шекті түсімді табамыз.


    Бұдан, пайданы мейлінше көбейту шартын мына түрде көрсетуімізге болады:



    Жалпы жағдайда сұраныстың икемділік коэффициенті Е< 0, демек монополиялық нарықта тауардың бағасы өндірістің шекті шығынына қарағанда жоғары болады, яғни Р>МС. Монополиялық нарықта Р=МС теңдігі Е=0 болғанда ғана орын алады, ал басқа жағдайларда Р>МС . Бұл монополистің белгілейтін бағасы шекті шығыннан сұраныс икемділігіне кері пропорционал шамаға артық болатынын көрсетеді. Шекті түсімнің формуласынан, монополист өндірушінің жалпы табысы тауардың бағасы мен сұраныс икемділігіне байланысты екенін көрдік. Осы байланысты талдау үшін, сұраныс икемділігі өзгеруіне сәйкес жалпы табыстың қалай өзгеретінін сипаттайтын кесте құрамыз:


    1 кесте

    Сұраныс икемділігі, Е

    Шекті түсім, MR

    Жалпы түсім, TR

    • Икемді сұраныс

    -∞<Е<-1

    • Сұраныстың бірлік икемділігі Е= -1

    • Икемсіз сұраныс -1<Е<0

    MR >0


    MR=0
    MR<0

    TR өседі


    TR ең жоғары деңгейге жетеді
    TR төмендейді

    Осы кестенің берілгенін пайдаланып сұраныс, шекті түсім, жалпы түсім және сұраныс икемділігі арасындағы қатынастарды көрсететін график тұрғыза аламыз.






    Р MR =0

    Q


    TR MR >0 MR<0
    TRmax

    2-сурет. TR, MR, AR, E арасындағы байланыс


    8.2-суреттен көрініп тұрғандай, егер монополистің сұраныс қисығы түзу формада болса, онда шекті түсім қисығы көлденең осьте сұраныс қисығының жартысын қиып өтеді. Бұл ереже сұраныс қисығы түзуден өзге формада болатын жағдайда қолданылмайды. Ешқандай өндіріс шығынсыз болмайтынын белгілі. Демек, монополистің шекті шығындары көлемі үшін МС>0 болады.

    Монополист барынша көп пайдаға МС= MR болғанда жететін болғандықтан, өндіріс көлемі ұтымды болу үшін, ол кез келген өнім көлеміне сәйкес болатын шекті түсім оң сан болатын жағдайды көздейді, яғни
    1
    MR >0 немесе Р 1+ ЕР >0

    Егер өнімге деген сұраныс икемді болса, шекті табыс оң болады, яғни -∞<Е<-1.


    Монополистің өніміне деген сұраныс икемсіз, болған жағдайда, MR = МС теңдігі кез келген өндіріс көлеміне қатысты болмайды. Алынған нәтиже маңызды қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Монополист өндіруші өнім шығару және оны сату көлемін өзінің өніміне сұраныс икемді болғанда ғана кеңейте түседі.
    Енді, монополистің ұтымды өндіріс көлеміне қатысты шешімін анықтаймыз. Тапсырманың берілуінде екі белгісіз шама – баға мен өнім көлемі бар екенін ескеруіміз керек. Осы себептен пайданы барынша көбейту есебінің шешуі 2 кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде, шығарылатын өнімнің ұтымды көлемі (Qm), ал екінші кезеңде тауардың монополиялық нарық бағасы (Pm) анықталады. Берілген есептің графиктік шешімін көрсетеміз.
    Пайданы барынша көбейту шартын пайдалана отырып,MR= МС болғанда шығарылатын ұтымды өнімнің санын анықтаймыз. Суретте ол Qm көлеміне сәйкес келеді. Екінші кезеңде монополиялық нарық бағасы анықталады. Ол үшін өндіріс көлемі мен (Qm) сұраныс қисығының AR қиылысу нүктесін тапса болғаны. 3-суретте нарықтың монополиялық бағасы Pm әрпімен көрсетілген.


    Р МС


    Р1


    Pm


    Р2

    AR
    MR


    Q1 Qm Q2 Q
    3-сурет. Монополистің пайдасын барынша көбейтуі.
    Бағаның Pm нүктесінен кез келген ауытқуы монополистің пайдасын көбейтпейді. Мысалы, егер монополист бағаны Р1 деңгейінде белгілесе, онда берілген баға мен Q1 көлемі үшін шекті түсім шекті шығындардан жоғары болады. Демек, өнім шығаруды көбейтсе, онда жалпы пайда да көбейеді. Өнім шығару деңгейі Q2 болса, шекті түсім шекті шығындардан аз болады. Сондықтан да, бұл жағдайда өнім шығаруды қысқарту арқылы ғана жалпы пайданы көбейтуге болады.
    Монополиялық өндіруші әрдайым экономикалық пайда ала бермейді. Экономикалық пайда табу мүмкіндігі сұраныс қисығы мен орташа жалпы шығын қисығының бір-біріне қатысты қалай орналасқанына байланысты болады. 4, 5 және 6-суретте пайда алушы, зиян шешуші және пайдасы нольге тең фирмалардың жағдайы бейнеленген:


    P

    MC
    Pm


    ACm AC


    MR
    Q
    4-сурет. Экономикалық пайда алу.




    P MC

    AC
    ACm


    Pm


    AR
    MR



    Q
    5-сурет. Фирма экономикалық зиян шегеді.
    Р МС
    АС
    ACm

    Pm


    AR

    MR
    Q


    6- сурет. Фирманың пайдасы нольге тең.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   79




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет