Дәріс 1 Микроэкономика пәні және әдістері


Дәріс 15. Қоғамдық игіліктер



бет75/79
Дата18.04.2022
өлшемі1,29 Mb.
#139740
түріСабақ
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   79
Байланысты:
Дәріс (4)
Жеңіл өнеркәсіп бұйымдары бөлшектерін бастапқы өңдеу, 2 ТАПСЫРМА, ТКШИ 18-11 Ахметова Индира ТИЛП 5 СӨЖ8, РК сұрақтары, РК сұрақтары, ICT IWS, Жоғары мектеп оқытушысының кәсіби құзыреттілігі, ТАРИХ ЕМТИХАН, 1362536, Санитарно-гигиенические требования при производстве молока, 4 ДӘРІС, АБАЙ ФИЛОСОФИЯСЫНДАҒЫ АДАМ  МӘСЕЛЕСІ, Nurgalieva, c184e15b-1d83-4be1-aad2-48d5aabf3b71
Дәріс 15. Қоғамдық игіліктер.
Дәріс жоспары:

  1. Қоғамдық игіліктер

  2. Билетсіздер принципі

  3. Нарық фиаскосы

  4. Сыртқы оң және теріс әсерлер.

  5. Коуз теоремасы.

  6. Қоршаған ортаның ластануымен күресу.



Дәріс тезисі
1. Бәсеке жағдайындағы өндірілген игіліктерді бір тұтынушы тұтынған кезде басқа бір тұтынушы тұтына алмайды. Мұндай игіліктерді жеке игілік деп атайды. Алайда қоғамда индивид жеке игіліктен басқа бір мезгілде басқа субъектілер де тұтынатын игіліктерді пайдаланады. Бұл қоғамдық игіліктер деп аталады. Қоғамдық игіліктердің екі сипаттамасы бар:
1) қоғамдық игілікті бір адамның тұтынуы оны басқа тұлғалардың да тұтынуына жол береді. (қоғамдық игіліктің бәсекесіздігі). Мәселен, көше жарықтандырылса, оны барлық тұрғындар бірдей қолдана алады.
2) қоғамдық игілікті қолдануға ешкімге тыйым салынбайды. Көшені жарықтандыру үшін қосымша шығындар қажет. Ал бұл шығындар салықтар есебінен қаржыланады. Қоғамдық игілікті салық төлеп тұратындар да, салықты төлеуден бас тартатындар да бірдей тұтына алады. Бұл жерде оң әсер орын алады. Барлық қоғамдық игіліктер таза және аралас қоғамдық игіліктер болып бөлінеді. Таза қоғамдық игіліктерге ұлттық қорғаныс, мемлекеттік басқару, қоғамдық тәртіпті сақтау, көшені жарықтандыру, радиостанция жұмыстары т.б. жатады.
Қоғамдық игіліктердің кейбіреулері жеке игілікке айналуы мүмкін. Мысалы, телестанция немесе кабельдік теледидар, білім алу, денсаулық сақтау т.с.с. Қоғамдық игіліктер бәсекесіз болып табылады, өйткені қосымша тұтынушы үшін шекті шығын нольге тең. Таза қоғамдық игілікті таза жеке игілікпен салыстыруға болады.
Таза жеке игілік- бұл игіліктің әр бірлігі жекелеген ақыға сатылуы мүмкін игілік. Ал таза қоғамдық игілік бөлініп сатылмайды.
2. Қоғамдық игіліктерге деген сұраныс пен оның ұсынысын анықтауда мәселе туындайды. Қоғамдық игілікке деген әр адамның қажеттілігі әртүрлі. Нарықта бұл қажеттіліктер анықталмайтындықтан әлеуметтік сауалнама жүргізу қажет. Қоғамдық игілікті өндіру шығындары салық есебінен қаржыландырылатындықтан тұтынушылар сауалнамада шындықты көрсетпеуі мүмкін. Ал шын жауап беретіндер және салықты төлеп тұратындар қоғамдық игілікті пайдалана алатындықтан оны басқа тұтынушылар да тұтынады. Осыдан билетсіздер проблемасы туындайды. Билетсіздер проблемасы тұтынушылардың үлкен топтарында орын алады, себебі мұндай топтарда төлемшілер туралы ақпаратты алу қиындау болады.
Таза қоғамдық игіліктің қисығы да теріс көлбеулі болады және ол игіліктің әр бірлігінің шекті пайдалылығын көрсетеді. Мысал қарастыралық. 5 тұтынушы бір ауданда тұрады делік. Олардың бәрі де жұмыстан өте кеш қайтады, үйге қайтатын көшесі қараңғы. Көшеге жарық орнатуға болады. Әр шамды орнату 200 руб. тұрады. Әр тұтынушы үшін әр шамның шекті пайдалылықтары төмендегі кестеде берілген:

шам
тұтынушылар

Бірінші

Екінші

Үшінші

Төртінші

I
II
III
IV
V
сапасы

100
80
50
40
30
300

90
70
40
30
20
250

80
60
30
20
10
200

70
50
20
10
0
140

Байқап отырғанымыздай, үшінші шамды орнатқан кезде шекті шығын шекті табысқа тең (200). Бұл кезде I тұтынушы 240 руб. (80*3), II тұтынушы 180 руб. (60*3), III тұтынушы 90 руб. (3*30), IV тұтынушы 60 руб. (20*3), V тұтынушы 30 руб. (10*3) төлеуі керек.


Әр тұтынушының салымынан алынатын шекті пайдалылық оның шекті шығындарына тең. Егер тұтынушылардың бірі өзінің пайдалылығын төмендетуді шешсе, ақырғы нәтиже төмендейді және қоғамдық пайдалылық азаяды. Қажетті қоғамдық игіліктер көлемін анықтаудың жоғарыдағы тәсілі тек шағын тұтынушылар арасында ғана қолданылуы мүмкін. Ал жалпыұлттық игіліктер туралы әңгіме қозғалғанда шешім қабылдау ролін мемлекет алады. Мемлекет қоғамдық тауарларды өндіру туралы шешімді азаматтардың талғамдарын анықтаудың негізінде қабылдайды. Бұл дауысқа салу жолымен жүргізіледі. Шешім қабылдау ықтималдығы өзара қолдау көрсету туралы әр түрлі топтардың келісімге келуі нәтижесінде артады. Мұны логроллинг деп атайды. Басым дауысқа ие болған шешім қабылданғанымен мемлекеттің экономикалық шешім қабылдау қызметі ресурстарды тиімді қолданудың кепілі бола алмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет