Дәріс 1 Микроэкономика пәні және әдістері


Ұзақ уақыт мерзіміндегі монополиялық тепе-теңдік



бет45/79
Дата18.04.2022
өлшемі1,29 Mb.
#139740
түріСабақ
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   79
Байланысты:
Дәріс (4)

Ұзақ уақыт мерзіміндегі монополиялық тепе-теңдік

Нақты өмірде фирма басқарушылары өз фирмаларының орташа және шекті түсім қисықтары туралы шектеулі ақпараттар алып отырады. Соған қарамастан, олар MR= МС болғандағы өнім шығару көлемі мен бағаға қатысты шешім қабылдаулары тиіс. Монополиялық бағаны анықтау барысында осы шартты пайдалану практикада жеңілдету үшін, «Бас бармақ» ережесін қолданады. Бұл ереженің негізгі: шекті шығындарға белгілі мөлшерде үстеме баға қосу арқылы тауардың бағасын анықтау болып табылады және төмендегідей тәсілмен есептеледі:
МС
Р =
1+ 1 / Е
Жетілген бәсекелестік моделін, қарастырғанда біз осы нарықтағы фирмалар саны уақыт ағымында өзгермесе, онда осы салада ұзақ мерзімді кезеңде тепе-теңдік орнығады деп анықтадық. Бұл жағдайға жетудің басты шарты, осы нарықта жұмыс істейтін фирмалардың оң экономикалық пайдасының болмауы.
Ұзақ мерзімді кезеңде монополиялық тепе-теңдікті зерттеу, келесі сұрақтардың мазмұнын түсінумен тығыз байланысты:

  1. Қандай жағдайларда жалғыз өндіруші ұзақ уақыт кезеңінде өзінің нарықтағы монополиялық, билігін сақтай алады;

  2. Егер салада ұзақ мерзімді кезеңде тепе–теңдікті орнаса, онда монополист бірнеше зауыттар салу арқылы өндіріс ауқымын кеңейтуге қандай обьективті күштер итермелейді.

Ұзақ мерзімді монополиялық тепе–теңдікке жетудің негізгі шарты жеке өнім өндірушінің оң экономикалық пайда табуға мүмкіндігі болуы. Тек осы жағдайда ғана өнім өндіруші өз нарығын басқа өндірушілердің еркін ағынынан қорғай алады. Экономикалық пайда алу мүмкіндігі өндірістің орташа шығындарымен монополиялық бағаның арақатынастарына байланысты. Тауардың бағасы монополистің ұзақ мерзімдегі орташа шығындарынан жоғары болған жағдайда ғана, өндіруші оң экономикалық пайда алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет