Бір зауытпен жұмыс істейтін монополия. Монополистің алдында ұзақ мерзімді кезеңде өнім шығару көлемін арттыру мақсаты түр делік. Бұл мақсатты, ол екі жолмен шеше алады. Біріншісі, зауыттың өндіру қуатын кеңейту, ал екінші жолы – екінші, үшінші т.б зауыттарды салу. Бір зауытпен жұмыс істейтін монополстің іс-әрекетімен кеңірек танысайық. Ұзақ мерзімде монополист өндіретін өнімінің ұтымды санын ұзақ мерзімдегі шекті шығынның шекті түсімге тең болған жағдайында анықтайды:
LRMC =MR
Өнім шығару көлемін ұлғайтумен ұзақ мерзімді орташа шығындардың азаюы қатар жүріп отырған жағдайда монополист тек қана бір зауытта өнім өндіреді, төменде 7-суретте дәл осы жағдай көрсетілген.
Өндіріс шығындары LRACmin қарағанда жоғары болып тұрғанда, монополист өндіріс ауқымын тиімділігін дұрыс пайдалана алмайды, демек оған 2-зауытты салудың керегі де жоқ. Басқаша айтқанда, LRMC< LRAC болғанша монополист бір зауытпен жұмыс жасайды.
P
Pmin MC AC LRMC
LRAC
LRACmin
D
MR
Qm Q
7-сурет. Бір зауытпен жұмыс істеп тұрған монополист
Егер, одан өнім шығару орташа шығындардың өсуіне әкеліп соқтырса, онда монополистке бір ғана зауытты пайдалану тиімсіз болады. Бұндай жағдайларда монополист көбінесе екінші зауыт салу туралы шешім қабылдайды. Бұл 8-суретте көрсетілген. Монополистің ұтымды көрсеткіштері Qm , Pm нүктелерімен сипатталады.
Суретте көрсетілгендей, егер де монополист өнімді Q* көлемде шығарса, онда өндірістің орташа шығындары ең аз болатындығы белгілі. Мұндай жағдайда өнім көлемін ұлғайту үшін өндіріс қуаты Q* болатын 2-зауыт салу тиімді болар еді.
Р
LRMC
LRAC
Pm
Pmin D=АR
LRACmin
MR
Q* Qm 2Q Q
8- сурет. Бірнеше зауытпен жұмыс істеп тұрған монополия.
Нәтижесінде, өндіріс көлемі айтарлықтай өседі, бірақ өндірістің орташа шығындары LRACmin деңгейінде болады. Жалпы жағдайда монополист өндірісте (MR) шекті түсім LRACmin –ға тең болған жағдайға сәйкес келетін өнім көлемін шығарады және бұл кезде бірнеше зауытта өнім өндіреді. Сонымен қатар осы зауыттардың әрқайсысында шығарылатын өнім көлемі LRACmin –ға сәйкес келуі керек, басқаша айтқанда Q*-ге бөлінетіндей шама болу керек. Монополист өндірісті, зауыттардың әрқайсысында өнім шығару кезінде шекті шығындары шекті түсіміне тең болатындай етіп орналастырады:
LRACmin= LRMC =MR.
1. Нарықтық құрылым түрі (тұрпаты) ретінде монополияның мәнін ашыңыз.
Монополияның қандай түрлері сізге белгілі? Монополиялық билік көздері қандай?
2. Қысқа мерзімді кезеңде монополист пайдасының өсу шарты қандай?
3. Ұзақ мерзімді кезеңдегі монополистің тепе-теңдігін сипаттаңыз.
4. Монополияның қоғамдық шығындары деген не?
5. Монополиялық билікті анықтау үшін қандай көрсеткіштер қолданады?
6. Монополия қызметін реттеу мақсатымен мемлекет қандай шараларды қолданады?
Достарыңызбен бөлісу: |