Дәріс 1 Микроэкономика пәні және әдістері



бет54/79
Дата18.04.2022
өлшемі1,29 Mb.
#139740
түріСабақ
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   79
Байланысты:
Дәріс (4)

Дәріс 11. Еңбек нарығы
1. Өндіріс факторларына сұраныс: қалыптасу ерекшеліктері, көрсеткіштері.
2.Еңбек нарығындағы жетілген бәсеке моделі.
3.Еңбек нарығындағы монопсония
4.Еңбек нарығындағы кәсіподақтардың рөлі.


1.Өндіріс факторларына сұраныс: қалыптасу ерекшеліктері, көрсеткіштері.
Өндіріс факторларына сұраныс тауарлар сұранысынан туындайды, себебі белгілі бір игілікке сұраныс жоғарыласа, онда оның өндірісінде қолданылатын факторларға да сұраныс жоғарылайды. Сондықтан өндіріс факторларының бағасы мен оларға сұраныс осы факторлардың нарығы мен тауарлар нарығының құрылымына байланысты болады.
Еңбек нарығы өндіріс факторларының нарығына жатады. Нарықтық экономикада өндіріс факторларын осы факторларды иеленушілер, яғни үй шаруашылықтары ұсынып отырады. Көпшілік отбасы табыстарының басты көзі – еңбек. Жеке тұлға өзінің еңбегі үшін еңбекақы алады, яғни еңбекақы – жалдамалы жұмысшы еңбегінің бағасы болады.
Фирма еңбек үшін қандай шамада жалдауы керек туралы шешім қабылдағанда, пайданы мейлінше арттыруға қажетті шарт MR(Q)=MC(Q) төмендегідей түрде модификацияланады.
=
Теңдеудің сол жағы – қосымша бір жұмысшыны жалдағаннан түсетін қосымша түсімді көрсетеді және еңбектің шекті түсімділігі деп аталады. Теңдеудің оң жағы қосымша бір жұмысшыны жалдағанда фирманың жалпы шығындары қандай шамаға өсетінін көрсетеді және еңбектің шекті шығындары деп аталады. TR(Q(L))=P(Q(L)).Q(L) болғандықтан еңбектің шекті түсімділігін былай жазуға болады.
MRPL=P
Бұдан еңбектің шекті түсімділігі еңбектің шекті өнімділігі мен еңбектің шекті түсімінің көбейтіндісіне тең болады. TC(Q(L))=w(L)L болғандықтан MCL=w+drL\dL болады. Сонымен еңбекті пайдалану шамасы көбейген сайын оның бағасы жоғарылайды. Егер қосымша еңбек күшін жалдау оның бағасының төмендеуімен ілесіп жүрсе, онда еңбектің шекті шығындары оның бағасынан төмен болады. Еңбектің бағасы тұрақты болғанда, оның шекті шығындары осы бағаға теңболады. MRPL мен MCL шамаларының мәндері фирманың еңбек және игіліктер нарығындағы статусына байланысты болады. Оны келесі кестеден көреміз

Фирманың нарықтағы статусы

Пайданы мейлінше арттыру шарты

Игілік нарығында

Еңбек нарығында

Жетілген бәсекелес

Жетілген бәсекелес

P∙MPL=w

Монополист

Жетілген бәсекелес

MR∙MPL=w

Жетілген бәсекелес

Монопсония

P∙MPL=MCL

Монополист

Монопсония

MR∙ MPL=MCL





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет