Дәріс тақырыбы 12. Капитал нарығы және жер нарығы.
Капитал нышандары: негізгі және айналым капиталы.
Капиталдан түсетін табыс және оның экономикалық табиғаты.
Жердің өндірістік фактор ретіндегі ерекшеліктері
Жер рентасы
1. Капитал басқа тауарлар мен қызметтерді өндіру үшін ұзақ мерзімде қолданылатын адамдар құрған игілік болып табылады. Капитал айналым капиталы және негізгі капитал болып бөлінеді. Кей капитал өндіріс процесінде ұзақ пайдаланады, кейбіреуі бір рет қана қатысады.
Негізгі капитал өндіріс процесінде бірнеше өндірістік цикл бойы қатысып өзінің құнын өндіретін тауарға бірте-бірте береді. Негізгі капиталдың әрбір элементінің заңды түрде белгіленген қолдану мерзімі болады. Кәсіпкерлер өндіретін өнімдерге берілетін құнды амортизациялық аударым ретінде жинақтайды.