Дәріс 1 Микроэкономика пәні және әдістері


Жедел амортизация саясаты



бет64/79
Дата18.04.2022
өлшемі1,29 Mb.
#139740
түріСабақ
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   79
Байланысты:
Дәріс (4)
Жеңіл өнеркәсіп бұйымдары бөлшектерін бастапқы өңдеу, 2 ТАПСЫРМА, ТКШИ 18-11 Ахметова Индира ТИЛП 5 СӨЖ8, РК сұрақтары, РК сұрақтары, ICT IWS, Жоғары мектеп оқытушысының кәсіби құзыреттілігі, ТАРИХ ЕМТИХАН, 1362536, Санитарно-гигиенические требования при производстве молока, 4 ДӘРІС, АБАЙ ФИЛОСОФИЯСЫНДАҒЫ АДАМ  МӘСЕЛЕСІ, Nurgalieva, c184e15b-1d83-4be1-aad2-48d5aabf3b71
Жедел амортизация саясаты – амортизация нормасын арттыру, пайдалану ұзақтығын қысқартуға байланысты. Ол моральдық тозудан босатын зиянды азайту. Бірінші жылы амортизациялық норманы 2 есе арттырып, қалған жылдары сызықтық амортизациялауды пайдалануы мүмкін.
Дигрессивті амортизациялау әдісі – бұл сызықтық амортизация нормасын жоғарғы коэффициенттерге көбейту. Дигрессивті амортизациялау жүргізу үшін өндіріс құралы жаңа әрі пайдалану ұзақтығы 3 жылдан кем болмау керек. Дигрессивті әдістің арттықшылығы кәсіпорынның аз салық төлеуіне жағдай жасайды (амортизациялық аударым салық төленетін табыстан алынады). Егер баланс теріс болса, табыс шығыннан артқанға дейін амортизация аударым төленбейді. Кез келген өндіріс факторы өзінің табысын әкеледі. Капитал әкелетін табыс – пайыз болып табылады. Пайыздық табыс – бизнеске салынған капитал. Пайыздық табыс көлемі пайыздық ставка арқылы анықталады. Пайыздық ставка қарыз алушының кредиторға ақшаны пайдаланушы үшін төлейтін бағасы. Егер банктік ставка 10%, ал инвестордың іске салудан түсетін жылдық табысы 5% болса, ол міндетті түрде банкке салады. Неге пайыз төленеді? Ол қазіргі игіліктің болашақтағы игілікке қарағанда бағалылығын көрсетеді. Мысалы, ресурсты қазір алып пайдалану қосымша табыс алуға мүмкіндік береді. Қазіргі игілік, адамның жетпейтін қажеттіліктерін қанағаттандырып, мүмкіншіліктер спектрін арттырады. Қарызға капитал алушы капитал пайызын төлеу шығыны мен капиталдың пайдалылығын салыстырады.

MRC – капиталдан бас тартудан (қазіргі күні) болатын шығын.
MRP – капиталдан келетін шекті пайдалылық.
5.8-сурет Капитал нарығындағы теңдестік
2. Кез келген инвестициялық жобаны жүзеге асыру шығын мен табыс арасындағы уақытты керек етеді. Қаржылық теорияда «болашақтағы ақша қазіргі ақшаға қарағанда арзан» деген ұғым бар. Бұл тек инфляцияға байланысты емес, қазір қолда бар ақшаны бизнеске салып, табыс алуға болады. Ал болашақтағы ақшада мұндай мүмкіндіктен айырыласың. Мысалы: а) қазіргі 10000 теңге 1 жылдан кейін қанша болатынын анықтайық.
Банктік ставка - 10%-ға тең.
х=10000+0,1*10000
х=11000 теңге
ә) Болашақтағы 10000, қазір қанша тұрады (банк ставка 10%)
х+0,1*х=10000
1,1х=10000
х=9090,9≈9 мың 91 теңге
1 жылдан кейін
2 жылдан кейін
3 жылдан кейін т.с.с.
немесе

- болашақтағы капитал құны
- ағымдағы капитал құны
- жыл саны
- болашақтағы құн коэффициенті
- пайыздық ставка
- бұл шарт орындалса, жоба тиімді болғаны,
- жоба тиімсіз болған,
- бұл жобадан пайда да, зиян да болмайды, яғни жоба нейтралды.
3. Жер – экономикалық ресурс және оның басты ерекшелігі – шектеулілігі, сондықтан жер ұсынысы шектеулі болады. Жер ұсынысына әсер ететін негізгі факторлар – оның құнарлылығы мен орналасу орны. Жер ұсынысының тұрақтылығы ұсыныс қисығының абсолютті икемсіз екенін көрсетеді.
Р

Q* Q (жердің ауданы)
Сурет 1. Жер ұсынысы.
Жерге сұраныс біркелкі болмайды, себебі оның құрамына ауыл шаруашылық және ауыл шаруашылық емес сұраныстар кіреді. Жерге сұраныс ауыл шаруашылық өнімдерінің сұранысынан туындайды. Ал ауыл шаруашылық емес сұранысқа: тұрғын үйлерді, инфрақұрылым объектілерін, өндіріс құрылыстарын салу үшін қажет болатын жерлерге сұраныс жатады.
3. Жер және оның қойнауындағы қазба байлықтарын, қозғалмайтын мүлікті пайдаланудан алынатын табысты алу және баға белгілеу қатынастарын- рента деп атайды.
Қысқаша мағынада экономикалық рента дегеніміз - кәсіпкерлік қызметке байланыссыз, қарызға берілген жерден, капиталдан, мүліктен тұрақты процент түрінде алынатын табыс.
Рента-пайда табу және өнімді пайдалану мүмкіндігі үшін арендатордың меншік иесіне төлейтін жер бағасы. Жерге оның табиғи ресурстарымен бірге ғпмараттар түрінде салынған қозғалмайтын мүлікке иелік ету, одан таза, яғни абсолютті рента алуға мүмкіндік береді, сонымен қатар арендалық төлем түрінде табыс алады. Арендалық төлем- тек қозғалмайтын мүлікті, яғни өндірістік үйлер, ғимараттарды пайдаланғаны үшін жасалатын төлемдердің ерікті формасы.
Өндіріс факторлары нарығында жер, оның ресурстары және қозғалмайтын мүлік тауар айналымы өрісінде өзіне ауыстырылатын балама жоқ ресурстар ретінде түседі. Экономикалық рента алып келу себебі: нарықта оларды ұсыну өте икемсіз.
Таза экономикалық рента нарықта Баға белгілеу кезіндегі негізгі шарттардың бірі- жерге, оның ресурстары мен қозғалмайтын мүлікті ұсынудың икемсіздігі салыстырмалы түрінде оларға деген нарықтық сұранымға байланысты.
Кәсіпкерлер үшін жерге және оған байланысты өндіріс ресурстарына сұраным олардан алынатын шекті өнімнің ақшалай көрінісіне тең болу керек.
Жерге деген сұранымның өзгеру шарттарының бірі- проценттің нарықтық мөлшері. Рентаны анықтау кезінде процент нормасын қолдану жер және оның байлықтарын дисконттау арқылы жүргізіледі. Болашақ табыстың көлемін рента түрінде есептеу, яғни дисконттау келесі түрде орындалады:
Р
ДР= -----------;
Ч
ДР- рентаның дисконтталған көлемі; Р- жылдық рента; Ч- % мөлшері.
Дисконттау арқылы дифференциалдық рента анықталады. Дифференциалдық рента дегеніміз- жердің құнарлығына, орналасуына және сол жерден алынатын пайдалы қазбалардың орналасуына, өндірілу мазмұнына қарай алынатын табыс.
Дифференциалдық рента 2-ге бөлінеді:
а) Дифференциалдық рента І - өте құнарлы және рынокқа жақын орналасқан жердегі учаскілерде құрылатын үстеме баға.
ә) Дифференциалдық рента ІІ- табиғи жағынан құнарсыз учаскілерге қосымша жұмсалатын капитал шығынының айырмашылығы.
Дифференциалдық рента өндірілген өнім бағасы мен оны өндіруге кеткен шығын арасындағы айырмашылыққа тең.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет